Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алайда қайта құру мен жариялылық кезінен бастап, әсіресе кеңес үкіметі құлап, коммунистік партия тарағаннан бері басқаша әуенде пікір айтушылар кездесуде. Өзгені былай қойғанда, «Қазақ әдебиеті» газетінде «Сәкен Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген «Тар жол, тайғақ кешу» романы таза тарих үшін керек болғанымен, қазақ әдебиетінің иеліктері қатарына қосыла қояр ма?» — деген сауалды қоюдағы көздеген мақсатын түсіну қиын. «Жұлдыз» журналы «Бұған дейін «алыптар тобын» құрап келген Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Ғабит, Ғабиден қатарлы қаламгерлер өз үлестерінің шама-шарқына қарай тиісті орнын, бағасын ала берер. Бұрынғыдай әспеттеліп «негізін қалаушылар» ретінде оқулықтан оқулыққа жөңкіле алмас, өйткені сол құрғыр «негіз» дегеннің өзі — негізсіз болып шықты», — деп жатқан уақытта әдебиеттің тарихынан мағлұматы мол ғалымның бірі саналатын филология ғылымдарының докторы Мүсілім Базарбаевтың 1986 — 88 жылдары Сәкен шығармаларының бес томдығына жазған алғы сөзінде: «Тар жол, тайғақ кешуде» жаңа социалистік мұраттар, биік идеялар, азаматтық асқақ талаптар реалистік нақыштармен, публицистік пафоспен ұтымды бейнеленген. С. Сейфуллин туындысы дәуір шежіресі болумен бірге революциялық кезең шындығын этикалық тұрғыдан игеруде социалистік реализмнің партиялық, халықтық, шыншылдық принциптеріне сүйену жетістіктерін қапысыз танытты» деген тұжырымын 1994 жылы «Біз Сәкенді қалай түсінеміз» деген мақаласында «Жазушының проза саласындағы әйгілі шығармасы, әрине, «Тар жол, тайғақ кешу». Бүгінгі көзқараспен қарасақ, шығармада таптық түсінік тым бірыңғай алынып, алашорда қозғалысы мүлде мансұқ етілуі идеологияны былай қойғанда, тіпті тарих алдындағы ұят нәрсе еді. Кітап бұл жағынан әсіреқызыл большевиктік бағытта жазылған және қисық баяндалған тарих», — деуі әрине кезеңдік психологиядан туған тұжырым деуге келіңкіремейді. Рас, кейінірек «Егеменді Қазақстан» газетінде жазғанында біраз жылылық болғанымен, түсінік тоңы онша жіби қоймағаны сезіледі. Мұнан басқа да қыңыр да қисық пікірсымақтар кездеседі, алдыңғы уақытта да болуы ғажап емес. Өйткені бұл роман-эссе әр ұрпақтың тарихи танымы мен эстетикалық түсінігіне қарай бағаланатын өміршең тірі шығарма. Ал жазушы үшін де, оның туындысы үшін де, бұдан артық бақытты іздеп табу қиын.

Осы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі туралы ой-пікірлерді Сәкеннің тарихтағы орнына қарай орайластырудың жөні бір бөлек. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Жұлдыз» журналын оқығаным туралы» деген мақаласында «Тұрсынбектің қазақтың ұлы азаматы, ардагер ақыны Сәкен Сейфуллинге сіңірген еңбегіне ерекше тәнтімін. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол», — деп Абай айтқандай, халықтың сүйікті ұлдарын сүйе біліп, олардың атақ-даңқын асқақтата көтеру үшін жан аямай еңбек етудің үлгісі осындай-ақ болар деп ойлаймын. Кейбір солақай әдебиетшілердің сыңар езу сындарынан қорғап, Сәкен Сейфуллиннің адамгершілік, азаматтық тұлғасына ұлттық тұрғыдан жаңаша трактовка жасап, гуманистік бағыт берген де, сөйтіп оның 100 жылдық тойының дәуірлеп өтуіне лайықты үлес қосқан да осы азамат қой», — деген ойы мен бағасы шындықтан алыс жатқан жоқ. Сәкеннің бір шығармасының өзі, әсіресе атақты «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі айрықша зерттеудің объектісі болып отыруы да, төңкерісшіл де жаңашыл дарынның бұдан былай бағалануы тұрғысынан да, ұлы дарындарымызды жан-жақты зерттеген уақытта олардың бойына сыйымды, еңбегіне татыр теңеулерді азаматтық жауапкершілікпен айтқан орынды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий