Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әбден жетеміз, миссис Уэлдон. Біз қайда тоқтасақ та, сіз Сан-Францискоға жете аласыз. «Тынық мұхиттың теңіз компаниясы» бұл жағалауда жақсы қызмет атқарады. Оның пароходтары батыс порттардың бәріне де тоқтайды, ол арадан Калифорнияға жету оңай.

— «Пилигримді» Сан-Францискоға апарғың келмей ме? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Әрине апарамын, миссис Уэлдон! Алайда сізді жолаушылар таситын кемелердің біріне мінгізсем деп ем, сосын «Пилигримді» Сан-Францискоға өзім апарар едім. Егер капитан мен команда алуымызға мүмкіндік болса, кит майын өткізу үшін Вальпарайсоға жөнелеміз,— капитан Гульдің өзі болса да сөзсіз осылай етер еді. Біз Вальпарайсодан Сан-Францискоға барамыз. Бірақ бұл жүріс сізді ұзақ кідіртіп, уақытыңызды алар еді. Сізден бөлініп кету маған қаншалықты қиын болса да...

— Жақсы, Дик,— деп миссис Уэлдон оның сөзін бөлді.— Бұл туралы біз тағы бір сөйлесерміз. Бірақ маған мынаны айтшы, сен бұрын жат жағалауға жақын баруға қорқатын сияқты едің ғой?

— Мен қазір де қорқамын,— деп мойындады жасөспірім.— Бірақ мен жағалау маңынан бірер кеме кездесер деп сенемін. Расын айтқанда, менің өте таңданатыным, әлі күнге шейін бірде-бір кеме кездеспеуі... О, ең болмаса бірер кеме кездессе екен! Біз «Пилигримнің» дәл қай жерде екенін білер едік те, сосын ешқандай қауіптенбей-ақ жағаға тоқтауымызға болар еді.

— Бұл жерлерде кемені гаванға бастап апаратын лоцман болмай ма? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Болатын шығар,— деді Дик Сэнд.— Бірақ олар жағалаудың өзінде ғана жүреді. Сондықтан да біз мүмкіндігі болғанынша жерге жақынырақ баруға тырысуымыз керек.

— Ал, егер лоцман таппасақ қайтеміз? — деп сұрады миссис Уэлдон.

Жас капитанның әр түрлі кездейсоқ жағдайларға дайындығы бар ма немесе алаңсыз ба, жас келіншек осы жағын анықтағысы келіп ежелей сұраған еді.

— Миссис Уэлдон, бұл сияқты жағдай кездесіп... егер ауа райы жақсы, жел бәсең болса, қауіптенбей-ақ, тоқтайтын орын қашан табылғанша кемені жағалау бойлай ерсілі-қарсылы жүргізе берер едім. Егер жел тағы күшейіп кетсе...

— Онда қайтер едің?

— Егер жел «Пилигримді» жерге соқтыратын болса...

— Онда ше?.— деп сұрады миссис Уэлдон.

— Онда кемені амалсыздан жағаға шығарып тастаймын ғой, — деп тұнжырады жасөспірім.— Бірақ бұл шарасыздың күнінде ғана істеледі. Бұл сияқты ақырғы шараға бара қоймаспыз. Сіз босқа әбігерленбеңіз, миссис Уэлдон, сірә ауа райы түзелетін болар. Жағалау маңынан бірде-бір кеме немесе лоцман қатерлерінің кездеспеуі мүмкін емес, «Пилигримнің» өзі де тұп-тура жерге қарай келе жатыр, сарыла күткен жерді көп кешікпей-ақ көрерміз деп сенуге болады.

Кемені жағаға шығарып тастаймын дейді! Мұндай ақырғы шараға, тіптен ең батыл теңізші болса да қорықпай тәуекел ете алмас еді. Диктің де бұл ақырғы шараға барғысы келмейтіні таң қаларлық іс емес, өйткені оның жақсылықтан әлі үміті бар.

Келесі күні ауа райы құбыла бастады, бұл жағдай жас капитанды әбігерге салды. Жел бәсеңдемеді, барометрдің сынап бағанасы төмендеп, жаңа дауылдың нышанын көрсетті.

Дик Сэнд желкен біткенді қайта түсіріп, тағы дауылдың қуғынына түсетін боламыз ба деп қауіптене бастады. Ең болмаса бір желкенді қалдыра тұру жас капитанға соншалықты қажет, сондықтан әзірше фокты түсірмей орнында қалдырды.

Дик Сэнд мачтаны бекіту үшін фордунды тартуға бұйырды, бұл іс сақтанудың ең басты шарасы болатын: Егер «Пилигрим» рангоуттан63 айрылса, аса қауіпті жағдайға ұшырар еді.

Соңғы күндердің ішінде барометр бір-екі рет жоғары секіріп, жел ыңғайының кенет өзгеру қаупін туғызды. Егер жел кеменің қарсы алдынан соқса, не істеу керек? Ерсілі-қарсылы жүзе бере ме? Жағдай оны ерсілі-қарсылы жүзуге зорласа бұл тәуекелдің ақыры тағы ашық теңізге шығып қалып, қаншама кедергіге соқтырады.

Бір жақсы жері, жас капитанның бұл қауіптенуі негізсіз болды. Жел бірнеше күнге шейін солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысумен болды, бірақ ақырында батысқа бұрылып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий