Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Сіз де сәламатсыз ба? - деп қойды. Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали, қыздардың абзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырулары да бек жарасып кетті. Ғали бір болыста басқа ауылнайға қараған Дүйсебек деген кісінің баласы еді. Жасынан талапты болып Қызылжар, Троицкідегі медреселерде оқып жүріп және де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыттарда оқуды да қойып, азырақ саудаға айналысып еді. Атасы бай адам болмаса да, Ғали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде уағдаласында опашыл болғандығы көрінгенге, байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді. Әуелгі уақыттарда оқуда болып, бұл уақыттан саудамен жүрген себепті елде тұруынан тұрмауы көбірек болып, өзін халық, халықты өзі анық танымайтын да еді. Тек сыртынан Дүйсебектің баласы талапты, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде отырмай оку оқып, кәсіп қылады деуші еді. Жаңада өткен бір жәрмеңкеде алыс-берістерін бітіріп, бір-екі жүз теңгелеп пайда қылып, үйіне қайтып, ағайынды аралап амандықта жүргенде, осы ойынға кез келген еді. Ғали Жамалмен қатар отырған соң, бір-бірінің халін һәм кім екендіктерін сұрап-білісті. Ғали Жамалдың бұрынғы көріп жүрген жігіттерінен сөзге ұстарақ, сұраған сөзіне толық жауап қайтарып һәм өзі де ләззатты сөздер сөйлей бастағанға маңайындағылардың не істеп, не сөйлеп, не ойнап жатқанын естімеген секілді ұмытып, шын ықыласпен кеңеспек те еді. Әр түрлі ойын болып, ақырында «Бұғыбай», «Мыршалай - мырыш» деген ойындар тамам болған соң, бір жігіт бір белбеуді есіп алып:

- Енді, әлеумет, өлең айтасыңдар, айтпайсыңдар, айпағандарыңа мінекей, - деп, қолындағы есілген тоқпақтай белбеуін көрсетіп қорқытып аралап жүре бастады. Білген қадарынша Ғали мен Жамалдан басқа бозбалалар өлең айтып жатса да, өлеңдері қашаннан бері айтып келе жатқан ескі өлеңдер еді. Мысалы:

Біздерде өлең де бар, өнер де бар,

Байларда мінілмеген дөнен де бар,

- деген секілді, соның үшін артық ләззатты болмағанға, жазбадым. Енді өлең айтуға рет әуелі Ғалиға, сонан соң Жамалға келіп еді. Ғали домбыраны әкеліп ұстатқанның соңында:«Менің өлең айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім, - деп күлімсіреп отырып:-Қайыр, енді көңілдеріңіз қалмасын», - деп көркем әнмен домбыраға дауыс қосып сөйледі:

Ал сөйле, келді кезек енді, Ғали,

Керілмей ұста қолға домбыраны!

Рух берген мәжіліске, қызмет көрсет,

Сайратып тіл мен жақты болса халі

Өнерің болса ішіңде шығар сыртқа,

Бұл жерде жасырудың болмас мәні

Қандырып құлақ құрышын тыңдаушының

Жарайды, міне, жігіт, десін пәлі.

Секілді райхан гүл бақшадағы,

Уылжып жігіттіктің тұрған шағы

Таба алмай айтар орын жүруші едің,

Естіртші жас елдердің болса әні

Нақышпен сандуғаштай жүз құбылтып,

Даусыңды түрлендірсең келер сәні.

Жастыққа сауық-сайран еткен күнің

Емес пе жігіттіктің раушаны?

Тыңдаушы асыл сөзді табылғанда,

Айтушы тартынар ма және тағы.

Қадірлес құрбыларың жиналғанда,

Тарқасын разы болып сынбай сағы.

Жасымнан елде жүрмей, өстім шетте

Демесін кәне елді сағынғаны.

Құрбыңа жатырқамай аш сырыңды,

Жүйріктей бауыр жазып бабындағы.

Ұмытпа мысалды да деп айтылған

Түлкіні тазы алады табындағы

Болады не нәрседен және де ескер

Жігітке абыройдың табылмағы.

Емес пе екі жүрек бірдей келсе,

Арада махаббат оты жағылмағы

Мінеки, домбыраңыз, тоқтадым мен,

Сөйлесін сұлу Жамал жанымдағы!

Ғали бұл арада айтып болдым деп домбыраны Жамалға ұсынғанда, отырған халық: «Мырза, тағы айта түсіңіз?»- деп өтініш айтқан соң, Ғали тағы да мынау өлеңді айта бастады.

Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий