Дон Кихот І - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот І
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:358
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом
Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
“Әділетті сайыс” атты кітап — дәлірек айтқанда, турнирдің куәгері Перо Родригес де Лена жазған, арада жүз жылдай өткен соң Хуан де Пинеде өңдеп, жетілдіріп қайта жариялаған (1588) “Суэро де Киньонестің әділетті сайысы” аталатын кітап. Кітапта әңгіме етілетін бұл ерекше сайыс ғашығының сұлулығына айрықша тәнті болғандығының белгісі ретінде мойнына темір шығыршық салып жүруге серт еткен Суэро де Киньонестің бастамасы бойынша өтеді. Осынау серттен арылу үшін өзінің тоғыз досымен бірге Леоннан алты миль қашықтағы көпірден өтетін жерді қорғап тұрған ол мейлі отандасы болсын, мейлі жат жерлік болсын, кез-келген рыцарьмен сайысуға дайын екенін мәлім етеді. Бұл жекпе-жекке көптеген рыцарь қатысады.
Мосен Луис де Фальсес — 1428 ж. кастильдік рыцарь Гонсало де Гусманмен жекпе-жек сайысқа түскен наварралық рыцарь.
Пэр — французша тең деген мағына білдіреді.
Шадияр Иаков (Сантьяго), Калатрава, Алькантара ордендері — Испанияда реконкистаның бастапқы кезеңінде пайда болған діни-рыцарьлық ордендер; Иоанн ордені — иоанниттер (303-ші беттегі түсініктемені қараңыз).
LІІ т а р а у
Язон (м и ф.) — алтын жабағыны іздеуге шыққан аргонавтардың басшысы.
Қатай — орта ғасырларда Қытай осылай аталған.
Сьерра Негра — Сьерра Моренаның басқа атауы: Кастилияны Андалусиядан бөліп тұрған тау қыраттарының тізбегі.
Беллона (м и ф.) — Рим аңыз-әңгімелеріндегі соғыс ару-құдайы, Марстың қарындасы.
Брильядор — Роландтың сәйгүлігі.
Боярд — рыцарь Ринальдтың сәйгүлігі.
В. УЗИН.