Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    3.3 (7 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.

Жаман адам төршіл.

Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз.

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Жақсылыққа жақсылық, әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық, ер кісінің ісі.

Жақсы арман оздырар, жаман құлқын тоздырар.

Жақсыға қылған жақсылық өміріңде тозбайды.

Жаманға қылған жақсылық бір күнгідей болмайды.

Құдықтан су ішкен, қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген, еккенге рахмет айтады.

Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

Жауызға айтқан жылы сөз - суға жазған сертпен тең.

Қадіріңді білмеске қадамыңды көтерме.

Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.

Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.

Өзі болған қыз төркінін танымайды.

Саңырауға сәлем берсең "атаңның басы" дер.

Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.

Жалқаулық, еріншектік туралы

====================

Жалқаудың соры - байлығы.

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың.

Ер тынысы - еңбек, ез тынысы - ермек.

Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.

Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

Саудың асын ішіп, аурудың ісін істейді.

Жақсы мұраптың соңынан су ереді, жаман мұраптың соңынан шу ереді.

Егінді жабайы шөп аздырар, ерді еріншектік аздырар.

Ермек қуған бәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.

Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.

Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.

Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.

Жалқауға күнде той.

Жалқауға от басы айшылық жер.

Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.

Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді.

Жалқаулық - жаман ауру.

Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.

Істемеген тістемейді.

Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп.

Тілде бар да, істе жоқ.

Ерінбесең еңбегің өнеді.

Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме.

Орақшының жаманы орақ таңдайды.

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Жалқаудың жауы - жұмыс.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Еңбекшіге әр күн сәт, еңбексізге бір күн сәт.

Жүріп шаршаған, тұрып тынығады.

Тұрып шаршаған, отырып тынығады.

Отырып шаршаған қалай тынығады?

Еріншекке бүгіннен ертең оңай.

Еріншекке жоқ сылтау.

Жақсы қойшының төлі түлеп туады, жаман қойшының төлі жүдеп туады.

Бағайын десе малы, ауырайын десе ауруы жоқ.

Балық аулай алмаған, суды лайлар.

Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды.

Диқан нанын жейді, жалқау арын жейді.

Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды.

Еңбексіз елге сыймас.

Істеу қиын, сынау оңай.

Еріншек егішіден елгезек масақшы озыпты.

Шегені қаға білмесең - қолыңды ұрасың, түймені таға білмесең - қолыңа ине тығасың.

Ханның қызы шөміш ұстаса, қолын құс басады.

Жаман болатын жігіт шегіншек келер.

Жан аяр жау жеңе алмас, еріншек егін еге алмас.

Айран ұйытса, іріткен, тері илесе шіріткен.

Аңдар туралы

=========

Арыстанда бір кісінің күші бар,

Қырық кісінің жүрегі бар.

Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,

Қырық кісінің күші бар.

Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий