Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе — өзара түсіністік, адамның адамгершілігін құрметтеп сыйлай білушілік, жолдасыңның ерлігін әділ түрде мадақтай, көтере білуге ұмтылу, сөйтіп өзіңнің де ірі қаһармандық істер жасауға құлшына білушілігің болмақ.

Командирдің атқаратын міндеттері қыруар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — жауынгерлерді достыққа тәрбиелеу мен достық қарым-қатынасты орнықтыру және жолдастық байланыстарды, бөлімшелердің бірлігін нығайту. Әскери бөлімнің күші — жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.

Майданда жауынгерлік өмірдің барлық қиындықтары мен қуанышын бірге бөліскен әрі жауынгерге тән қызу жүректілікпен үндеуіме үн қатқан, мені түсініп, маған сенген панфиловшылардың арасында өзімді ерекше бір рухани жағынан бай әрі бақытты сезіндім, мұны өзімнің тылдағы жолдастарыма қатысты айта алмаймын. Біздің күшіміз — достықта. Жолдасыңды ұрыста қауіпті жағдайдан сақтай біл.

Мен бұл қарапайым ұғымдардың бәріне қысқаша анықтама бердім. Алдағы болатын әңгімелерімізде біз бұл ұғымдарға әлі талай оралатын боламыз. Бұл ұғымдар жауынгерлік өмірдің мысалдарымен толықтырылып отырады және қажет болған жағдайда түсініктемелер беріледі. Ал әзірше жоғарыда айтылған барлық мәселелер жөнінде қысқаша қорытынды жасаймын.

1. Ақыл — таниды, анықтайды, тапсырма береді, жоспарлайды, іс-қимылдың әдіс- тәсілдерін және мақсатқа жету жолдарын көрсетеді.

2. Ерік — құралдарды іс-әрекетке, қимылға келтіреді, бұйрық, жарлықты орындайды, күш-қуатты демейді, яғни ерік дегеніміз — өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілігі мен қабылдаған шешімді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қабілеттілігінің үйлесімділігі.

3. Сезім — пайдалы қызметті арттырады, еңбек өнімділігін жоғары шегіне немесе құлдырауға, іс-әрекетсіздікке дейін көтереді немесе төмендетеді.

4. Ар — парыздың қаншалықты дәрежеде орындалғанын таразыға салады, көңіл күйі мен адамның қызметіне қозғау салып, оятады — соның әсерінен бойдағы күш-қуат артыпнемесе кемиді, сергектік (мақтаныш), орындалған парыз немесе орындалмай қалған парыз үшін жанды жегідей жеген ұяттан азап шегіп, мұң басып, ұнжырғасының түсуін саналы түрде түсінеді.ЕКІНШІ КҮН20 январь, 1944 жыл.

Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейінБауыржан Момышұлы. Жолдастар! Біздің үш сағат уақытымыз босқа кетті. Мен бұл әңгімені 6-7 сағатқа есептеп едім. Алғашқы тақырыпты асығыс түрде аяқтағым келмейді, сондықтан бүгін 3-4 сағат уақытты кешегі айтылған тақырыпқа бөлемін. Әңгімеміздің соңында солдат жөнінде тағы да аздап тоқталамын.

Келесі мәселе — офицер, командир.

Командир, офицер қандай болуға тиіс? Офицерлер негізінен үш категорияға бөлінеді. Мен иығына погон тағып, әскери форма киген қарапайым адамдарды емес, саптағы офицерлерді айтып отырмын. Сонымен: 1-категорияға — жақын қашықтықта ұрыс жүргізетін офицерлер; 2-категорияға — тактикалық ойлау мен тактикалық мақсаттағы офицерлер; 3-категорияға — оперативтік ойлау мен оперативтік мақсаттағы офицерлер

(генералдар) жатады. Мен пайымдау мен ойлау деген ұғымдарды айтқан кезде, оған ешқандай да түсінік беріп жатудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.

Офицерлерді бұлайша бөліп қарастыруды сіздер әскери әдебиеттен таба алмайсыздар, қалай болғанда да, өзім де кездестірмедім. Бұлай бөлу тым дөрекілеу де болып көрінуі ықтимал, дегенмен осылайша шартты түрде бөлуге болатын сияқты. Бұл топтағы әрбір офицердің жауынгерлік қатарда, ұрыс кезінде өз орны, міндеті болады. Олардың айырмашылығы басшылық ету масштабына, ойлау мен қызметке тағайындалуына байланысты. Офицер қандай көлемдегі істерді атқаруы тиіс, оның міндеттерінің ауқымы қандай?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий