Дон Кихот І - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот І
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:358
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом
Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Король Артур — Британияның аңызға айналған королі (ҮІ ғ.), негізінен “Дөңгелек үстел рыцарьлары” ерліктеріне қатысты боп келетін орта ғасырлық көптеген аңыз бен дастанның кейіпкері (король Артурдың маңайындағылар ас та төк тойлардың кезінде тәуір орын, шамалы орын дейтіндер болмас үшін және рыцарьлардың бәрі өздерін тең сезінуі үшін дөңгелек үстел басына жайғасатын болған).
Көл Рыцары Ланцелот — 25-ші бетке берілген түсініктемені қараңыз.
Елисей даласы — мифологиялық ұғым-түсінік бойынша, жердің ең қиыр шетіне орналасқан жер-ұйық.
Курцийлер, Кайлар мен Сципиондар — Ежелгі Римдегі атақты рулар. Колонна, Орсини, Монкада, Рекесендер... — Италияның, Каталонияның, Арагонның, Кастилияның және Португалияның Сервантес заманындағы атақты рулары.
Дзербин — Ариостоның “Қаһарлы Роланд” атты туындысындағы персонаждардың бірі, шотланд королінің Роланд арқасында бостандық алған ұлы. Бірде өз құтқарушысының сауыт-сайманын тауып алған ол соған мәтінде келтірілген жазбаны түсіреді; бұл Ариосто дастанындағы өлеңдердің аудармасы (ХХІҮ-ші жыр).
Пысықай Ларедскийлер — Л а р е д о — Испанияның солтүстігіндегі портты шағын қалашық. Америкамен сауда-саттық арқылы байып алған адамдарды Пысықай Ларедскийлер деп атаған.
Цезарь Август — Рим императоры (ж.с.д. 27 - ж.с. 14), ол патшалық еткен заманда айтулы ақындар (Вергилий, Овидий және т.б.) ғұмыр кешкен.
Құдіретті мантуандық — Римнің атақты ақыны Вергилий (ж.с.д. 70 - 19) Мантуяда туған. Аңыздың айтуынша, ол өзінің даңқын шығарған “Энеида” дастанының қолжазбасын өзі өлген соң өртеп жіберуге өсиет еткен.
ХІҮ т а р а у
Бетис — Гуадалквивир өзені.
Ливия шөл даласы — яғни, африкандық үстірттер.
Иксион (м и ф.) — Юнонаны қолға түсіруге құмартқан Фессалия патшасы; Юпитер Юнонаны бұлтқа айналдырып жібереді, ал Иксионға жер асты патшалығындағы от оранған шеңберде мәңгілік айналып жүру жазасын белгілейді.
Сизиф (м и ф.) — Коринфтің негізін қалаушы әрі патшасы. Алдампаздығы мен сатқындығы үшін құдайлар оны азапты да мәнсіз жұмыс атқаруға: міндетті түрде кейін қарай құлап кететін үлкен тасты таудың басына қарай қайта домалатып отыруға мәжбүр етіп қояды.
Тантал (м и ф.) — Фригия патшасы, құдайлардың құпиясын жария етіп қойғаны үшін жер асты патшалығында мәңгілік аштық пен мәңгілік шөлден қаталау азабын тартуға кесілген.
Титий (м и ф.) — Эвбея аралынан шыққан дәу; Латонаның абыройын төгуге әрекет еткені үшін жер асты патшалығына жіберіліп, онда кезқұйрықтар бауырын шұқылап отыратын болған.
Тамұқ қақпасындағы төбет — Жер асты патшалығына кіре берісті күзететін үш басты төбет, Цербер.
Тасжүрек Нерон — Рим императоры (54 - 68). Ел аузындағы аңызға қарағанда, Римдегі тоғыз күнге созылған сұрапыл өртке (64) сол кінәлі болған.
Тарквинийдің қайырымсыз қызы — Аңыздың айтуынша, бұндай масқара іске барған Сервий Туллийдің қызы, Тәкаппар Тарквинийдің әйелі (қызы емес) көрінеді: ол әкесінің мәйітін қорлаған.
ХҮ т а р а у
Янгуастық малшылар — Кейінірек дәулетті аревальдық малшылар жайында да айтылады. Мал айдаумен ол кезде тұтас бір елді мекендер айналысқан.
Майдан құдайы (м и ф.) — Марс.
Силен (м и ф.) — Вакхтың тәрбиешісі және қасынан қалмайтын серігі, қашан да мас боп жүретін семіз шал.
Жүз қақпалы қала — Жоғарғы Египеттің астанасы болған, Ніл өзені жағасында орналасқан Фивы — Жүз қақпалы деп, Беотияның астанасы болған, Силен барған Фивы — Жеті қақпалы деп аталған.
ХҮІ т а р а у
...дворян тұқымынан екенін кереметтей мақтан тұтатын... — Мариторнес Астуриядан, маврлар жауламаған өңірден болатын. Астурияда туып-өскендер шыққан тегіне қарамастан өздерін готтардың тұқымы, яғни дворян санайтын.
Ареваль малшылары. — А р е в а л о — Кастилиядағы елді мекен.
Граф Томильяс — “Оливаның ұлы, Иерусалим патшасы және Константинополь императоры Энрикенің ғұмырбаяны” (1498) атты рыцарьлық романдағы қосалқы персонаждардың бірі.
ХҮІІІ т а р а у