Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді кеттім-ау деп, қолын алды-артына қарманып, қалбақтап келе жатқанда, қасында серең-серең етіп аударылып түсіп, келмеске кетіп бара жатқан атын көрді. Ол қалың ағынның ортасында Бақтығұлдан екі-үш адымдай ғана жерде қанды судың құтқармайтын шеңгеліне ілініп, жұтылып бара жатты. Сол секундте өзі де ағып, енді құтылу жоқ шығар деп келе жатқанда, оң жақ бүйірі келіп бір үлкен тасқа тіреле түсті.

Бақтығұл сол тасқа жабысып құшақтай алды. Сонда ғана алдына көзі түсіп еді: ағын соңғы бір қағып жібергенінде жағаға әкеліп тастаған екен. Белуарынан су болып, сүйретіле судан шығып, артына қарады.

Бағана жабыла шапқан жау мұны судан өтер деген ойды ойламаса керек. Кезеңге шығып алып, Бақтығұл тұрған сайды жоғары өрлей шауыпты. Кәзірде бір шақырымдай жерде тас-тасқа серейіп шығысып, ор жақтан қарап жүр екен. Құла ат кете барды. Бақтығұл серік атын құрбан ғылып, жанын амандап, бұл жолғы жаудан құтылып кетті. Ат кеткенмен, қойнындағы алтыатар, мойнындағы мылтық керек десе су да болмастан аман қалыпты. Бердеңкесін ұстап отырып, белгілі жауын есіне алып: "Бәлем, осыныңды ұмытпа!.. " дегендей, Бақтығұлдың өзі құп-қу болып, көзіне қан толып кетті.

VIII

Арада біраз дәурен өтті. Бақтығұл бұл уақытта Талғар басынан кетіп, Шегетіден Бүрген, Талғарға қарай тау ішімен қатынасатын жолдың орта шенінде – елсізде жүр.

Бұл араға келгеніне үш-төрт күн болды. Түнде қарағайдың ығына паналайды. Сонда тірі жанның барлығынан жасырынып жүріп, ыстық істеп ішкен болады. Күн шығысымен Қараш-Қараштың шаттарында, қара жолдың айналасында қарауылда отырады. Әлденендей мақсатқа арнап, жол бойында қолайлы жерлер қарастырады.

Екі-үш күннен бері ана жерге бір отырып, мына жерге бір жатып, байқап-байқап келді де, аяғында бүгін таңертеңнен бері орта Қараштың шатынан шықпайтын болып бекінді.

Бұл уақытта Бақтығұлдың жүзі қан-солден айрылған, сұп-сұр. Анда-санда күрсінгенде, демді дірілдеп алады. Қолы да ұстаған нәрсесін сығымдап ұстап, қалтырай түседі.

Ішінде лепілдеп, алып-ұшып асыққан, асықтырған бір байлау бар. Сол орындалғанша шыдам таба алмай, сабыр тақатынан айырылып, тіршілік күнін өткізе алмаған сияқты. Іштен қайнап шыққан бір мықты толқын еріксіз тұқыртып, үлкен түйінге ой сезімін, бар қайратын түгел телміртіп, қадалтып қойған.

Қалың, ұзын қара мұрты көбік қарда түлкі басып отырған қаракер қыранның қанаты сияқтанып салбырап, аузын басып кеткен. Көзінде қанталаған қызыл бар. Сызданып қадалып, әлдеқандай от ойнағандай жарқ-жұрқ етеді. Шегетінің жайлауы – Асыға қарай телміріп, сазарып, кеп қарайды, күтеді...

Бүгінгі істемек істің ниеті Бақтығұлдың бұрыннан ойланған нәрсесі емес-ті. Жуандардың істеген арамдығы, қорлық-зорлығы шектен асты. Ауыр тиді. Пәлеге, жаманшылыққа өздері сүңгітіп жіберіп, аяғында сол жолда мұны құрбан қылып, өздері жақсы атты, таза кісі болып қалды. Ол бола берсін. Талай Бақтығұл сияқты жалғыз-жарым кедей-кепшіктің көріп жүрген қорлығы.

Оған қарсы қаншалықты кектеніп, зығыры қайнап, қаны тасып келсе де, шамасы жетпейтінін біліп, қашудан басқа айла таба алмағандай, діңкесі құрып қоюшы еді. Дүние асты-үстіне келіп аударылып түспесе, ақырзаман болмаса, бүгінгі мұның қарсысында тұрған мықтыға мұның қарғысы жетпейтін сияқтанатын. Шынында да: ең әуелі қалың Жаныс – мол тұтас іргелі ел. Бұл болса, жиырма-ақ үй Сары: қаңғырып жүрген кірме.

Сол қалың елдің ішінен шыққан бай, жуан болыс. Бер жағы ел болса, ар жағы – қаланың ұлығы. Одан есе дәме ғылу, теңдік сұрау қашқын атанған Бақтығұлға санасыздық сияқты.

Ойдағы арман, мұң, намыс күйігінің бәрі де бір тілсіз меңіреу тас қабырғаға тірелгендей болып, діңкесін құртады. Қашудан басқа, тағы болып тықылып, жан сауғалағаннан басқа, бетен ойды ойлай алмады.

Бірақ қуғын жиілеп, ізіне шөп салып, елсіз-күнсіз қу тасты да мекен еткізбейтін күйге жетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий