Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сөйтіп, Дингоның бұрынғы иесінің кім екенін және оның Африкаға қалай барып қалғанын ешкім білмеді ме?

— Ол жағы ешкімге мәлім емес, капитан. Иттің тағдыры тастап кеткен нәрестеден де жаман ғой: өйткені, оның ешқандай документі, айтуға тілі жоқ.

Капитан Гуль ойға қалды.

— Сіз, бұл екі әріптен бірдеңе түсіндіңіз бе? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Ие, миссис Уэлдон, бұл әріптер мені ойға қалдырып тұр... Дегенмен, мүмкін, әлдеқалай дөп келе қалған болар.

- Қалайша?

- Бұл екі әріпте мән болуы мүмкін, бұлар бір ержүрек саяхатшының тағдырын анықтауға жәрдем етер деймін.

- Сіздің не айтқалы тұрғаныңызға түсіне алмадым.

- Миссис Уэлдон, сабыр етіңіз, қазір айтам: 1871 жылы, дәлірек айтқанда, бұдан екі жыл бұрын, бір саяхатшы континентті батыстан шығысқа қарай кесіп өтпек болып, Францияның географиялық қоғамынан тапсырма алып, Африкаға жөнелген. Оның экспедициясының аттанған жері дәл Конго өзенінің жағасы болатын. Барып тірелетін ақырғы пункті Ровум өзенінің сағасындағы Дельгадо мүйісі; саяхатшылар Ровум өзенін жағалап төмен ағуға ниеттенген. Ол Самюэль Верной деген адам еді.

- Самюэль Вернон?! — деп қайталады миссис Уэлдон.

- Ие, Самюэль Вернон. Байқайсыз ба, ол кісінің аты мен фамилиясы Дингоның алфавит ішінен аралап алған әріптерінен басталады, және ол әріптер оның қарғы бауына ойылып жазылған.

— Шынында да сәйкес екен,— деді миссис Уэлдон.— Ал сонымен ол саяхатшы не болды?

— Ол кісі экспедицияға аттанып кеткен,— деп жауап қатты капитан Гуль,— сол күннен бері одан ешқандай хабар жоқ.

— Мүлдем хабарсыз кетті ме? — деп сұрады Дик Сэнд.

— Ие, мүлдем хабарсыз,— деді капитан Гуль.

— Бұдан нендей қорытынды шығармақсыз?—деп сұрады миссис Уэлдон.

— Демек, бұл ит...

— Бұл ит, Самюэль Вернонның иті болса керек. Бірақ егер менің болжалым әділетті болса, Динго қожасынан гөрі бақыттырақ: ол өзін «Вальдектің» капитаны тауып алған жерге, Конго өзенінің сағасына кері оралып жетуіне мүмкіндік болды.

— Капитан, сіз мынаны айтыңызшы, француз саяхатшыға ит еріп шыққанына сеніміңіз бар ма, әлде бұл сіздің тек жорамалыңыз ба?

— Жоқ, миссис Уэлдон, бұл менің тек жорамалым ғана,— деп жауап қатты капитан Гуль.— Дегенмен, Дингоның бүкіл алфавит арасынан «С» пен «В» әрпін ажырата білуі, Самюэль Вернонның иті екендігіне талассыз дәлел бола алады. Әрине, иттің жиырма алты әріптен құралған алфавит арасынан екі әріпті ажырата білуді қайдан және қалай үйреніп жүргенін айта алмаймын. Әйтеуір сол екі әріпті Дингоның білетіні анық, ана қараңызшы, оның текшелерді аяғымен ысырып қоюы, мынаны оқыңыз деп бізге жалынған сияқты емес пе?

Шынында да Дингоның қылығын басқаша пайымдауға болмайтын еді.

— Бұл қиын экспедицияға Самюэль Вернон жалғыз шыққан ба? — деп сұрады Дик Сэнд.

— Білмеймін,— деді капитан Гуль.— Бірақ жергілікті халықтан жүк көтеруші отряд алуы ықтимал.

Осы минутта Негоро палубаға шыға келді. Алғашқыда оның келгенін ешкім байқаған жоқ, және «С» пен «В» әрпін бұрынғысынша аяғымен басып тұрған итке португалдың отты көзімен қарағанын да ешкім сезбесе керек. Бірақ Динго кеме аспазын көрісімен, тісін ақситып ызалана ырылдады.

Негоро сол сағатында кері бұрылып өзінің каютасына кіріп кетті, бірақ оның итке қарап өткен отты көзінде ешқандай жақсылықтың нышаны жоғы айқын еді.

— Мұнда бір құпия сыр бар екен,— деп күбірледі капитан Гуль.

— Иттің алфавит ажыратуды үйренуі ғажап емес пе? — деді Дик Сэнд.

— Жоқ, жоқ! — деп айқайлады кішкентай Джек.— Мамам оқи да, жаза да білетін иттің әңгімесін маған талай айтқан. Ол иттер тіптен мектеп мұғалімі сияқты домино ойнауды да біледі екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий