Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Олай болса, «Пилигрим» бір орыннан жылжымаған болғаны ғой! Біздің әлі күнге дейін жерден соншалықты қашық болуымыздың себебі қалай?

— Миссис Уэлдон...— деп бастады Дик. Ол өзіне ой түсіргісі келіп қолымен маңдайын сипады.— Мен біле алмай тұрмын... Мұның мәнісін қалай түсіндіруге білмеймін. Әлде компас бұзылды ма?.. Бұл тек қана Пасхи аралы болуы керек — жел бізді өне бойы солтүстік-шығысқа қарай айдады ғой... Ие, бұл Пасхи аралы, біз енді мұхиттың қай жерінде екенімізді білдік, жолымыз болса керек. Біз жағалаудан екі мың миль қашықта екенбіз! Оның есесіне мен енді бізді дауылдың қайда айдап апарып тастағанын білдім! Дауыл басылған соң, біз аман-есен түп-түгел американ жағалауына жетеміз!

Жас капитанның сеніммен айтқан сөзі жұрттың бәрін көңілдендіріп жіберді. Тіптен миссис Уэлдонның да көңілі көтеріліп қалды. Соры қалың жолаушыларға да, қауіп-қатер біткен кейін қалып, «Пилигрим» енді қауіпсіз портқа жақын жерде, портқа кіру үшін тек қана судың көтерілуін күтіп тұрған сияқты боп көрінді.

Пасхи аралы 1722 жылы ашылған, оның шын аты Вайгу, Ваяху немесе Рапануи. Ол 27° оңтүстік ендік пен 112° шығыс бойлықта жатыр. Сөйтіп, «Пилигрим», өз бағытынан бүтіндей он бес градус ауып кеткені анықталды. Дик Сэнд кеменің жолдан бұлайша адасуының себебін, өздерін оңтүстік-шығысқа қарай айдаған дауылдан көрді.

Сөйтіп, «Пилигрим» жерден әлі де екі мың миль қашықта болып шықты. Егер жел осы құйындатқан қалпынан айнымай соға берсе, кеме бұл екі мың миль жолды небәрі он күнде басып өте алады. Бірақ осы уақыттың ішінде ауа райы неғып қана түзеле қоймайды? Тіптен «Пилигрим» жер қарасына жақындаған кезде де желкендерін көтеруге болмайтын бола ма?

Диктің есебінше, ұдайы бірнеше күн тынбай соққан дауыл жуық арада басылуға тиіс. Жас капитан Пасхи аралының кездесуін жақсы ырым деп жорыды: өйткені ол «Пилигримнің» қазіргі уақытта мұхиттың қай жерінде екенін анық білді. Бұл жағдай оның өзіне өзінің сенімін нығайтты және саяхаттың аман-есен аяқталуына да сенім туғызды.

«Пилигрим» берік соғылған және жақсы жабдықталған кеме еді, соның нәтижесінде дауылдың қатты қысымынан бүлінбеді деуге болады. Ол тек көлбеу гроты мен бом-кливерінен ғана айрылды. Бірақ бұл жараны емдеп жазу оншалықты қиын емес. Оның қиюлары кендір торқасымен жақсы тығындалған, сондықтан кеме ішіне бір тамшы су өткен жоқ. Су төгетін помпа ақаусыз, дайын тұр.

Бұл жөнінде «Пилигримге» төнетін ешқандай қауіп жоқ.

Бірақ дауыл әлі зіркілдеуде, оның екпінін ешқандай күш кеміте алмайтын сияқты. Жас капитан «Пилигримді» дауылмен күресуге дайындап еді, бірақ желді тындыру, толқынды тоқтату, ауа райын жақсарту оның қолынан келмейтін іс...

Он үшінші тарау

«ЖЕР! ЖЕР!»

Диктің үміті жүзеге асатын сияқты.

Марттың жиырма жетісі күні барометрдің сынап бағанасы жоғары өрледі, бірақ бұл өрлеу — жарытымсыз, небәрі бірнеше сызыққа ғана жеткен еді. Атмосфера қысымының жоғарылауы болымсыз, дегенмен оның тұрақты болатын түрі бар. Теңіз беті алай-түлей болғанымен, сірә, дауыл басылуға бет алса керек, жел де бәсеңси бастап, батысқа қарай бұрылды.

Әйтсе де, желкен көтеруге болмайтынын Дик жақсы білді. Жел тіптен алақандай кенеп көтерсе де жұлып әкетер еді. Сонда да болса жиырма төрт сағаттың ішінде ең болмаса стаксельдердің бірін көтеруге мүмкіндік болар деп сенді жас капитан.

Шынында да солай болды: дауыл түн ішінде бәсеңси бастады, кеменің шайқалуы да бұрынғыдай емес. Желдің кешегі екпіні кемені быт-шыт қылып қиратып тастарлықтай үрейлі еді.

Жолаушылар ертеңгісін палубаға шыға бастады. Кенет соққан толқын кеме бортынан өздерін жұлып әкетер деп енді қорықпады. Дауылдың алғашқы күнінен бастап күні бүгінге дейін қамауда отырған миссис Уэлдон бүгін жұрттан бұрын каютасынан шығып, палубаға көтерілді де Диктің қасына келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий