Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық
-
Название:Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:12
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.
Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги
Судың да сұрауы бар.
Суға кеткен тал қармайды.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Ата - Ана, Ұл бала мен қыз бала туралы
=========================
Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны.
Әкесіне тартып ұл тумас, шешесіне қарап қыз тумас.
Ата-анам бар болсын, аузы-мұрыны жоқ болсын.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Атаның құны, ананың сүті.
Күтсең ата - анаңды, кешірер атаң қатаңды.
Ата - ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы.
Жалғыз баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып тақымын қысады.
Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын, қыдырсаң білерсің.
Баланың өзі болғандай, келіннің өзі келгендей.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің; ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді.
Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет.
Малды баққан өсірер, баланы тапқан өсірер.
Мейрімі мол ананың — жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең.
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Ағайын — алтау, ана — біреу.
Ана алақанының аясы — ақ шынардың саясы.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Ананың сүті—бал, баланың тілі — бал.
Бала тентек болатыны — үйінен, ердің тентек болатыны — биінен.
Көне киім жаңаны сақтайды, кәрі кемпір баланы сақтайды.
Ананың сүйген жері: отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда.
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.
Баласыз ана — гүлсіз алма.
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
Ата балаға сыншы.
Ата баласының ат меңіндей белгісі болады.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Ілгері басатын жасты кері тартқан кәрі қайтарады.
Үлкен бастар кіші қостар.
Атасы жоқ — мас жетім, анасы жоқ — қас жетім.
Итпен ойнасаң — үрерсің, баламен ойнасаң — күлерсің.
Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер
Адам болатын баланың, маңдайы жазық келер.
Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
Балалы үйрек көлден кетпес, балалы жесір елден кетпес.
Болатын елдің баласы бірін бірі: «Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы бірін бірі: «Қатын!» дер.
Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес, жетімдікті көп көрген, үш шақыртпай «ә» демес.
Жаманға айтқан ақылың — далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың — жалыны жоқ шоқпен тең.
Қазанға тиме, қарасы жұғар, балаға тиме, бәлесі жұғар.
Мал балада қалды, бай далада қалды.
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді; атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Боранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар.
Жақсы бала қонаққа үйір, жақсы тай атқа үйір.
Күлшелі бала — сүйкімді.
Қыз «қуыршақ» дейді, бала «құлыншақ» дейді.
Келіннің сөзі кетпендей, баланың сөзі батпандай.
Болатын бала — пысық, жауатын күн — ыстық.
Өлетін бала молаға қашады.
Жылайын деген бала, әкесінің сақалымен ойнайды.