Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жамал үйінекеліп тұрған соң күннен-күнге уайым-қайғысы артып, жаман болып, адам баласыаярлықтай жүдеді. Байжандар істің ақыры мұндайға айналған соң «енді қайда барар дейсің» - деп, дауды да көп қозғамай тыныш жата берді. Жамал өз үйінде бір айтұрғаннан кейін Байжанға да, Сәрсенбайға да бірдей көлденең ағайындар дәлләлат қылып, Байжанға:

- Енді келініңізді алдырыңыз, пәлен-түген деген кек қылмаңыз, әуелден еш кінәңіз болмаған соң алла тағала жақ болып ақыры мұндай болды ғой, - деп һәм Сәрсенбайғада:

- Енді сіз де балаңызды әуелі разы болған жеріңізге беріңіз, - деп насихат айтты. Бұл сөзге екі жағы да разы болды.

Шолпан қызынан сұрады:

- Қарағым, Жамал, жұрт мынандай деп жатыр, енді қайтеміз? - деп. Жамал:

- Апа, енді менүшін жаман атты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, алла тағала менің маңдайымды ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді, - деп қасіреттеніп, мұңлы дауыспен жауап берді. Жұман мырза Жамалды өзі келіп алуды намыс көрген соң, Байжанның қатыны келіп алып кетті. Бір күндерде Жамал кәміл бақытты бір қыз болып жұрттың аузына ілігіп, құрбысының алды болып жарқылдап жүрген дәрежеден түсіп, ақырында мұндай қадірсіз, мұндай кемшілікке душар болып, барымтаға түскен малдай біреуден біреу алып жүргенін көрген халықтан Жамалды аямаған жан калмады. Жиын-тойда болғанда, көлге қонған аққудай көрінетін Жамалды енді көрген кісі танымай қалатын болды. Жамалды Байжан үйіне келтіргеннен кейін болыс арқылы қағаз жазып, ұлыққа білдірді. Құдай қазасы болып Ғали Дүйсебек баласы опат болғаннан кейін билердің үкімі бойынша ата- анасы Жамалды алып келді. Жамал да енді бұрынғы күйеуіме тазамын деп қол қойып, подписке берді, Жамал болып: «енді екі тарапымыздың да бір-бірімізден сұрайтын хақымыз, дауымыз жоқ», - деген соң күллі бұл іс хақындағы ғарыздар атказ деп, начальниктен хабар келді. Бұл оқиғалар тамам болғанда октябрь жүлдызы жетіп, жұрт қыстауларына кіре бастаған еді. Жамалың ешуақыт ойынан Ғали кетпей, бір минут көңіл ашып, езу тартып күлмеуші еді, ешкіммен сөйлеспей, сөйлеген кісінің сөзін ұқпай я естімей бір түрлі диуана кісідей болып жүрді. Жұман ерегісіп, бұрынғыларын алдына келтіремін дегенсіп, не сөйлесе ұрсып, боқтап сөйлеп, бағзы уақытта түртіп түйіп қалып, қорлап жүрді. Байжан мен қатыны Жамалды шын ықыласымен жақсы көрмей, баласына ақыл айтып, көп тоқтатпаушы еді. Жамалдың үстіндегі киімі бек нашар болып, бағзы уақытта көздерінің алды көгеріп те қалып жүргенде, Жамал

бейшара кісі көзіне көрінгенде жерге кіріп кете жаздаушы еді. Соңғы күндерде Жұманға ақыл айтушылар да болып, һәм Байжанның өзіде:

- Енді балам, жетер, «қашқан жауға қатын ер» деп көп қоқақтай берме, - десе де құлағына кірмеді. Жамалға жаны ашып көріне болысатын кісі болмай», жалғыз қолынан келгені оңашада зарланып жылау ғана еді. Осылай қыстың бір-екі айы өтті. «Жамалдың көрген қорлық, кемшілігін мұсылман баласына бермесін», - деп айтарлыққа лайық болып, тұрса аяққа, отырса басқа ұратын болды. Нендей ұрып-соғып қинаса да, Жамал бір сөз қарсы айтып көрген жоқ еді. Бір күні Жұман тағы да бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай алмай:

- Мені өлтіретін болсаң біржола өлтір, әйтпесе өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме? - деді.

Жұман мына сөзді ести салып:

- Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр екен ғой, мен сенің күйігіңді басайын, -деп, сол жерде тұра салып кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады. Бұлардың үстіне Жұманның шешесі келіп айырып алып, Жұманды ұрсып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий