Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бір сәтті күні,— деп шешенси кетті рульші Болтон, — бұл төбеттің маған келіп: «Болтон, біз бүгін қай жаққа қарай бет алып бара жатырмыз? Норд-вестке31 ме, болмаса вест-полунордқа ма?» деп сұрағанын әлі-ақ көрерсіздер. Әрине, сонда мен оған жауап қайырамын ғой.

— Тіл білетін хайуандар аз емес,—деді екінші матрос,— мысалы, сауысқандар, тотылар!.. Олар сөйлей білгенде, ит неге сөйлемеске? Ауызбен сөйлеуден гөрі, тұмсықпен сөйлеу анағұрлым қиынырақ болар.

— Дұрыс қой,— деді боцман Говик,— дегенмен, адамша сөйлейтін ит ешқашан болған емес.

Дүниеде адамша сөйлей алатын ит бар екенін «Пилигрим» командасы білсе, қайран қалар еді. Бір дотчан ғалымның жиырма сөзді анық айта алатын иті болыпты. Бірақ иттің сөзі мен мағыналы сөздің арасы жер мен көктей алшақ жатыр. Дотчан ғалымның итінің үн шығаратын мүшесі, дауысты анық шығара алатын болып ерекше жаралған. Бірақ ол ит айтылған сөздің мазмұнына, тотыдан немесе шықылдақ торғайдан артық түсінбеген. Сөйлей білетін хайуандар үшін бұл сөздер ән мен айқайдың бір түрі сияқты.

Қанша айтқанмен, әйтеуір «Пилигрим» бортында Динго ең қадірлі хайуан болды. Иттің осы ерекшелікті мақтан етіп мардамсымағанын айта кету керек. Капитан Гуль ағаш текшелерді иттің алдына бірнеше қайтара жайып тастап байқау жасады, бірақ Динго жаңылып не болмаса қобалжымастан «С» мен «В» әрпінің таңбасы салынған текшені ғана ала берді. Алфавиттің басқа әріптеріне қараған да жоқ.

Капитан Гуль осы тәжірибесін Бенедикт ағайдың алдында бірнеше рет қайталап жасады. Бірақ ғалымның бар ықыласы жәндікте болып, Дингоның қылығына ешқандай қызықпады.

Бұл сияқты қабілеттілік тек итке ғана тән деп ойлауға болмайды,— деді: ол бір күні.— Басқа да толып жатқан ақылды хайуандар бар. Бірақ олар да ит сияқты, ішкі сезімге бағынады. Дегенмен, кеменің апатқа ұшырап талқаны шығатынын алдын ала сезіп кемеден қашатын егеуқұйрықты мысалға алсақ та болады. Құндызды еске түсіріңіз, олар өзен суы көтерілер алдында өздерінің бөгеттерін биіктетіп алады, есектің қатері деген қатер тіптен тамаша; өлген иесін жоқтап, соның қайғысынан ақырында өзі де өлген атты да айта кетуге болады. Үйретілген кұстың үйретушісіне ілесіп бір сөйлем сөз сөйлегені де белгілі. Біз бір бөлмедегі қонақтың есебін дәл санап шығаратын тотыны да білеміз, оның бұл данышпандығын астраномия обсерваториясының есепшісі де күндер еді. Құмырсқалар үлкен қалаларымыздың құрылысшыларын үйрете алады. Мен титімдей ғана жәндіктердің де ақыл-сезімінің өрістегеніне шексіз мақтанамын. Бір кардиналдың (католик дінбасыларының бірі) тотысы туралы әңгіме бар, ол тоты бүкіл дұғаны мүдірмей қатарынан оқып шығатын болыпты; тоты бұл еңбегі үшін жылына жүз алтын ақша алып тұрыпты деседі. Физика заңын білмейтін су өрмекшісі су түбіне ау күмбезін орнатады, бүргелер желгіш ат сияқты арба сүйрейді, олар сапта тұрып жаттығу ісін карабинерлерден кем орындамайды, олардың зеңбірек атуы, Вест-Пойнтты32 бітіріп диплом алған зеңбірекшілерден ешбір кем емес. Жоқ, Динго сіздердің мақтауларыңызға лайық емес. Ал енді ол әліппеге жетік болса, онысы өз еңбегі боп табылмайды, бұл әлі де біз білмеген «сayатты иттер» тұқымынан шыққан болуы ықтимал.

Бірақ, көпшілік пікірінше, күншіл энтомологтың бұл сияқты сөздері Дингоның беделін ешбір кеміте алмады, ол туралы және иттер дүниесіндегі адам таң қаларлық уақиғалар жайындағы әңгімелер бақта бұрынғысынша өтіп жатты.

Итті мақтаған қызу әңгімеге жалғыз-ақ Негоро қатысқан жоқ. Әлде ол оны өте-мөте ақылды деп ойлайтын болар.

Дингоның кеме аспазына деген өштігі өзгерместен бұрынғы күйінше қала берді. Егер Динго, біріншіден, өзін өзі қорғауға қабілетсіз ит болса, екіншіден, оны бүкіл экипаж жақсы көріп қадірлемесе, Негоро Дингоның сыбағасын берер де еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий