Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ғали үйіне келіп, өзінің бұл іс хақында ақылдас болып жүрген құрбыларымен сөйлесіп, келер жексенбіге ат сайландыра даярлана бастады. Екі дос - Жүніс пен Нұрмаш Ғалиды шығарып салмаққа бұлар да даярланып, сенбі күні «не болса да ертең болады» деп, жас жүректері дамылсыз соғуда еді. Ғали даярланғанда Жамал да қарап жатпай, ақырғы сырын туған анасы Шолпанға айтқанның соңында, Шолпан да разы болып, жол қамын ойлай бастаған еді. Жексенбі күні де болып, ел жатқан уақытта Ғали, Жүніс, Нұрмаш үшеуі, ерлеген бір ат жетегі бар, жолықпақшы болған сайда даяр болған еді. Бұларға әр бір еткен минут сүрленген жылдай болып: «Қашан келеді, қашан келеді», - деп қарап тұрғанда, бүркенген екі әйел көрінді. Келсе, Жамал мен оның шешесі екен. Бұлармен Шолпан

амандасып болған соң:

- Шырақтарым, енді алла тағала қайырлы сапарын беріп, мақсаттарыңа жеткізсін, қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер. Қазір де ешкім көргенжоқ, тоқтамай жөнеліңдер, - деп Жамал

мен Ғалидың беттерінен сүйіп, жыламсырап қоштасып, жастар аттарына мініп жөнелгенде біраз арттарынан қарап тұрып, үйіне қайтты. Шолпан кісі көзіне түспей үйіне барып жата тұрсын, біз мезгілсіз аттанған жолаушыларымызды жолға салып жіберелік. Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып жатпақшы жері - дуанда өзі бірге саудалас болып несие алып жүрген Фатихолла бай еді. Қазірде ауылдан былай бес-он шақырым шыққан соң, арттарынан қуған ешкімнің дыбысы жоқтығына көз жетіп, тағы да ақылдасып, сол әуелгі планы бойынша жүз жиырма шақырым жердегі қалаға тартпақшы болды. Бұл түні күн шыққанша елу шақырым жүріп, адам жоқ бір қыстау келіп жасырынып жатты. Күн батып, ымырт жабылғанша бұларды ешкім көрмей, енді тәуекелдеп, таң атқанша дуанға жетпекші болып Ғали мен Жамал жүріп кетіп, Жүніс пен Нұрмаш елге қайтты. Ғали, Жамал қалаға саламат жетіп, Фатихолла байдың үйіне келді. Бастан аяқ оқиғаны Ғали Фатихолла байға айтқаннан кейін, Фатихолла бай әуелінде осындай қазақтың қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі мүсәпірді қабыл алды. Фатихолла бай өзіншетәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір татар еді: «Әйдә, Ғали! Син бір де қорықма, алһамділле, бізнің қораға рұқсатсыз еш бір степной қырқызларың кірә алмас. Әгер де киліп скандал чығармақчы бұлсалар, прямочастьқа заявить итіп, жилкөлерін қашытармыз», - деп Ғалиды қайраттандырып қойды.

Бір қонғаннан кейін Ғали Фатихолла баймен ақылдасып, құр мұнда келіп қарап жатқанның мәнісі болмас, «ұлықтан Жамалдың басына ерік алалық» -деп адвкатқа арыз жаздырып, крестьянский началышкке Жамалды кіргізді. Арызында: «Мені жеті жасымда атам қазақ ғұрпынша бір қазаққа малға сатқан екен, бұл күнде кәміл жасқа толып көрсем, күйеуім өзіме ұнамағандығы себепті һәм мені атам ықтиярсыз бермекші болған себепті, өзімнің сүйген

жігітіммен қашып келдім. Мархамәтшылық жүзінен мен мазмұнаның көз жасын құрғатып, басыма ерік беріп қиянаттан қорғасаңыз екен», - деген сөздер жазылған еді. Бұл арызды ілтифатқа алып, начальник Жамалдың қолына: «Кімге барсаң да ықтияр», - деген қағаз беріп, болысқа һәм былайша қағаз шығарды:

«Жамал Сәрсенбайқызына ешкім қиянат, жәбір қылмасын! Сүйген күйеуіне баруға өзіне ерік берілді. Қалыңмал хақында дау болса, волостной съезге саларсың», - деп.

XI

Енді оқушыларға елде болып жатқан уақиғалар мағлұм болсын. Жамал қашқан күні таңертең Сәрсенбай намазға төсектен тұрып түндік аштырып азан оқып болғаннан кейін, Жамалдың жоғын көзі көріп, қатындарынан:

- Жамал қайда кеткен? - деп шүбәланып сұрай бастады. Шолпанда еш нәрсе білмегенсіп:

- Жамалжан тысқа шыққан шығар, - деп тұрғанда Сәрсенбайдың бәйбішесі:

- Ойбай, бетім-ау бір сұмдық болған екен ғой, Жамалдың ілулітұрған киімдері қайда? - деп, сол минутта Жамалдың қашқаны мәлім болды. Үй іші сасып, ренжуде болып, сол сағатында ауыл да жиналып ақылдаса бастады, біреулері:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий