Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өзіңіз байқасаңыз, миссис Уэлдон,— деп капитан Гуль сөзін жалғастыра берді,— ол кәзірдің өзінде-ақ штурвал вахтасында тұрып, бушприт басынан көзін айырмайды. Ол аса ұқыпты да, басқа нәрсеге алаңдамайды, сондықтан да кеме өз бетімен қаңғымай, бет алған бағытқа тура жүреді. Бұл балада осы күннің өзінде-ақ тәжірибелі рульшінің қалпы бар. Бұл әдет теңізші үшін жақсы бастама. Сіз білесіз бе, миссис Уэлдон, жақсы теңізші болу үшін теңізшілік кәсібімен бала жастан шұғылдану керек. Жастайынан матростық қызметін атқармаған адам, ешуақытта да жақсы капитан болып шыға алмайды, әсіресе сауда кемесіне капитан бола алуы мүмкін емес. Балалық шағыңда бәрінен де сабақ алсаң, сенің істеген ісіңнің орынды болып шыға беретіні былай тұрсын, тіптен ішкі сезімнің өзі-ақ істетеді, соның нәтижесінде, кеменің желкенін ауыстырған сияқты, оп-оңай тоқтамға келесің.

— Дегенмен, озат теңізшілер соғыс кемелерінде де аз емес қой,— деді миссис Уэлдон.

— Әрине, бірақ мен білген озат теңізшілердің бәрі де қызметті жастайынан теңіз ісінен бастаған. Бұл жөнде Нельсонды,28 тағы басқа озат теңізшілерді еске алсақ та жетеді.

Осы минутта Бенедикт ағай каютасынан шығып палубаға көтерілді. Ол бұрынғы әдетінше ойға шомған күйі, жарық саңылау біткенді сығалап, борттың смола жабысқан жерлерін тіміскілеп, абыржыған кескінмен палубаны кезе берді.

— Жайыңыз қалай, Бенедикт ағай? — деді миссис Уэлдон.

— Рақмет, Уэлдон қарындас... Шүкір, жаман емес... Ренжитін жөнім жоқ... Әйтсе де, тезірек жерге жетсек екен деймін, мені асықтырып жүрген тек осы ғана.

— Бенедикт мырза, сіз скамейка астынан не іздеп жүрсіз? — деп сұрады капитан Гуль.

— Шыбын-шіркей іздеп жүрмін, сударь! — деп кейіген кескінмен жауап қатты Бенедикт ағай.— Мен олардан басқа не іздеуші ем.

— Шыбын-шіркей? Бір өкінішті жері, сізге әлде де болса шыдай тұруға тура келер, ашық теңізде коллекцияңызды толтыра алмассыз деймін.

— Толықтырмайтын несі бар? Кеме үстінде шыбын-шіркейлердің бірнеше түрі болатыны түсінікті...

- Жоқ, Бенедикт ағай,— деп миссис Уэлдон оның сөзін бөлді.— Сіздің капитан Гульге ренжуіңіз тым-ақ орынды. Бұл кісі кемесін барынша таза ұстайды, сондықтан сіздің шыбын-шіркей іздеп әуре болуыңыз бекершілік.

Капитан күліп жіберді.

— Әрине, миссис Уэлдон әзілдейді ғой,— деді ол. — Бірақ, егер сіз каютадан шыбын-шіркей іздесеңіз, шынында да уақытты бекерге өткізерсіз-ау деймін.

— Білемін, білемін! — деп Бенедикт ағай ызалана айқайлап, иығын қомдай түсті.— Каюталардың ұңқыр-шұңқырын қалдырмай әбден қарап шықтым...

— Бірақ сіз трюмді тінтіп көрсеңіз,— деп капитан Гуль сөзін жалғастыра берді, — ол жерден тарақан табуыңыз ықтимал, әрине, ол сияқтылар сізге қажет бола қалса...

— Қажет болуында сөз жоқ! Олар тамақ таңдамайтын тік қанатты жәндіктер, мекендейтін жері...

— Былғанышты, лас...— деді капитан Гуль.

— Борт патшалығы!—деп Бенедикт ағай оның сөзін түзей қойды.

— Тарақан патшалығы!

— О, сударь, сіздің энтомолог емес екендігіңіз бірден-ақ көрініп тұр.

— Ешқандай да.

— Сіз мынаған құлақ салыңызшы, Бенедикт ағай,— деп күлді миссис Уэлдон, — ғылымды сүйсеңіз де, дымыңды шығармай тарақанға жем бола беріңіздер деп айтпассыз деймін?

— Қарындас Уэлдон, сізге ешқандай талабым жоқ! — деп жауап қатты қызуланған энтомолог.— Менің талабым біреу-ақ, ол сирек кездесетін жәндіктермен коллекциямды толықтыру ғана.

— Демек, сіз жаңазеландиялық табыстарыңызға наразы екенсіз ғой.

— Керісінше, қарындас Уэлдон, өте ризамын. Мен ол жерден стафилин деген қоңыз ұстадым, бұл қоңызды менен бұрынғы ғалымдар тек қана Жаңа Каледониядан тапқан.

Манадан бері Джекпен ойнап жүрген Динго, осы сәтте Бенедикт ағайдың қасына келді.

— Кет әрі, кет! — деп ақырды ол итті итермелеп.

— О, Бенедикт мырза!—деп үн қатты капитан Гуль.— Итті жек көріп, тарақанды тәуір көргеніңіз қалай?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий