Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Туллий айтқандай... — яғни, Цицерон айтқандай. Ол комедия “өмірге еліктеушілік” (“өмірдің айнасы” емес), “адамгершілік мінез-құлық айнасы және ақиқаттың айғақ-нышаны” сынды болуға тиіс деп жазған-ды.

... дүниенің төрт бұрышы түгел қамтылған болар еді — Бұл кезде Австралия құрлық есебінде әлі белгісіз болатын.

Пипин — франк королі ІІІ-ші Пипин Қортық (751 - 768).

Ұлы Карл — франктер королі (800 - 814), мемлекетінің аумағын әлдеқайда кеңейткен айтулы әскербасы һәм жаһангер.

Император Ираклий — византиялық император (610 - 641).

Готфрид Бульонский — алғашқы крест жорығын басқарған (1096 - 1099) Төменгі Лотарингия герцогы (1058 - 1100).

Діни тақырыптағы комедиялар — әулиелер өмірінен алынған сюжеттерге жазылған комедиялар.

...бақ-талайы мол бір жазушымыздың сансыз көп комедиясы... — Лопе де Вегаға меңзеу. Лопе де Веганың өзі жасаған тізімде оның ХҮІ ғ. 80-ші жылдарынан 1602 жылға дейін жазған 219 драмалық шығармасы тіркелген.

...ол ырзашылық беріп, қол қойып, мөр соқпайынша жергілікті өкімет орындары бірде бір комедияны сахналауға рұқсат етпейтін болса... — шіркеу шенеуніктерінің театрға қарсы ХҮІ ғ. 90-шы жылдарынан бастап жүргізген ұзаққа созылған насихат науқанынан кейін, шынымен-ақ 1608 жылы священник талап еткен түрдегі орталықтандырылған цензура орнатылды.

XLІX т а р а у

...олар жаңа секталар жасақтайды және өмірдің жаңа тәртібін түзеді... — ХҮІІ ғ. екінші жартысында инквизиция “Амадис Галльскийден” құдайға күпірлік келтіретін нәрселер тапты.

Лузитания — кейін Португалия мемлекеті құрылған аймақтың ежелгі атауы.

Вириат — лузитандықтардың римдіктерге қарсы көтерілісін басқарған бақташы (ж.с.д. 151 - 140 жж.).

Граф Фернан Гонсалес — Кастилияны маврлардан азат еткен реконкистаның аты аңызға айналған қайраткері. Оған “Фернан Гонсалес туралы дастан” (ХІІІ ғ.) мен көптеген романс арналды.

...Валенсияда — Сид. — Сид Руй Диастың туып-өскен жері Бургос еді. “Сид” лақап атын ол Валенсияны маврлардан азат еткеннен кейін алды.

...Андалусияда — Гонсало Фернандес. — Әңгіме Андалусиядағы шағын елді мекен — Монтильяда туып-өскен, “ұлы қолбасшы” делінетін Гонсало Фернандес Кордовский турасында болып отыр.

Флорипа және Ги Бургундский. — Францияның он екі пэріне қатысты аңыз-әңгімелердің бірінде мавр адмиралы Баланның қызы, Флорипа сұлудың он екі пэрге өз үйінен баспана бергені жайында айтылады. Олардың арасында Ги Бургундский де болады, қыз соған ғашық боп қалады.

Мантибль көпірі — сол аңыздардың айтуынша аталмыш Баланның иелігінде болған көпір, оны қатыгез дәу Галафр қорғап тұрады.

Бейшара Гварин — итальяндық рыцарьлық романның кейіпкері (ХІІІ ғ.).

Қасиетті Грааль — орта ғасырлық аңыз-әңгімелер бойынша біртұтас алмастан ойып жасалған, крестке керілген Христостың қаны жиналған ыдыс. Көптеген рыцарьлық аңыз бен романда осынау ыдысты іздеуге шыққан рыцарьлардың ерлігі мен жанқиярлық қарекеті жайында айтылады.

Тристан мен королева Изольда — ортағасырлық рыцарьлық дастандардың (ХІ - ХІІ ғғ.) кейіпкерлері, бұл дастандарда корнуэльдік король Марктің әйелі Изольда мен корольдің жиені Тристанның махаббаты суреттеледі.

Пьер мен Магелона сұлу — “Неаполь королінің қызы Магелона сұлу мен Провансаль королінің ұлы Пьердің хикаясы” (ХІІІ ғ.) аталатын француз рыцарьлық романының кейіпкерлері.

Жоан ди Мерлу — 1433 ж. жат жерлік рыцарьлармен күш сынасу үшін басқа елдерге аттанған португал дворяны.

Педро Барба, Гутьерре Кихада — ди Мерлу көздеген мақсатпен 1435 ж. басқа елдерге саяхатқа шығып қайтқан испан рыцарьлары.

Фернандо де Гевара — испан дворяны; 1436 ж. австриялық рыцарь Георгпен Венада жекпе-жек сайысқа түскен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий