Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үлкен Орда ханы Абылай, осы кезде Омбы генерал-губернаторы бұнымен келіспей хан ауылының жазғы жайылымдарының бірі Зеренді көлі мен Сандықтау маңында жаңа бекіністер салып жатқанын естіді. Және дәл осы кезде «Россия» империясының іші бұлқан-талқан боп бүлінуде екен!» — деген хабар жеткен. «Өлді деген орыс патшасы Үшінші Петр тірі боп шығыпты. Ол қазір Жайық қазақ-орыстарын бастап Петербургке қарсы шығыпты. Петербургті алып, қайтадан таққа отырмақ екен. Оған башқұрт, мордва секілді бұратана ұлттар да қосылыпты».

Ақ патша басына күн туғалы тұрған осы аласапыран мезгілді хан пайдаланғысы келді. Жаңа ғана ауыл-ауылдарына қайтарылған қазақ жігіттері қайтадан жиналсын деп, жан-жаққа ат шаптырды. Қол жиналысымен Көкшетау, Қызылжар қалаларына аттанбақ болды. Бұл хабарды естіген Орынбор генерал-губернаторы да өз әскерін қазақ даласының шетіне әкеп, тойтарыс беруге дайындалды. Бекіністердің қабырғаларына зеңбіректер орнатылды. Бұл зеңбіректердің біразы қазақ жігіттері шабуыл жасайтын далаға қарай қойылса, қалғанын бүгін болмаса ертең Пугачевтің барлаушылары келетін тұсқа бекітті. Ереуілге шыққан Пугачев жасақтары Жайық бойындағы, Орынбордан басқа бекіністерді түгел алған хабары естілді. «Жаңа патшаға башқұрт ауылдары да қосылып жатыр екен!» деген «ұзынқұлақ» бүкіл қазақ даласын шарлап кетті.

... Иә, орыс патшасына кеткен жерлері мен оның сол жерлерге салған қалаларын алуға бұл бір ыңғайлы кез еді. Бекіністерінде шамалы ғана гарнизондары бар орыс қалаларының, көп жылғы соғыста әбден шыныққан Абылайдың атты әскеріне төтеп беруі екіталай болатын. Оның үстіне бұл гарнизондардағы солдаттардың өздері де «қатын патшаға» деген наразылығын жасырмай, ашық айта бастаған. Күн сайын әскер арасынан Пугачев жасақтарына қашушылар да көбейген.

Абылай, жорыққа шығу алдында хан кеңесін шақырмақ болды. Осы кеңесте өзін Үш жүздің атынан қимылдауға рұқсат алуды басты мәселе етіп қоюды ойлаған.

Бірақ хан шешімі күрт өзгерді. Оған себеп болған Жайық жағасында бір төлеңгіттің әкелген хаты еді. Бұл хатта Жайық бойының бір топ батырлары Арқа жігіттерін күреске шақырған. «Орыс бекіністерін талқандап, жасақ боп құралып, Жайық бойындағы жаңа патшаға келіп қосылыңдар — деген бұл хатта. — Жаңа патша орыс, қазақ, башқұрт, татар басыбайлы құл, хан төлеңгіті демейді, бәріңді бірдей бостан етеді».

Хан нөкерлері хатты таба алмаған, бірақ төлеңгітті ұстап Абылайға алып келген.

— Кімсің? — деген хан оның бетіне тесіле қарап.

— Төлеңгіт ханға басын да иген жоқ. Танау шеміршегі жұлынған, кең маңдайына темірмен күйдіріп басқан «у» деген әріп бар. Бұл «Ұры» деген сөздің белгісі. Мұндай таңба тәртіп бұзған, не қашуды ойлаған тұтқындарға патшаның кен шығаратын орындарында салынатын.

— Танымай қалдың ба мені, Абылай хан?!

Абылайға төлеңгіт даусы таныс секілді көрінді.

— Өздерін өздері батыр деп атаған алаяқтардың хаты қайда?

— Батыр деген ат әкесінің дәулетімен бірге келмейді, жігіт адам қан майданда ерлік көрсетіп өзі алады! — деді төлеңгіт кекете күліп.

Абылай жігітті енді таныды.

Бұл баяғы жалғыз көз Орақтан тараған Қияқ пен Тұяқ құлдардың ұрпағы Науан ұстаның жалғыз баласы Керей еді. Ол Бөгенбайдан кейін де талай қанды ұрыстарға қатысқан. Еңіреген ер бола тұрса да, ақырында хандарға еріп, адам баласы бірін-бірі аямай қырған жорықтардан жүрегі шайлыққан. Сөйтіп ол жылқы баққан ауылдың бостан жігіті боп отырып қалған. Бірақ өмірдің қиянаты оны қайтадан қанды тартысқа алып келген. Бірақ бұл жолғы тартыс өзгешелеу еді. Күндердің күнінде уақытында ханға деген гараж-қаражатын төлей алмай, ол бір сұлтанға бес байталға төлеңгіттікке сатылған-ды. Бір күні бұның жасөспірім қызын сұлтанның зорлап жатқан үстінен шығып, оны қанжарымен жарып өлтірген. Абылай ісін қарап, кісі өлтіргені үшін, патша үкіметінің қолына берген. Ал патша соты күміс шығаратын жерге каторгаға айдаған...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий