Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    3.3 (7 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз

Ер- егіз, еңбек- жалғыз

Құдай бір ұрғанды, қос қолдап ұрады.

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .

Қонақ туралы

=========

Қонақ қойдан жуас.

Май берсең де жей береді.

Тойдан табықпай.

Қонақасы – тәңір ақысы.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Қонағым жүре тоярсың.

Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.

Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.

Құтты қонаққа - тәтті тамақ.

Атың барда жер таны, Асың барда ел таны.

Қонағын сыйласа төрге шық дейді.

Жолаушының азығы жолында.

Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.

Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.

Қонағым өз үйіңді де ойлар отыр.

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

Тоқ қонақты сыйлау оңай.

Екі үйдің қонағы Емексіп жүріп аш қалар.

Қонағым сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Сыларға асың болмаса, сыйпарға тілің болсын.

Сыпайы қонақ сайыңды жейді, мылжың қонақ мыйыңды жейді.

Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.

Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

Ет жегеннің бәрі қонақ.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты сыйлай білмейді.

Қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар.

Әйел мен еркек туралы

===============

Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық.

Жаман ерден жайдағы жақсы, жаман қатыннан бойдағы жақсы.

Асыл жар – ердің сәулеті.

Жақсы жұбай – жарым бақыт.

Аймауыттай ат мінсең, жақын болар алысың.

Адалынан жар сүйсең, оңғарылар бар ісің.

Бай күйігі етекте, бала күйігі жүректе.

Бірінші әйел - шекер, екінші әйел - бекер.

Сыланайын десем, байдан қорқам, сыланбайын десем, тоқалдан қорқам.

Еркек дауысты әйелде ұят болмас, қатын дауысты еркекте қуат болмас.

Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,

Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.

Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,

Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.

Жаман еркек той бұзар, жаман әйел үй бұзар.

Еркек - түздің көркі, әйел - үйдің көркі.

Ер – бас, қатын – мойын.

Ерлі - зайыптының ортасына есі кеткен отырар.

Ерлі - қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий