Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бенедикт ағай, мұнда келіңізші...

Бенедикт ағай мен капитан Гуль каюталарынан қатар шықты.

Бенедикт ағай, ана қараңызшы! Теңіз бетіндегі құжынаған қызыл дақты көресіз бе? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Ие, көрдім,— деп дауыстады капитан Гуль.— Кит көжесі ғой! Мінеки, Бенедикт мырза, шаянсымақтарды зерттейтін болсаңыз, өте қолайлы жағдайыңыз келді.

— Түк те емес! — деді энтомолог.

— Түк емесі қалай? — деп таңданды капитан.—Бұларға сіздің көңіл бөлмей, немқұрайды қарауға хақыңыз жоқ! Егер жаңылмасам, бұл шаянсымақтар — буынды жәндіктер тобына қосылады, және сапа жағынан да...

— Түк те емес! — деді Бенедикт ағай басын шайқай түсіп.

— Япырай! Энтомологтың бұл сияқты немқұрайдылығы...

— Капитан Гуль,— деп Бенедикт ағай оның сөзін бөлді,— сіз менің жәндік зерттеуші екенімді ұмытпаңыз.

— Демек, Бенедикт мырза, сіз бұл шаянсымақтарға қызықпайтын болдыңыз ғой? Егер сіздің кит құрсағындай құрсағыңыз болса, мына тойға қандай қуанар едіңіз! Миссис Уэлдон, біздер кит аулаушылар теңізде жүріп бұл сияқты шаянсымақтарға кездесе қалса, гарпун мен қайықтарымызды әзірлеп қоюға асығатынбыз. Мұндай жағдай ұшырасса, олжаның жуық екеніне күмәнданбауға болады...

— Бірақ мына құртымдай ғана шаянсымақтарға кемедей үлкен кит тоя қоя ма? — деп сұрады Джек.

— Ей, балапаным, мұның таңданарлық несі бар? — деді капитан Гуль.— Астың ең дәмдісін жарма мен майда тартылған ұннан пісіреді ғой. Киттер бұл сияқты шаянсымақтар тобына кезіге қалса, мұны оның үшін жаюлы тұрған дастарқан дей бер. Оның кеңірдегінен келгенше көжеге тоюы үшін тек қана аузын ашса, болғаны. Мың-мыңдаған шаянсымақтарды асап алады да аузын жабады. Оның таңдайындағы щетка сияқтанып салбырап тұрған «кит мұрты» деп аталатын мүйіз талшықтар сүзекі болып балықшы ауының міндетін атқарады. Сөйтіп, оның аузына түскен шаянсымақтар құтылып кете алмайды, сенің жұтқан көжең қарныңа қарай қалай жылжыса, мың-мыңдаған шаянсымақтар да киттің орасан кең құрсағына солай жылжи береді.

— Джек, сен кит мырзаның шаянсымақтарды бір-бірлеп қабығын аршып уақыт оздырмайтынын біліп қой! — деп үстеді Дик.

— Алып мешкей көжемен жеңсігін басып жатқан кезде,— деп капитан Гуль сөзін жайғастыра берді,—оны шошытпастан кеменің мүлдем таяу барып қалуы да ықтимал. Кит аулаушылар осындай жағдаймен...

Осы сәтте, капитан Гульдің сөзін қостағандай, вахтада тұрған матрос айқайлап жіберді:

— Кит! Алдыңғы жағымызда, сол жақ бортқа таман!

Капитан Гуль ұшып тұра келді де:

— Кит! — деп айқайлады. Ол кенет аңшылық делебесі қозып, тұмсыққа қарай тұра жүгірді.

Оның соңынан миссис Уэлдон, Джек, Дик Сэнд, Бенедикт ағай да бара жатыр.

Төрт миль шамасы ық жақта теңіз беті қайнап жатқан тәрізді.

Тәжірибелі кит аңшысы қателеспепті: теңіздің сүт қоректі алып хайуаны шаянсымақтар тобының арасында жылжып жүр екен. Бұл хайуанның қай түрлі кит екендігін анықтауға екі ара орасан алшақ еді.

Бұл, бәлкім, солтүстік теңізде жүретін аңшылардың көбірек аулайтын нағыз киттерінің бір түрі болар? Нағыз китте арқа қанат болмайды. Олардың жарғақ қанаты тым жалпақ та, кесіп алғандай моп-молтақ, ал мүйіз талшықтары— кит мұрты — аса ұзын да көп болады. Әйтсе де нағыз киттің ұзындығы он екі метрден он алты метрге шейін келеді, некен-саяқ жиырма метрге жететіндері де, тіптен одан артық келетіндері кездеседі, тері астындағы май қабаты жарты метрге жетеді. Бұл сияқты алып киттің бір өзінен ғана үш жүз гектолитрге тарта май алуға болады.

Бұл әлде жолақ жон немесе бүкіш кит болар? Бүкіш киттің бауыр ескегі ұзын, қанат сияқты болады, ұзындығы үш метрге таяу. Бүкіш киттер, киттің ішіндегі ең жуаны да ебедейсіз, ең ойыншылы болады: ол дәйімі су бетіне ыршып шыға береді.

Мына көрінген кит ірі жолақжон болуы да ықтимал. Жолақжондар ірілік жағынан нағыз киттерден қалыспайды, салмағы да бір мың екі жүз центнерге жуық.

Әзірге бұл көрінген қай тұқымды кит екенін ажыратудың мүмкіндігі болмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий