Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путь Абая» - известный во всем мире роман-эпопея М. Ауэзова, который поднял казахскую художественную литературу и принес в мировую литературу эстетический вкус и энергию. Автор рассказал о народе Казахстана и его традициях. Абай – человек, обладающий творческими и деятельными качествами с индивидуальностью в искусстве речи. Роман высоко ценят многие зарубежные писатели, среди них Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип.

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағы ұзақ сүре дау, шыны қайсы, жалғаны қайсы? Осындай даулардың, осылар сияқты даугерлердiң таусылары, тынары бар ма, жоқ па? Тағы қағу керек. Сiресiп ұстасқан екi араздың шынына жетем дегенiңше, өзiңнiң де шыныңа жетiп боласың.

Тағы бөлiп кеттi. Жаңағы Пушкин қайда? Анандай боп, жiбек талдай ширатылған Татьяна сезiмi қайда қалды? Мөлдiр шындығымен, шыншыл жүрегiмен жаудырап тыныс алып тұрған Татьяна. Малын қуған даугер, кiсi малын жем қылған қияс ұры. Былыққан өмiрдiң бiтпес лаңы. Қажытып талдырасың-ау! Есiлiп, майысқан үнiң қайда, Пушкин сазы? Есiмде ме екен? – деп, алаң көңiлмен домбыраны алып, Абай бағанағы күйдi қайта iздедi.

Қос iшектi домбыра, ол сәтте шешен, тапқыр едi. Ендi тұсаулы аттай, күрмелiп қапты. Үнi тырым-тырақай. Әлгiнде ғана табылған ән, қазiр жоқ, ұмытылған. Сәрсекенiң жаңағы Тұрсын сөзiне қарсы айтқан дауын тыңдай отырып, бiрталай iздеп қарманса да, ән қайта оралар емес. Жылжып кеткен, ұстатпады. Домбыраны қайта тастады. Сәрсеке болса, күйiп сөйлейдi.

– Малымды тағы да алдың. Ұрым тағы сенсiң, Тұрсын, әдейi егесiп iстедiң. " мал қуатын, төлеу алатын немесiң ғой!" деп iстедiң де.

– Соқыр к-к-көргенiнен жаз-бас. Сен-нен басқа ел, сенiк-кiнен басқа мал құрыған ғой, тегi. Түп-птi сол бейсенбi түгiл бүк-кiл бiр ай атқа мiнiппе екен Тұр-рсын әуелi.

Екеуi ендi ашылып, шапшаң сөйлесiп, қағысып барады. Бiр кезек Сәрсекеден Абай: "айтушың бар ма? Iз, тоз айғағың бар ма" деп сұрап едi. Ондай дерек Сәрсекеде жоқ екен. Шынына жету соншалық қиын дау. Абай күрсiнiп, қабағын шытты да:

– Япырай, ағайын, осы басқа бiреудiң алдына барып тергетсеңдер қайтедi? Дауларыңда дерек жоқ. Бiрiн алдың десең, бiрiң алмадымнан басқаны айтпайсың. Қағу – тергеу керек. Менiң боса мұршам жоқ, уақытым жоқ. Көршiлерiң ғой, дау қапысыз боп, шыны қазыла түсер едi. Ана Ақылбайға барып, тергетсеңдер қайтедi? – деп өтiндi.

Бұған Сәрсеке де, Тұрсын да шалқалап болмады, " бар болсын, жоқ болсын, ақ болайық, қара болайық не де болса, дәл осы арада, өз байлауыңыз байлау болсын" дестi.

Абай осыдан соң ұрыға ажарлана қарап қатайып ап:

– Ендеше айт шыныңды, өлiп кетсең де айтшы! Алыппең мынаның малын, алмаппең? – деп, ашулы көзбен қадала қарап отыр.

Тұрсын сасқан жоқ, iле жауап қатты. Әдетiнше аузын керiп, сөзiн салмақтап айтты.

– Аб-бай аға! Сенiң алдыңда,өлсем шын-ыммен өл-лем деген сертiм бар. Мiнi құд-дай, мiнi құр-ран.

– Қайта, айтшы, әй! – деген Абайға, ұры жалт берiп көзiне көзiн қадап, тайсалмай сөйледi.

– Айтқ-қаным айт-тқан, Абай аға, ұр-ры болсам да сер-ртiммен өлем деген ұр-рымын. Мiне бар-рым шыным. Бұл жолғы мал-лынан с-сүт-тей ақпын! – деп тоқтады. Сеңсең тымағының маңдайын шапшаң қозғап, қайқайта қайырып ап, бетiн ашып салып, Абайға әлi де тiк қарап қапты.

Сөз осы. Ұрының бұл ажарын көрген соң, Абай одан көз аудармай бiрталай уақыт тесiле қарап отырды. Ұры да кiрпiк қақпай, көзiн Абай көзiнен тайдырған жоқ. Абай ендi өз iшiнен: "ұры болса да, мына пiшiн – шынның пiшiнi ғой" деп илана бастады. Бұл көзiн аударғанша, Тұрсын да сол мiз бақпастан, тастай боп, қыбыр етпей шаншылып отыр. Мұнысы да Абайға әсер еттi. Ендiгi кесiктi Абай, әдеттен тыс шапшаң айтты.

– Бәсе, бұл ұры болса да, сондай қаныпезер, шыны жоқ ұры емес. Адастырсаң адастым, Тұрсын. Бiрақ алда да көрiсер күн бар. Өтiрiк айтсаң кейiн өз обалың өзiңе.айтпадың деме, бiлдiң бе?! Бұл жолы сенi шынын айтты деп иландым! – дедi де, Сәрсекеге бұрылып байлау айтты. Мынада сенiң малың жоқ, Сәрсеке, басқадан iзде! – деп Сәрсекеге көз қырын бiр тастады да, сөзiн бiтiрдi.

Тұрсын тымағын ендi ғана қайтадан оңдап кидi. Басқа ләм деген жоқ. Сәрсеке де үн қатпады. Тек ендi ол төмен қарап тұнжырап қалды. Абай бұлардың сөзiн бiтiре берiп домбырасын қайта алып мыналарға:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий