Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бұл китті соғып алып кеме трюмін толтырсақ деген үміт — олқы құмарлық емес! Аңшылар бұл сияқты ұтыры келіп тұрған жағдайдан қайтып қана құр алақан қала алсын?
Миссис Уэлдон капитан Гульден:
— Бұл китке шабуыл жасау қауіпті емес пе? — деп сұрады.
— Жоқ, миссис Уэлдон,— деп жауап қатты капитан Гуль — Ешқандай қауіп жоқ... Китті жалғыз қайықпен әлденеше рет аулағаным бар, көздеген мақсатыма жетпей қайтқан сапарым болған емес. Қайталап айтамын, бізге төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, ендеше, сізге де қауіп жоқ.
Миссис Уэлдонның көңілі орныққандай болды, ол басқа жағын қайтып сұрамады да.
Капитан Гуль сол сағатында жолақжонды аулауға керекті дайындықтар жасауға бұйырды. Ол осы жолғы аушылықтың қиынға соғатынын жақсы білді, сондықтан да сақтануға қажетті барлық шараларды қолдануға ұйғарды. Кит аулауға үш қайық баруы керек еді, капитан Гуль сол үш қайықтың орнына болғаны жалғыз-ақ қайық жібере алатын болды. Кит аулау маусымында «Пилигримнің» тұрақты командасына жәрдемдесу үшін Жаңа Зеландиядан матростар мен гарпуншылар алғанын жоғарыда айтып өттік. Қазіргі кезеңде ол жәрдемші команда жоқ, енді «Пилигримнің» ауға шығара алатыны тек болғаны бес-ақ матрос, былай айтқанда бір қайықты басқаруға қанша адам керек болса, сонша адам шығара алады. Өз еңбектерін асыға ұсынған бес негрдің жәрдемін капитан Гуль қабылдамады: өйткені, кит аулауда қайықты басқару тек қана тәжірибелі теңізшінің қолынан келеді. Китке шабуыл жасаған кезде рульдің епсіз қимылы немесе ескектің мезгілсіз есілуі қайықты апатқа ұшыратуы ықтимал.
Тағы бір қиын мәселе, капитан Гуль кемеде ең болмаса бір тәжірибелі матрос қалдырмай кете алмайды, дүние деген алмағайып нәрсе ғой.
Бірақ кит аулайтын қайыққа адамның әлдісі керек, капитан амалсыздан кемені Дикке тапсыратын болды.
— Дик,—деді ол, — ауға кеткен уақытымда, сені өзімнің орынбасарым етіп қалдырамын. Аушылық ұзаққа созылмас деймін.
— Құп болады, капитан!—деп жауап қатты жасөспірім.
Диктің өзі де кит аулау ісіне қатысқысы келіп еді, бірақ ол, қайық үстінде тәжірибелі кит аулаушы пайдалырақ екенін және «Пилигримде» капитан Гульдің орнын өзі ғана баса алатынын ескерді. Сондықтан да ол сөз қайырмай капитанның бұйрығына бағынды.
Сөйтіп, «Пилигрим» командасы түгелдей ауға аттанды Төрт матрос ескек есуге отырды, ал боцман Говик өзінің үйреніп қалған жұмысы рульді артқы есікті ұстады. Руль тез маневр жасауға мүмкіндік бермейді. Егер китке шабуыл жасаған кезде ескек күректер жазатайым сынып қалса, шебер теңізші жалғыз артқы күректің өзімен-ақ, жараланып жан ұшырған хайуанға қайықты соқтырмай аман әкете алады.
Капитан Гуль гарпуншы орнында тұрады, бұл міндет оның бірінші рет атқарғалы тұрған ісі емес, осы орында тұрып талай китті гарпундаған болатын. Оның атқаратын міндеті — китке гарпун лақтыру, гарпун сабына байланған ұзын арқанның тарқатылуын қадағалау және жараланған китті мұхит бетінде жүзіп жүргенінде шанышқылап өлтіру еді.
Кейде кит аулау кәсібіне дәрімен атылатын зеңбірек сияқты қарулар да қолданылатын. Кеме бортына немесе қайықтың тұмсығына ерекше жасалған зеңбірек орнатады да, жарылатын снаряд немесе сабына арқан байлаған гарпун атады. Бірақ «Пилигримде» бұл сияқты құралдар жоқ-ты. Дұрысын айтқанда теңізшілер мұндай жаңа әдістер қымбатқа түседі және оның тетігін кім көрінген біле бермейді деп жаратыңқырамайтын, сондықтан да өздерінің үйреніп қалған қарапайым құралы — гарпунды қолданатын-ды. Сөйтіп, капитан Гуль өзінің ескілікті қаруымен ғана ауға аттанды. Жолақжон «Пилигримнен» бес миль шамасы қашықта еді.
Ауа райы да аңшыларға кесірін тигізбей жәрдем еткісі келген тәрізді. Теңіз де тыныш, бұл жағдай қайықты басқару ісіне жеңілдік береді. Жел жоқтың қасында, экипаж ауда жүргенде «Пилигримді» бір жаққа жел айдап әкетеді деп қауіптенудің орны жоқ.
Штирборттағы қайық суға түсірілді, төрт матрос қайыққа түсіп өз орындарына отырды.