Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Гафель —бір басын мачтаға жантайта бекіткен бөрене. Жоғарғы желкендер осы бөрене арқылы көтеріледі.

Гафель-гардель ─ гафельдің алдыңғы ұшын көтеруге қызмет ететін құрал

Гик ─ бір басы мачтаға бекітілген көлденең бөрене.

Гиттер ─ желкеннің төменгі жиегін жоғарғы басына қарай тартатын(сиыратын) арқан-жіптер.

Грот-грот ─ мачтегі төменгі желкен.

Грот-мачта ─ мачтаны тұмсық жағынан екіншісі.

Дирик-фал ─ гафельді көтеретін құрал

Каперлер ─ теңіздегі дұшпан кемелерін ұстаудан тұтқындауға дейін өз үкіметінен ұлықсат алған каперлік жеке меншік кемелер.

Кат-балклер — зәкірлерді палубаға көтеруге арналған кеме тұмсығындағы кран іспетті бұрылмалы, төрт қырлы бөренелер.

Килъ ─ кеменің астыңғы жағына ұзыннан салынған жуан бөрене. Кеменің негізгі бөлшектерінің бәрі осы бөренеге бекітіледі.

Кильватер ─ кеменің артында қалатын құйрықты жұлдыз секілді ақсонар із. Мыс: кильватерде жүру дегеніміз ─ алдыңғы кеменің ізін қуалап жүру деген сөз.

Кливер — кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық желкендердің екіншісі.

Кливер-фал— кливерді көтеретін арқан-жіп.

Клипер — желкенді кемелердің аса жүрдек (жүйрік)түрлерінің бірі.

Клотик — мачтаның немесе стеньганың төбесіне жабылған ағаш дөңгелек.

Клюз ─ зәкір шынжыры өтетін борттағы тесік.

Кнехтеp ─ палубаға бекітілген, тросты орауға арналған темір тұғыршалар.

Коммингс - су кіріп кетпес үшін биіктеу жасалған люктің жиегі.

Корма —кеменің артқы жағы (бөлігі).

Кафель ─ нагель-мачта шеңберінің тесігіне кигізілген діңгек (құрал-саймандарды бекітуге немесе іліп қоюға арналған).

Лаг ─ кеме жүрісінің жылдамдылығын немесе оның жүріп өткен жолын өлшейтін (анықтайтын) аспап.

Лаглинь ─ лаг қалтқысын байлайтын жіп.

Леер ─ екі ұшы екі жаққа (діңгекке) бекітілген ұзын жіп. Бұл көбінде кейбір желкендерді қоюға, ал кейде кәдімгі кір жаға үшін пайдаланылады.

Ликтрос — желкен жиектерін көктеуге арналған жұмсақ трос.

Марсовые — мачта желкендерін қоюға немесе жинап алуға бейімделген мастростар.

Теңіз милі (миль) ─ 1 миль-1852 метрге тең ұзындық өлшемі.

Бортқа! (на борт) ─ жүргізу тұтқасын шегіне дейін бұрау.

Найтовы ─ тросты немесе шымжырлы бекіту.

Нирал ─ желкендерді жинар кезде оларды төмен тартатын құрал

Нок ─ кез келген көлденең немесе қиғаш бөрененің сыртқы ұшы (басы); мыс: гафельдің ногі.

Обводы ─ кеме қаңқасының түрі (формасы)

Оверштаг ─ "оверштаг бұру" ─ кеме жел арнасын тұмсығымен кесіп өтерде, желге қарсы шұғыл бұрылу.

Остойчивость ─ жел немесе су ағысы қисайтқан кезде кеменің түзу қалыпқа қайта түсуге икемділігі.

Пиллерстер ─ палубаны астынан ұстап тұратын тік бөренелер.

Планшир ─ шлюпка бортының немесе кеме фалынбортының үстіңгі белағашы.

Полветра ─ "полветрде"─галфинд деп аталатын кеме бағытының екінші атауы (кеме жүрісі жел бағытымен 10"-тан 80°-қа дейінгі аралықты құрайды).

Полубак ─ кеме тұмсығындағы палуба үстінде орналасқан алаңша.

Ракс-бугель ─ мачта бойымен ары-бері жүгіріп тұратын қармақты сақина. желкеннің үстіңгі жиегі бекітілетін сырықшаны көтеруге арналған.

Рангтоут ─ желкендер байланатын ағаш немесе металл бөліктер.

Риф ─ "рифке алу"─желкеннің төменгі етегінен бастап сиыра жинау арқылы оның көлемін кішірейту. Желкендер негізінен қатты жел кезінде рифке алынады.

Рубка ─ жоғарғы палуба үстіне тұрғызылған кішкентай үйшік. Кеме жүрісі осы үйшіктен басқарылады.

Румпель ─ жүргізу тұтқасының (руль) үстіңгі бөлігіне кигізілген мүйізшелер . Руль осы мүйізшелер көмегімен бұрылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий