Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Адамдардың белгілі бір мақсат және міндеттен, белгіленген тәртіп пен ережені сақтай отырып жиналуынан ұйымдасқан топ, қоғам деп атайды, оның бұлай аталу себебі — қатысушылардың барлық іс-әрекеті жоспарлы түрде осы жиынның, жиналыстың мақсат- міндетіне бағынатындықтан.
Береке-бірліктің, нысаналы мақсаттың, ұйымшылдықтың жоқтығы, төменгі психологиялық ниет-мүдденің итермелеуімен стихиялы түрде жиналу, қатысушылардың айқын, біртұтас мақсаттарының болмауы — біздің санамызға бейұйымшылдықтың символы ретінде орныққан тобыр деген ұғымның мән-мағынасын береді.Басқарудан, яғни ұйымшылдықтан, тәртіптен, демек, бірлескен қимыл-әрекеттің бірлігі мен жоспарлығынан айырылып қалу кез келген адамдардың ұйымдасқан тобын тобырға айналдырады, адам ақыл, ерік, күшінен айырылады да, адамдардың үлкен бір тобы сан жағынан әлдеқайда аз ұйымдасқан топтың оп-оңай-ақ жемтігіне айналады, алғашқы соққыдан-ақ мұндай қарсылық көрсету қабілетінен айырылған тобыр шілдің қиындай шашырап, быт-шыты шығады.
Соғыс тәжірибесі кейде жеңіліске тек күш пен техниканың аздығынан ғана емес, көпшіліктің күш-жігерін бір мақсатқа жетуге жұмылдыратын, біріктіретін ұйымшылдықтың, басқарушылықтың жоқтығынан немесе белгілі бір себептерден басқарудан айырылып қалушылықтан ұшырайтынын көрсетіп жүр.
Тобыр бейұйымшылдықтың салдарынан басқаруға, ерікке көнбей кетеді. Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды. Бет-бетімен кеткен мұндай шырғалаң бейберекетсіз кезде адам жан далбасалап жөнсіз, тиянақсыз қимыл әрекет жасайды, тобырдың арасында сасып, сасқалақтап, есі шығып бағдарынан айырылып қалады. Тобырдың іс-әрекетіне жауап беретін адамды табу мүмкін емес деп түсінушілік жаман әрекет жасауға себеп болады, парызын ұмытуға, қылмыс жасауға итермелейді, толық жауапсыздық тудырады, ал ұйымдасқан қоғамда, ортада адам мұндай бейберекетсіз әрекет жасаудан қорыққан, тартынған болар еді.
Есі шыққан топ тез нанғыш келеді әрі оны оп-оңай ырыққа көндіріп алып кетуге болады, сондықтан да парасатты адамның сенімді дауыс ырғағымен сөзсіз, талап ету формасы түрінде берілген жігерлі де әмірлі бұйрығы әп-сәтте-ақ тобырды басқарушының еркіне мойынсұндырады.
Тобыр әдетте еркінен айырылып қалады да, жан далбасалап жолбасшының соңынан тартып отырады. Басшының қолында тобырдың ақыл-ойын, тобырдың ерік-жігерін, тобырдың сезімін жұмылдыратын, ортақ іске шоғырландыратын күш бар, мұның өзі қарсылықсыз мойынсынуға, бағындыруға мүмкіндік береді. Басшы тобырдың ақыл-ойын және еркін билейтін орталық сияқты.
Ұрыс даласында басшы — сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы керек.
Ерік — қозғаушы күш ретінде адам қызметінің негізін құрайды, жеке адам ерік-жігерін жалпы күшке біріктіре отырып, қарамағындағы адамдардың еркін бастықтардың еркіне яғни мойынсынушылардың еркін әмір етушілердің еркіне табиғи түрде тәуелді ете отырып дамып, көрініс табады. Қарамағындағы адамдардың еркін аға бастық өз еркіне бағындырып, ортақ мақсатқа бағыттайды. Командирдің бойынан көрініс табатын жалпы мықты ерік-жігер барлығына бірқалыпты, асып-саспай, сенімді әрекет жасауға, табандылықты, тұрақтылықты және жағдайға сәйкес күш-жігерді арттыруға мүмкіндік жасайды.
Командирдің әлсіз ерік-жігері қарамағындағы адамдарды тұрақтылығынан, орнықтылығынан айырады, жоспарлы бір қалыпты іс-қимылын бұзады, жауынгерлердің рухани күшін әлсіретіп және күрес жүргізудің материалдық құралының бөлшек-бөлшегін шығарады, тәртіпсіздік, берекесіздік тудырады. Командирдің әлсіз ерік-жігері көбінесе бұйрықты жиі-жиі ауыстыра беруіне немесе берілген бұйрық-жарлықтың айқын, нақты еместігінен, бұлыңғырлығынан және оның жеке қимылынан да көрінеді.