Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Апрельдің бесі. «Пилигримнің» Жаңа Зеландиядан шыққанына екі жарым айдан асып барады. Алғашқы жиырма күннің ішінде қарсы соққан желмен теңіз штилі кеме жүрісіне кедергі жасаған-ды. Одан соң жел ыңғайдан тұрып, «Пилигрим» құрғақ жерге тез-ақ жақындап қалған. Әсіресе желдің құйындатып соққан шақтарында кеме орасан қатты жүзіп, орташа есеппен тәуліктік жүрісі екі жүз мильден кем емес деп есептеді Дик Сэнд. Олай болса, бүгінге шейін жағалауға неғып қана жете алмады? Бұл арасы түсініксіз жұмбақ мәселе!

Матростардың біреуі бом-брам-рейге64 шығып құрлықты бақылап тұрған. Диктің өзі де жиі-жиі мачтаға шығып қараумен болды. Қайдан да болса бірер таудың шеңбері бұлт арасынан қарауытпас па екен деп дүрбімен ұзақ қарады. Анд65 тауының тізбектелген биік шоқыларын өте алыстан, көкжиектегі бұлт арасынан іздеу керек еді.

Том да, оның жолдастары да алыстан көрінген кейбір өзге түсті бұлтты құрғақ жер деп шамалап талай рет алданып қалған. Олар жер көрдік деп өршеленіп, көрдік деген жері бұлт арасына кіріп жоғалғанда ғана өздерінің қателескендерін мойындаған уақыттары болды.

Бірақ апрельдің алтысы күні күдікке орын қалмады.

Ертеңгі сағат сегіздің кезі еді, Диктің рейге шыққаны сол ғана. Алғашқы түскен күн нұры мұхит бетіндегі тұманды ыдыратып, көкжиек кәдімгідей анық көрінді.

Көптен бері зарыға күткен сөз Диктің аузынан бүгін шықты:

— Жер! Алдымызда жер! —деп айқайлады ол.

Бұл сөзді естіген бойда жолаушылар палубаға жүгіре шықты. Не болса соған әуестене қалатын бала біткеннің әдеті ғой, кішкентай Джек те, көрген азабының бәрін құрлық арылтады деп үміттенген миссис Уэлдон да, өз жеріне аяқ басуды аңсай күткен Том мен оның жолдастары да, тіптен жаңа жәндіктермен коллекциясын байытуды көздеген Бенедикт ағай да палубаға шықты.

Палубаға шықпай қалған жалғыз-ақ Негоро.

Жерді бәрі көрді: олардың арасындағы көз жанары өткір біреулері жерді анықтап ажыратты, ал жер сағынған біреулер мүлдем басқа жақтан жер көрген сияқтанады.

Жасөспірім тәжірибелі теңізші еді, ол қателеспеді. Бұл жолғы үміттің алдамағандығы бір сағат болмай-ақ бәріне де мәлім болды.

Шығыс жақтан жағалау ойпатының бейнесі көрінді, шынында да бұл көрінген жағалау — жер еді. Теңіз жағасына таяу көсіліп жатқан Анд тауының тізбегін төменгі бұлт қалқалап, анықтап көруге мүмкіндік бермеді.

Жер минут сайын молая көрініп, бірден бірге жақындай берді, «Пилигрим» құрғақ жерге қарай тіке тартып келеді.

Екі сағаттан соң кеме мен құрлық жердің арасы үш миль шамасы жақындады. Жағалау солтүстік жақтағы биік мүйіске барып айқасқан, оның негізі бейнебір ашық рейд66 сияқтанып көрінеді. Шығыс жақтағы жер ойпаттау, сүйірлене келіп мұхитқа енген.

Жағалаудың үстіңгі жағы қатпарланған тұмсық, тұмсықтың беткейіне аласалау ағаш өскен, жер ыңғайына қарағанда бұл тұмсықтарды Анд тауының биік шоқыларының төменгі қабаттары ғана деуге болады.

Не порт ,не адам мекені, тіптен өзен құйылысы да жоқ, мұндай жерде кеме тоқтату үшін қауіпсіз орынды қайдан іздеп таппақ?

Ыңғай соққан жел «Пилигримді» тіп-тіке жерге қарай айдап келе жатыр. Кеменің көтерулі желкені аз, оның үстіне жел де күшті, сондықтан ашық теңіздің ортасында тұрып Дик Сэнд қорғана алмайтын болды.

Кеменің маңдай алдынан, теңіз жиегіне жуық жағалауды бойлай жатқан су асты құздарының қылпы көрінді. Тас үстіндегі су бұрқылдап аспанға шапшып көпіршіп жатыр. Теңіз толқынының соққан екпіні аса күшті болса керек. Кереметтей алып толқындар жарқабаққа шапшып кейін.қайтып жатқаны көрініп тұр.

Жас капитан жағалауға тесіле қарап, бірсыпыра уақыт кеме тұмсығында тұрды. Сосын үн қатпастан кормоға келді де, штурвалға барды.

Жел барған сайын күшейе берді. Сәлден соң кеме мен жағалаудың арасы жақындай түсті, енді небәрі бір мильдей-ақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий