Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы
-
Название:Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:22
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.
Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
- Өзінің күйеу іалып кеткен шығар, - деп, көбі:
- Жоқ, мұны Дүйсебектің қу баласынан басқа ешкім әкеткен жоқ. Өздерің де соны патшаның баласындай әлдеқандай көріп тым еркінсітіп жіберіп едіңдер, ал енді қайтер екенсің, - деп, Сәрсекеңнің жалғыз басын даң қылды. Сөйтсе де мәслихаттасып: «Осындай мағлұмсыз біздің баламыз, сіздің келініңіз Жамалды біреу түнде алып кетіпті, енді не қыламыз», - деп Байжанға кісі жіберді. Және бір жағынан астыртын Ғалидың аулына да кісі жіберді. Кешке таман Ғалиларға кеткен жігіт бүгін: түнде Ғали, Нұрмаш, Жүніс үшеуінің жақсы аттарына мініп үйлерінде жоқ болып шыққан хабарын алып келген соң, шүбәсыз істің анығын біліп, Байжанға екінші кісі жіберді:
- Мінеки, Дүйсебектің баласы алып кетіпті, ендігі ақылын өздеріңіз білесіз, - деп. Бұл күн осылай хабарлармен өтіп, екінші күнде Байжан жиырма жігіт ертіп, «бәлемнің шаңырағына қобыз тартайын», - деп, Сәрсенбайдың аулына келіп түсті. Бұл өткен түнде Нұрмаш пен Жүніс те үйлеріне келіп жеткені мағлұм болып, аттары сүмектей болғаны әркімге көрініп қалған еді. Байжан істің анығын білген соң, жолдастарынан бес кісіні түнде аттандырып, Ғалилардың аулынан жылқы алдыруға жіберді һәм болысқа кісі жіберіп жазды: Мінеки, осындай оқиғалар болып қалды, билеріңізді алып мұнда келіңіз! - деп, Байжанның барымтаға аттандырған жігіттері ат, айғыр, ту биеден он екі жылқы алып һәмжолдан Сәрсенбайдың бір қысырағының үйірін қоса айдап барып та қалды. Күллі жиылыстың расходы Сәрсенбайдың мойнында болып, қорыққаннан бір ауыз сөз қарсы айтуға хәлі де жоқ еді, хәттә жан-жаққа шаптырып жатқан аттар да Сәрсенбайдікі еді. Үш-төрт күннің ішінде бір болыс елдегі керекті кісілер жиналып, бір үлкен съезд болды. Байжанды жақсы көргендер халық жиналған жерде: Міне, жұрт бұл секілді тентекке тізгін беріп жібере берсе, жұрттың қойнындағы қатынын да әкетер, мұндай болмасқа тыю салып, біреудің ақ баталы жесірін қайтарып әперу керек. Біреуге болған қиянат ертең екінші кісінің басына келмей ме, мұнымен халық арасы бұзылып, жұрттықтан шықпаймыз ба? - деп уағыз сөйлей бастады. Кешке таман іңір уақытында Байжан болыс писірді, осы жиылысқа келген бес биді һәм указной молда Ахметжанды оңаша, ауылдың сыртына шақырып алып:
- Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше өздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. Сіздер бір жолға менің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңіздер? - деді. Бұлар да«олжа» деген сөздің қарасын көрген соң, мұрттарынан күліп:
- Енді қалай қылдейсіз? - деп сұарды. Байжан айтты: - Сіздер әр қызметтің басындағы кісілерсіз, мінеки, болыс пен писір ұлық жағынан бұл туралы нендей іс болса да дұрыстап тұрар. Билер ертең Сәрсенбай, Дүйсебектердің мұнан сұрайтын жылқыларын атказ етіп, қыз бен жігітті шығарып жіберген екі жігітті соларды тауып әкелуге міндеті қылыңыздар, тауып әкелмесе түрмеге отыруға бұйырыңыздар! Ал Ахметжан молда, сіз бұл қыз бен біздің Жұман екеуіне алып қашудан он күн бұрын неке оқылған еді деп книгеңізге жазып, бізге куәлік беріңіз, - деді. «Сіз мұндай жұмысты болып тұрғанда өтірікке де болса кіріспей болмас», - деп разы болысты. Сол жерде Байжан қалтасынан суырып, әрқайсысына елу теңгелеп төрт жүз теңге ақша берді. Бұл түн өтіп, таң атты. Болыс-билер повеске жазып, Ғалидың атасы Дүйсебекке һәм Нұрмаш пен Жүніске шақырушы кісі жіберді. Бұл үшеуі де хабар тиген соң бармай қалудың лажын таба алмай, өздеріне қараған атқа мінер кісілерін алып, Саумал көл басындағы құрылған съезге келіп жетті. Тістерін қайрап отырған болыс пен билер бір сағат кешіктірмей тексеріп, қолға ала бастады. Екі жағынан сұрастырып келгенде қыз алып қашқан жағы: «Енді біз қолмен істедік, мойынмен көтереміз ғой, бір тентектің мұндай ел арасын айырып сөзді қылғанына өзіміз де ренжиміз, жолымен мал беруге разы боламыз», - деді. Байжан мына сөзді естіген соңтас-талқан болып:
Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)