Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жеке үлгі-өнеге дегеніміз — бұл инициатива көрсету болмақ. Мен бұл жерде аздап шегініс жасай кетейін. Рота жер бауырлап жатыр, адамдарды шабуыл жасауға көтеру қажет. Дұшпан сөзсіз оларды оқ бората қарсы алады. Командир: «Алға, шабуылға бастаңдар!»— деп команда береді. Мен әзірше команда беріле салысымен-ақ, адамдардың бірден өре көтеріліп шабуылға шыққанын кездестіре қойған жоқпын. Мұның өзі әбден заңды да, өйткені кімнің өлімге бас тіккісі келеді дейсіз? Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ. Мұндайда батылдау бір адам орнынан ұмтылса, онда барлық рота көтеріле жөнеледі. Әрине, шабуылға шыққан кезде бүкіл рота батыл, бірақ та олардың ішінен батылдауы кім? Алғаш болып көтерілген адам ғана батыл болмақ. Осыдан келіп, төмендегідей «инициатива — батылдыққа жол бастар» деген қорытынды жасалынады. Солдатта жұрт жек көретін тобырлық сезім болады. Мен мұны мұндай жағдайда коллективтің жауынгерлік ынтымағының асыл қасиеті деп білемін. Әрине, тобырлық сезімнің жаман жағы да бар. Өлім қаупіне қарамастан шабуылға кім бірінші болып бастаса, рота жеткен табысы үшін соған міндетті, қарыздар болмақ. Бәлкім, ол бұл шабуылда ешкімді де өлтірмес, бірақ та ол бірінші болып көтерілді, оны осы үшін де наградтау керек. Өйткені әңгіме оның бұл шабуылда қанша жауды шаншып өлтіргендігінде емес, оның алғашқы болып орнынан көтеріліп үлгі көрсеткендігінде, сөйтіп өзінің соңынан қалғандарды бастап алып кетуінде болып отыр. Әрине, одан қалып қою ұят, сондықтан қалғандар да көтеріліп, шабуылға шығады. Тіпті шабуыл кезінде ерлік жасаған адам да сондай-ақ бірінші болып солдаттарды жауға қарсы көтерген жауынгерге борышты. Егер жеке үлгі-өнеге өзіне еліктіре алмайды екен, онда бұл жеке үлгі-өнеге болмағаны, оның ешкімге де керек болмау себебі - өзінің міндетін ақтай алмағандығынан.

Командирдің мұндай үлгі-өнеге көрсетпегені жөн, оған тәуекелге бел бууға болмайды.

Егер командир үлгі-өнеге көрсетемін деп опат болса, онда оны есерсоқтықтан опат болды деп айтуға болады. Өйткені мұндай үлгі көрсетудің қажеттігі жоқ еді, ал ол болса қызбалық жасап, өз міндетін ақтай алмады. Қайталап айтамын, жеке үлгі-өнеге мәселесі -бұл тұтас бір тақырып. Ұрыстағы жеке үлгі-өнегенің ерекшелігі — командир өте сақ болғаны жөн және үлгі-өнегені жұрттың көз алдында әрі қажетті кезде ғана көрсеткені орынды.

Әскерлерге басшылық ету мен оларды басқарудың негізін (рас, бұл тым қатты айтылған) мойынсұнбаушылық пен күрес құрайды. Нағыз солдат болу оңай емес, дегенмен командирге де әскерді тәртіпке көндіру оңайлыққа түспейді, ал соғысу одан да қиынырақ.

Сапта тұрғанда мойынсұнушылық, бағынушылық ұрыс кезіндегі мойынсұнбай, бағынбай кетушілік жағдайларының болмауына кепілдік бере алмайды, кедергі әрбір қадам басқан сайын ұшырасып отырады, сондықтан да командир үнемі өзінің бөлімін жинақылық жағдайда, дайындықта ұстағаны жөн, атты әскерлер «атты жолға әзірлеңдер» демейтін бе еді? Кімде-кім өзінің қарамағына тәртіпті адамдар келді, әрі бәрі де қалпында, ойдағыдай деп есептейтін болса, онда ол адам қателеседі — бұл мұнымен де бітпесе керек.

Мойынсұнбаушылықпен, бағынбаушылықпен күрес туралы әңгіме айтқан кезде мен қарсылық білдіру деген сөзді «бунт» мағынасында емес, одан анағұрлым кеңірек мағынада түсінемін.

Бұл жөнінде повесте кеңірек таратыңқырап жазылады. Командир мен оның қарамағындағы адамдардың өзара қарым-қатынасында демократизм элементтерінің болмағаны жөн, яғни әмір етушілер мен мойынсұнушылардың өзара қарым-қатынасында тек жалған демократизм бар, оның армияда мүлдем керегі жоқ.

Командирдің берген жарлығы (бұйрығы) бұл бағынуға негіз болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий