Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл күні Ғалимен Жамал әбден сөйлесіп, әрқайсысы хал-ахуалын біліскен еді. Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былайда кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айрылысқан еді. Ғали әлі қалың бермеген бір талапты жігіт болғанға, Жамалдың күйеуіне наразылығына қарай екі тараптанда бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды. He үшін десеңіз, екеуінің де сол ойын болған түндегі сөздері көңілдерінен кетпей һәмән бірін-бірі ойлайтын болды. Мұнан кейін Ғали Сәрсенбайдың үйіне бір-екі мәрте келіп кеткен уақытта, Ғали менЖамалдың бір-біріне көз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуініңде көздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін», - деген жазуды оқығандай болар еді. Ләкін екеуі оңаша жолығуға ешбір реті болмай жүрді. Бір күні Ғали қалаға бара жатыр едім деген болып, Сәрсенбайдың үйіне келіп қонды. Далаға шығып-кіріп жүргенде Ғали Жамалға әдейі бір жолығу үшін келгендігін сездіріп қойғанда, Жамал түнде Ғалидың қасына келуін шүбәсіз деп ойлап қойды. Һәм бұл ойы да теріске кетпей үй іші ұйықтаған уақытта екі жас бір төсекте еді. Екеуі әуелі жолыққан күндерінен бері нендей ойлар ойлағандарын, бірін-бірі көруге сағынғандарын айтып һәм бастарындағы оқиғаларын да азырақ қозғап қойысты. Екеуі түбегейлі терең ойға бармай, ақырын көрерміз, қазірше ойнап-күліп жүрейік деп уағда етіп, араларында шын достық ғаламаттары болып қалды. Екеуі бірдей қазақтың ғұрпында болған қаталарды, жәбіршіліктерді сөйлеп, Жамал өзі ес білгеннен бергі уайымдарын бір минуттың ішінде ұмытып, енді Ғалиды көрмей тұрған минуттар - бір жылдық көрінерін Ғалидың құшағында жатыпайтып білдірді. Осылайша Ғали,Жамал дос болып, әрбір лайықты уақыттарда жолығып, сұхбаттасып жүріп, қыс өтіп, жаз да келді. Бұл екеуінің көңілдерінде бір ғана ой бар еді. Бірақ бір-біріне бұл күнге шейін айтуға әрқайсысы өздеріне сенбеген секілді болып, үндемей жүруші еді. Бұл ойын Жамал сөйлесе, Ғали қабыл алуы, Ғали сөйлесе, Жамал қабылалуы шүбәсіз болса да сөйлеуге екеуінің ойындағы мақсаттары бір болған секілді қауіптері де һәм бір еді. Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен өздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», - деген өсек расқа шықты. Бұл ренішті хабар бұл күнге шейін Жамал мен Ғалидың іштерінде сақтап жүрген сырларын бір-біріне білдіруге себеп болды. Бұл айта алмай жүрген сырлары - екеуі қалай ғұмырлық жолдас болып, Жұманнан Жамалды құтқару екен. Бірақ әрқайсысыда өздерінен басқа ешбір жәрдемші болмағанға текке халыққа масқара болып, мақсатқа жете алмай қаламыз ғой деп қорыққан екен. Енді мынадай Жұман келеді деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бірінен бірі бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көріп, не болса да, екеуі қосылуға бір жол қарамақшы болып, енді қай күні бір жолықса бұрынғы іштегі жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекші болып тұрғанда,

Жамалға Ғалидан бір хат та келіп жетті. Оқып көрсе, бұл еді:

Тұра алмадым толықсып хат жазбасқа,

Зылиқа мен Жүсіпті қосқанындай,

Ішкі сырды білгізіп замандасқа.

Екі көңіл бір жерде қосылса егер,

He қызық бар жаһанда онан басқа?!

Тілегің бер, илаһим екі жасқа!

Айтпасаң да қалпыңды, мен байқаймын,

Жек көрмейсің мені де сен байғұс та.

Дертім сыймай ішіме, еттім сыр паш,

һеш үндемей жүрсем де жазы-қыста.

Сипатыңа қызықпас қандай жігіт,

Хор қызындай нұрлы жүз, қолаң шашқа,

Сөзің бұлбұл секілді, жүзің айдай,

Сені сөккен пенде де һеш оңбас та.

Мен мұнда, көңілім сенде, ойың кімде,

Тілеймін осы сөзді ұмытпасқа,

Емеспін мен Жұмандай бай баласы,

Жоқтықты, сұлу Жамал бетке баспа!

Ақылсыз жаман шіркін алып кетсе,

Қызғанып халім бар ма қайғырмасқа.

Сенің де өткен күнің жылдай болып,

Көңіліңнен қасіретің арылмас та.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий