Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Капитан Гульдің өзі және «Пилигримнің» бүкіл экипажы сүт қоректі хайуандарға сұқтана қараумен болды.

Егер сағат шебері әлдеқалай басқа бір бөлмеде ілулі тұрған сағатты көрсе, оған сағаттың бұрауы таусылған, бұрау керек сияқты көрінеді, ал енді кит аулайтын аңшы теңіз бетінде жатқан китті көрсе қайтер еді? Ұсақ аң аулаушыларға қарағанда, ірі аң аулайтын аңшылар, өз кәсібіне көбірек көңіл бөледі деседі. Егер ірі аңның желігі де күшті болса, онда піл мен кит аулаушылар қайтпек?

«Пилигрим» экипажы кеменің жүгін толтырмай елге қайтқандарына наразы еді, өйткені бұл жағдай матростардың табысын азайтқан-ды.

Капитан Гуль теңіз бетіне қараумен болды. Кит әлі алыста, көмескі көрінеді, бірақ танау тесігінен шаншылып аспанға атылған суға қарап, оның қай түрлі кит екенін шамалауға болатын еді.

— Бұл нағыз кит емес! — деді капитан Гуль.— Нағыз киттің фонтанынан мынаның фонтаны биігірек. Бүкіш те емес! Фонтанның шуылы, алыстан естілген зеңбірек гүріліндей боп шықса, бүкіш екен дей бер. Мына киттің шуылы мүлдем өзгеше. Дик, сен бұған қалай дейсің? — деді капитан Гуль бала жігітке қарап.

— Мен мұны жолақжон кит болар деймін,— деп жауап қатты Дик Сэнд.— Фонтанының күштісін қараңызшы. Егер жаңылмасам, бұл ерекшелік тек жолақжон киттерге ғана тән?

— Дұрыс айтасың, Дик! — деді капитан Гуль.— Ана қызыл судың ішінде жүзіп жүрген жолақжон екендігінде күмән жоқ.

— Қандай тамаша! — деп айқайлады кішкентай Джек.

— Ие, балақайым, ол алып хайуан жайбарақат көжесін сылқытып жүр, тіптен өзін кит аулаушылардың бақылап тұрғанын да сезер емес!

— Меніңше,— деді Дик Сэнд салмақты пішінмен,— бұл жолақжонның ең ірісі болса керек.

— Күмән жоқ! — деп жауап қатты капитан Гуль көзі жайнап.— Оның ұзындығы кем дегенде жиырма екі—жиырма үш метр.

— Тамаша! — деді боцман.— Осындай киттің алтауы болса, «Пилигримнің» жүгі жетіп жатыр.

— Ие...— деп күрсінді капитан Гуль.

Китті анықтап көру үшін бушпритке шықты ол.

— Егер біз осы китті соғып алсақ,— деп боцман оның сөзін жалғады,— бос тұрған кеспектердің кем дегенде жарымын майға толтырар едік-ау...

— Ие... шынында да... не! — деп күбірледі капитан Гуль.

— Бұл, ақиқат,— деді Дик Сэнд,— бірақ бұл алып жолақжонға шабуыл жасау — қауіпсіз де емес, қиын. Жолақжонның құйрығы сұмдық күшті болады, бұған сақтанып бару керек. Ең мықты деген қайықты, мұндай жолақжонның құйрығы бір соққаннан қалдырмай быт-шыт қылады. Бірақ бұл еңбекке тұрарлық олжа.

— Бұл жолақжон бізге аз олжа емес!— деді матростардың бірі.

— Бұл жолақжонмен тілдеспей өтіп кете берудің өзі өкінішті! — деп даурықты үшіншісі.

Осы жолақжонды аулауға бүкіл команданың көңілі кетті. Су бетінде жүзіп жүрген денеде жүз кеспек май бар. Тек кеспектердің аузын тосса болғаны — май өзінен-өзі сорғалап құйылғалы тұр.

Матростар бизан-мачтаның рейіне шығып, киттің әрбір қимылына сұқтана қарасып тұрды.

Капитан Гуль үндеген жоқ. Ойланып тырнағын тістей берді.

Мына жолақжон, аса қуатты магнит сияқты, бүкіл экипажымен «Пилигримді» өзіне қарай тартты.

— Мама! Мама! — деп кішкентай Джек кенет айқайлап жіберді.— Киттің түрін көргім келеді!

— Ах, балақайым, китті жақыннан көргің келді ме? Несі бар, сенің құмарыңды неге қандырмасқа? Рас емес пе, достарым? — деп капитан Гуль матростарға қарады, ол аңшылық желігімен бұдан былай қарыса алмады.— Бізде адам кемістеу... Дегенмен, қайтсек те амалдармыз деймін...

— Амалдаймыз, амалдаймыз! — деп матростар бір дауыспен айқайлап жіберді.

— Мен гарпуншылық міндетін бірінші рет атқарғалы тұрғаным жоқ, ұмытып қалмадым ба екен, байқап көрейін...

— Ура! Ура! Ура! —деп экипаж бір ауыздан жауап қайырды.

Жетінші тарау

АУҒА ДАЙЫНДАЛУ

Сүтқоректі алыптың көрінуі «Пилигрим» экипажына неліктен бұл сияқты қозғау салуы, әрине түсінікті мәселе. Теңіз бетінде қызыл алаптың ортасында жүзіп жүрген кит орасан ірі көрінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий