Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— О, қарашығым,— деді миссис Уэлдон күлімсірей сөйлеп,— мен саған Мунито деген итті әңгіме еткенмін, ол ит мүлде сенің айтқаныңдай білімді емес. Егер менің естігеніме сенетін болсаң, Мунито өзінің сөз құрастырған әріптерін бірінен бірін ажырата да білмейді, оның «білгірлігіндегі» күллі жасырын сыр, — есту органының аса сезгіштігінде екен. Оның иесі бір пысық американ болған, ол Мунитоның бұл қасиетін біліп, итті үйрете бастайды, сөйтіп, ақырында таң қаларлық нәтиже шығарған.

— Миссис Уэлдон, ол адам Мунитоны қалай үйретті екен? — деп сұрады, жас әйелдің әңгімесіне Джектен де бетер қызыққан Дик.

— Ол былай, достым! Мунито жиналған жұртқа «ойын» көрсетерде, стол үстіне мына текшелер сияқты әріп таңбасы салынған текшелер қойылады. Ит құрастырылуға тиісті сөзді халықтың айтуын күтіп стол үстінде әрілі-берілі жүре береді. Айтылған сөзді ит иесінің білуі шарт.

— Демек, иесі қасында болмаса...— дей беріп еді Дик.

— ...Ит өздігінен түк те істей алмас еді,— деп миссис Уэлдон Диктің сөзін жалғастырып әкетті.— Әріп таңбалары жазылған текшелердің стол үстінде жаюлы жатқанын жаңа ғана айтып өттім, Мунито ол әріптердің жанына келіп әрілі-берілі жүре береді. Құрастыратын сөзге керекті әріптің тұсына келеді де, қалт тұра қалады, бірақ ол өзіне керекті әріпті танығандықтан тоқтайды емес, иесінің қалтасындағы тіс шұқуыш қауырсынның шырт еткен дыбысын естіп тоқтайды, қауырсынның шырт еткенін басқа адамдар аңғармай қалады. Болмашы дыбыс иттің әлгі текшені алып, басқа текшелердің қатарына апарып қоюына берілген белгі еді.

— Мұндағы жасырын сыр бар болғаны осы-ақ па? — деді Дик Сэнд.

— Ие, бар болғаны осы, жасырын сырдың ешқандай қиындығы жоғын байқаған боларсың,—деп жауап қатты миссис Уэлдон.— Дегенмен, циркте көрсетілетін басқа да фокустердің көпшілігі осы сияқты оңай болады. Иесі жанында болмаса, Мунито «талантты білгірлігін» өздігінен істей алмас еді. Ал енді мына Динго Самюэль Вернонның жоғында-ақ,— егер мұның иесі шынында да сол болса,— мына екі әріпті тани білді, мен бәрінен бұрын осыған таңданып тұрмын.

— Расында да бұл таңданарлық уақиға,— деді капитан Гуль:—Дегенмен, бұл арада Динго жұрттың қалауымен сөз құрастырып тұрған жоқ: оның аралап алатыны тек қана екі әріп, сол әріптен жаңылып жаза баспайтыны ғажап. Бір ит қайыршыларға үлестіруге арналған қалдық астан ас сұрап монастырь есігіндегі қоңырауды шылдыратуды үйренген екен, сол ит ет қақтайтын істік темірді күнара аударып тұруға тиіс бопты, осы жұмысын кезексіз күндері істемей жүріпті. Мүмкін, ол иттер біздің Дингодан анағұрлым зейіндірек болар. Бірақ әңгіме онда болып тұрған жоқ. Біздің алдымызда талассыз екі факты тұр: Динго, текше алфавитының ішінен тек қана «С» пен «В» әрпін аралап алады. Шамасы, ол басқа әріптерді танымайтын шығар. Бұдан бір ғана қорытынды шығаруға болады: осы екі әріп иттің есінің қалмастай бір уақиғаға себеп болған.

— Ах, капитан Гуль,— деп күрсінді Дик Сэнд,— Дингоның тілі болса, мына екі әріпті қайдан білетінін және аспазға неліктен тісін қайрайтынын айтып берер еді!

— Tic болғаныңа! — деп күлді капитан Гуль, Динго есінегенде оның ақсиған өткір тісін көрсетіп.

Алтыншы тарау

КӨКЖИЕКТЕН КӨРІНГЕН КИТ

Дингоның адам таңқаларлық қылығы капитан Гульдің, миссис Уэлдонның және Диктің кеме кормосындағы әңгімелеріне әлденеше рет тақырып болғанын аңғару қиын емес. Кеме аспазының мінезі әзірге бұрынғысындай қалтқысыз бола тұра, жас матрос іштей Негороға сенімсіз қарады.

Бақтағы команда бөлмесінде болған әңгімеде, оқи білетін иттердің арасында Динго білімдірек, тіпті кейбір жаман-жәутік матростардан жақсырақ жаза алады деген сөздер айтылды. Егер ол әзір адамша сөйлемесе, оның құпия сырды сақтай тұруға байланысты бірер себебі бар шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий