Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағдыр бір-екі күн еткенде, күн кесілген біреудің аты да білінді. Кейде жазда Бақтығұлға ере жүрген Жәдігерге кесіліпті дейді. Ол жаз бойы болыстың қабағына қарай бет алған сойыл соғары болатын. Бақтығұл бұл жайды ұққанда, ішінен жат сұмдықты сезінді де, сескеніп кетті. Мына албасты тегі қабаққа қарай басатын албасты екен деді. Дүние көз алдында асты-үстіне келіп төңкеріліп құбылып түскендей болды.

Енді өзінің кезегі келе жатыр ма қалай? Съез басталғаннан бері үш күн өткенде, Бақтығұл ұйқы-күлкіден, тамақтан да айырыла берді. Сұр беркін көзіне таман киіп алып, көп күрсініп, өңі де сұп-сұр болып, үндемей жата берді. "Қашан шақыру келеді?" деп, ажал сағатын күткендей, жүрегі күпті болып: алағол, арамза билердің әмірін, көрін күтті.

Бұл хал сонша ұзақка созылған жоқ. Съез ашылғанға төртінші күн дегенде, түс кезінде шабаршы келді де, Бақтығұлды "билер шақыртады" деп, ертіп әкетті.

Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалың көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан. Бұлар малына індет келген ауылдың иттері сияқты: жоны шығып, құйрығын сыртқа салып, көзі қызарып, құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді.

Тегіс семізбен бітім жасаған; арыққа рақым да, бітім де жоқ. Бақтығұл әлі құрығандай, ақырын ғана сәлем берді де сүйретіле келіп, босаға жақтан орын алды. Жылы шыраймен қарайтын, аман-жаманды сүрайтын бір кісі жоқ. Көзімен билерді жағалап қарағанда, араларында отырған бұрынғы жақын таныс билерін көрді. Сәрсен қария отыр. Бұдан басқа жаздыгүнгі партия жігінің тұсында Жарасбай жақта болып, Бақтығұлға өз кісісі сияқтанып жүретін тағы бірнеше билер бар екен. Бәрі де керек десе, сәлемін де алмайды. Көздеріне көзі түсіп, амандасайын деп еді, шетінен мойындары сыртқа қарай бұрылды, аманын естімейді. Әдейі байқамаған кісі сияқтанады. Өзгеден бұрын Жарасбайға жақын жүретін, қай заманда болса, соған тарап кісілер бұған әсіресе сызданып, сұрлана қарап қапты.

Бақтығұл өз-езіне: "Желдің арты қай жактан екенін білген шығарсың!" деді. Бірақ осыны сезумен қатар, көңліне де, бойына да бір ерекше жеңілдік бітіп кеткендей болды. Өзіне-өзі: "Неден болса да ақпын. Менде айып жоқ" дегендей, неше күннен бергі түнеріп жүрген ішінде қазір масайрап ашылған бір жарықты тапқандай болды. "Қара болсам, өзге қараласын. Нақ сендер қараласаңдар, көріп алармын, құдай-ақ та! Мен не болсам, сен де солсың" деп, ішінен дауласып кеткендей болды. Ұзын мұрты тікиіп, түгін сыртына теуіп алды. Осы халдің үстінде отырғанда тергеу басталды. Басынан-ақ іс Бақтығұлдың тілеген бетінен шықты. Мал сұраушы Сәт пен Ораздың кісісі екен. Билер үйінде "жақсылардың" тап ортасында отырған семіз сары кісі – Бақтығұлдан мал қуушы даугер болып шықты. Әңгіме алғашқы барымтадан кейін бір рет Бақтығұл аз кісімен барып, алып қайтқан бес жылқының жайы екен.

Әуелі даугер сөйледі. Билер қырланып, қақырынып, түстерін суытып алып, айыпкерді оңды-солды қаға бастады. Бірақ бұлар қаншалық қоразданып, қанатын қомдап келгенмен, Бақтығұл сасқан жоқ-ты. Жалтарған да жоқ.

Екі-үш айналған соң, "Жасырмаймын: алдым!" деді. Жұрт басында үндемей қалды. Жарасбай жағының билері үндемеген қалыпта томсарып отырысты. Сол кезде ертеде көп ақылмен, нұсқаумен дайындалған болу керек, қарсы беттің аласа бойлы, тік мұрт қызыл биі сөзді алып, "Неге алдың?" деді.

Бақтығұл мұртының астынан жымиды да, нығыз пішінмен:

"Партия болған соң алдым!" деді.

Ымы-жымы бір билер тегіс ажырайып, тікиіп қалды да, кейбірі мысқылдап, кекетіп мырс етісті.

– Бұл сорлы партияның қолжаулық болмайтын жері болсайшы, сен екеш саған да келіп, бір рет ат сауырын беруге жарады-ау! – деп қызыл би кекетіп жымиғанда, езгелері де соның бетін қостап, монтаны пішінмен жымың-жымың етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий