Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы
-
Название:Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:22
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.
Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
- Енді сен кісі өлтіремісің, - деп үйден шығарып жіберді. Жамал бір сағаттан кейін есін жиған соң, ақырғы ақылын жиып, мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла алмайды екенмін, мұнанда бұл иттің қолынан өлгенше басқа жаққа кетіп өлейін, - деп ойлады. Жамалдың бармақшы болып ойлағаны - қаладағы Фатихолла бай еді. Әйтеуір онда жетсем, біреудің самаурынын қайнатып, қызметін қылсам да қор болып, халық көзіне көрінбес едім деп, осылай ойлап жүргенде күн де батып, түн болып, ел де жатты. Жамалдың бұл ойлағанына қарай осы түні Байжанның ерттеулі аты таң асып тұрған еді. Жылырақ киім киініп, ептеп шығып Жамал әлгі атқа мініп, үлкен жолмен: «Құтқардың ба, құдай?»- деп жөнелді. Жамалдың ісі әуелде теріске басып келе жатқанмен, бұл сапарда істің сәті болмайтұғын белгісі көріне бастады. Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран көтеріліп, жол көрінбей бастады. Бара-бара боран әбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін һәмжән-тән рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды. Сол уақытта ғана байқаса, ат әлдеқашан жолдан шығып кетіп, бір қалың омбы қарға тоқтаған екен. Атты кейін бұрайын десе, екі қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып һәм күллі денесінің қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін жинап алып, атын бұрып жүрген болып еді, еш нәрсе көрінбей, жол табылмайтын болды. Осылай адасып түн ортасына шейін жүріп, өзі әбден жаурап не болғанын білмеске айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем жылынар ма екенмін деп, түсіп жүріп көріп еді, қалың қарға жығылып-тұрып жүре алмай, бір жерге келіп біржола құлады. Күндізінде мініліп жүріп, түнде һәм болдырған ат Жамалдың қасынан ұзамай тұрып қалды. Жамал да жан ұшырып, тұлабойы қызып бара жатқан секілді болып, үстіндегі киімдерін әр жерге шешіп лақтырып, бар даусымен:
- Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? - деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды... Боран Жамал үшін ғана болғандай таңертең ашылып, Жамал бейшара да жолдан жарты шақырым ғана жатыр еді. Сәске кезінде қаладан келе жатқан бес-алты жолаушы әлгі жерге жақындағанда жол үстінде қалтиып тұрған бір ерттеулі атты көріп, бұрылып келіп шүбәланып, мұның иесі қайда екен деп жан-жаққа аттың ізімен жүріп іздегенде, Жамалдыңүстінен түсті. Көрсе - бір әйел адам, қасында шашылып жатқан киім. Сол жерде жолдастарының бірін жақын жердегі ауылға шаптырып, өздері күтіп тұрды. Бұлар қарап тұрмай: «Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмай тұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен жазылған бір қағаз шықты. Оқып көрсе бұл Байжанның келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп, Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар өздері оқып һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді. Сондағы ЖамалдыңБайжанның үйінде жазып жүрген зары мынау екен:
Қыздың құны бес байтал,
Сатылып кетті базарға.
Басымнан кешкен уақиға
Емес пе лайық жазарға?
Жаны ашыған шахбазлар
Ала жүрсін назарға.
Рақимлы пенде ғаріпке
Нақақтан ор қазар ма?
Миһрибанлы атамыз,
Қарамай берді ажарға
Теңіне барған қыз болса,
Мендей жүдеп азар ма?
Көрмеді алла лайық
Ғали сынды сабазға.
Көрген түстей күн өтті.
Болған соң солай азалды.
Қуанышыңды көрсетіп,
Тартқызған қайғы жазаң да.
Қараңғыда қалдым мен,
Шамшырақ сөнген заманда,
Ғалидан қалып не болдым,
Жетпеді менің қазам да.
Ішіме түсті ыстық дерт
Қайнаған судай қазанда.
Бұзылды күлкі, түнгі ұйқы,
Тілеймін хақтан азанда.
Махшар күні болғанда
Қосуға алла жазар ма?
Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)