Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тірі жанға қастық кылуды былай қойып, енді адам баласы атаулыға келін болып, таудың аңы сияқты жалғыз жатып жүрген күнін де көп көретін болды. "Өлтірмей, жерге тықпай, тынбаймын" деген ниет көрінді.

Қуғыншы Талғардай жайынға әкеліп қамап, елімнің құшағына да айдап апарып тықты. Барлық қашқын болып жүрген күндерінде осы Талғардан әткен күннен бастап, Бақтығұл қаны бұзылғандай болып, қатты өзгеріп кетті.

Сол күні суда ағып келе жатқанда, "Біткен сағатым осы" деп ойлаған. Бірақ өлімнің құшағында болса да, сәті келіп қана аман қалды. Содан кейін "Қорыққаным сол ма? Ең қиын болғанда баратыным сол ғой, тәуекел, не де болса шыдадым!" деп бір нысанға мінді. Өзін өліп-тірілген кісідей көрді де: "Мына сияқты итшілеп жүрген тіршіліктен біздей кісіге өлсек те түк етпейді екен" деген күйді де бір ойлады. Сонда өлімге бекінген жанның артын-да калып бара жаткан суық, жау дүниеге, мейі-рімсіз тіршілікке барынша суынып, наразы болған кегі қайнады. Бар дүниеден куылып шыққан, қүла-зыған жалғыздық жүрегімен барлық басы аман, малы түгел, жаны рақаттағы болыс сияктыларға мың рет лағынет окып, қарғыс айтты. Соны айту-мен бірге, осы бүгінгі ниетке бекінді.

Қатубайды екі-үш күндей атқа мінгізіп, ойға жіберіп, болыс аулынан бірнеше хабарлар алды да, аяғында осы жерге келіп, жолтосқыш болып бекініп қалды.

Қараш-Қараш айналадағы қоршаған тасты тақыр биіктер, қарағайлы жүндес жоталар, шошақ төбелер-мен үш салаға бөлінеді: Бас Қараш, Орта Қараш, Аяқ Қараш. Осы үш сала мен маңайындағы биіктері, адырлары мен барлық еңірді "Қараш-Қараш" деп атайтын. Жаз ойдағы көп елдің кеші асатын үлкен қиын асудың бірі осы. Өзінде ала жаздай отырып, жайлайтын ел де көп.

Бүрген, Шалқар болыстарының бірталай ауылдары осында болатын. Кәзір де қоңыр күз мезгілі болғандықтан, елдің бәрі серпіліп ойға кеткен. Енді анда-санда жондағы Шегетіден ылдиға, қалаға қарай тете жол қуалап, қатынасқан бірен-саран салт атты жүр-гінші болмаса, көп ағылған ел жоқ.

Өзінің ойлаған ниетіне Бақтығұл орта Қарашты сайлаған соң, соның иір-иір тұмсықтарын, қиын қап-тал жолдарын, ат жасыратын ұры қойын, жалтарыс шаттарын, тоғайларын кезіп, аралап байқаған.

Келе жатқан жүргіншіге қоян қолтық кездестіріп, құшақтаса түсіргендей болып, артынан қуғыншы болса, қарасын тез жасырып әкететін Бақтығұлға оңай, жауға қиын, балта сабы иек артпа керек. Орта Қараштан сол табылды. Ол – Аяқ Қарашқа қарай асатын тасты, тақыр жотаның Орта Қарашқа қараған беті болды. Бақтығұл саспай, айнала қарап жүріп шықты. Оқып алғандай болды.

Жол бұл арада кең сайдың төргі биігін жағалап, қапталдап, жүргіншіні алыстан көрсетіп, оралтып әкеледі екен. Дәл ортаға көтерілерде Қараштың биік жартасынан ернеулеп жағалап барып, жотаға шығады. Ернеулеген жолдың дәл жиегінде тығыз боп өскен екі-үш түп сары ағаш бар. Оның аржағында, бір адым жерде терең күз, қиын қызылтас. Жанынан кешіп, ептеп түссе – көп көрген жаяу ғана түседі, ат маңына бара алмайды.

Құздың астында тоғай бар. Соны аралап Қараштың суы ағады. Сол жерге бір дараға атты бекітіп тастап, сары ағашта жаяу тықылып жатуға болады.

Осы араны әбден таңдап, нық бекініп алды да, Бақтығұл Асы жаққа тағы да қарауылдап, көз жіберіп алмақ болып, жаңағы көп жүргінші жүретін төменгі жолды тастап, тергі тауға таман жүрді.

Жоғарылап, көтеріліп барды да, ең басқы қаптал жолға түсіп, Орта Қараштың басын кесіп, Асы жақтағы шеткі биіктің иығына келіп шықты.

Күз аспаны кірлеп, мұнартып, алыстағы қарлы биіктердің басына сәлдедей бұлт оралып, томсарып, сұрланып тұр. Дүние иесіз-елсіз, жым-жырт. Оңтүстік жағында Сарымсақтының қарағайлы шоқысы үрпиіп тұр. Соның күнбатыс алдына таман, төмен жерде жаңағы өзі белгілеген ернеу жолы көрінді.

Жаңа байқады: ол алыстан кең жол болып, өзге жерден ерекше жырылып айқындалып, қып-қызыл болып жатады екен. Аққан қан орны сияқты: "ұқсасаң – ұқса... " деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий