Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов
-
Название:Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:42
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…
Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Ол бүгінгі Бақтығұл сияқты, екі жыл бұрын қашқын болып, басынан көп бейнет кешіріп жүріп, аяғында бір жылдай абақтыға жатып шыққан. Соның қашқын болып жүрген уақытында талай рет астына ат, үйіне сойыс сияқты қажетін Бақтығұл сұратпай-ақ атқарып, ерекше достық істеген. Кәрі бейнетқор "кезі келгенде өтермін" деп серт еткен. Жақында соған Бақтығұл барған соң, екі сөзге келмей, тығулы жатқан қаруларын көп оғымен шығарып берген.
Кеше соны алып, Талғар басында тау ішіндегі бір ауылға түнде келіп қонып, бүгін өзенді өрлеп, өзінің сенімді көретін бір жалғыз үйлі кедейінікіне таман келе жатыр еді.
Түнде қонып шыққан аулы бұған сенімді көрінбеді. Келген жерден көрсеткен қабағы болсын, түндегі үй ішінің жыбыр сөздері болсын – бәрі де бұдан жасырған бір сырдың барлығын сездірген. Соны байқаған соң, бір ұйықтап оянып, таң ата, ауыл тұрмай, атын ерттеп мініп алып, ешкімді оятпай жүріп кеткен.
Бұрын бұл ауыл Бақтығұлға жаны ашығандай, жылы жүзбен қарсы алатын болса, енді артынан жылан жүріп кеткендей суынып, сызданып, ішіне жаттық жиып қалыпты. Бір бұл ауыл емес, осы өңірдің талай аулы-ақ солай болуға айналған. Бақтығұлдың ішіндегі уды молайтуға бұ да бір себеп.
Жер дүниеден пана тапқызбай, әлемге жаманатты ғып көрсетіп, қайда барса да, жексұрын болсын деп, тор жайып отырған – Жарасбай. Қалың, биік таулардың арасында ит тұмсығы батпайтын қалың жыныс қарағайды аралап келіп, Қызылтастың тұмсығына ілінді. Етекте сайды басына көшіріп, асау Талғар тулап, ағып жатыр еді. Қызылтастың арғы астында ендігі жалғыз сенімді аулы – Қатубайдікі бар. Сонда барып шай ішіп, жан-жақтан естіген хабары болса біліп, әдет бойынша кеш батқанша тағы да тауға кетпекші еді.
Әуелі баспалап қарап, ауылдың сыртын байқады. Бөтен ат, бөгде кісі жоқ сияқты. Содан соң аяңдап келіп аттан түсіп, құланы белгілі екі есігі бар аласа қораның ішіне апарып байлап, үйге кірді. Бұл тауға қашып келгеннен бергі Бақтығұлдың кеп жататын, өз үйіндей көретін ең сенімді жатағы осы.
Қатубай үйінің барлық жаны төрт адам тегіс үйінде екен. Үйде қалған Бақтығұлдың шитісімен Қатубай бір елік атып алып келіп, соның жылы-жұмсағынан қатыны қуырдақ қуырып, шай қайнатып жатыр екен. Тыныш, еркін өмірдің жылы үйшігі қазанаспада маздаған оты, ыстық шайы, шыжылдап жатқан жайлы иісті қуырдағы Бақтығұлдың жалғызсы-рап тоңазыған көңлін бір мүйнетке болса да алаңдатып, жылытып жібергендей болды.
Қатубай – жасы елуге келген момын, адал кедей. Сақалына ақ араласқалы бес-он жыл болған. Кәзір де бурыл түсі момындыққа бейім, жылы шырайлы. Алғашқы алған әйелі 15 жыл бұрын өлген соң, осы екінші әйелді алған. Содан туған 12 жас пен 10 жаста екі еркек баласы бар. Бәйбішесі дөңгелек толық денелі, қызыл жүзді, жалпак сары әйел. Бет пішіні еркекше кесек; айрықша бауырмал, көңілшек, аңқаулау, адал, мінезі ашық, ажары бар кісі.
Балалары кедей, жүдеу үйдің ішінде өссе де, әке-шешелерінен момындық пен тазалықтың сүйкімді үлгісін алған жақсы балалар – Мақыш, Сатыш.
Бұл үй бұрын Бақтығұлмен айқас болған таныстығы мол үй емес. Қалың елдің шетінде иесіз ешкі-лағы, азын-аулақ қарасы мен қанағат қылатын да тұзақ пен тор құрып, ұсақ аң аулап, анда-санда ешкі, елік атып, аң етін азық қылатын.
Бақтығұл елден безіп, тау ішін кезіп жүріп, бір күн түнде далаға қонармын деп келе жатқанда, қараңғыда шыққан отын көріп, осы үйге келіп түскен-ді. Сонда да осы кәзіргі сағат сияқты жылы ұяның ажарын көрген.
Аралап, қонып жүрген елдің ішінде ең бір жайлы жылы үйдің іші осы сияқтанған соң, Бақтығұл сол түнде Қатубайға барлық бастан кешіріп жүрген жайларын айтқан. Үй іші тегіс жаны ашып, барын беріп күтіп, болысты да, ұлықты да қарғап-сілеп, көздеріне жас та алған. Осы елдің әйтеуір санында бармыз дегені болмаса, бұлар болысын да, байын да, жақсы-жаманын да білмейтін. Білейік деп талпынып, ізденбейтін де. Жаз егіні, қыс малымен, аңымен болып, өзгенің желігі, қыдырысы, біреуді жағалап сөз қуғанынан әрдәйім аулақ болатын. Ондайды сүймейтін.