Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы
-
Название:Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:22
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.
Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Байжанның баласын жұрт пәлен-түген десе де, асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ өскен соң түзеліп кетеді,- деп өзі босап тұрған Сәрсенбайды құда қылуға айналдырды. Жалғыз-ақ Шолпан неше
күндей көнбей:
- Жамалды өзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек, -деседе, Сәрсенбайдың құлағына кірмеген соң:
- Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың? - деп көзінен жас төгіп, үйден шығып кетті. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сөз айтпай, ішінен мыңқылдап отырып қалды. Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы көріп, өзінің теңіне беремін деп жүруінде еш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс әм ілгерідегі үміт әммасы қосылып, оның үстіне көлденең кісілердің сөзі де қамшы болып, «не қылса да Байжанмен құда боламын», - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды. Құда болғаннан кейін белгісіз біраз заман өтіп, Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір- біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне Жамал сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де«Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады. Осы елде бір қыз ұзатқан той болып, кешке ойынға жұрт жиналып еді. Бес-алты талапты бозбалалар жиналып:
- Осы Жамал жаста болса өлеңге де, қарасөзге де бек пәле болып барады, бүгін кешке бір өзіне өлең айтып, бетін қайтаралық, - деп, әммасы ақылдасып үш ауыз өлең шығарып, өздерінің арасында бір пысықтау жігітке Жамалдың қасында отырып айтуға тапсырды. Бұлар Жамалдың күйеуінің жамандығын бетіне баспақ болып, өлендерін де сол мағынада шығарған еді. Түнболып, ойын басталып, манағы жігіт әуелгі планы бойынша өлеңін әбден жаттап алып, Жамалдың қасында отырды. Бір мезгілде бүл жігітке де өлең айт деп реті келгенде, баяғы үш ауыз өлеңді Жамалға қарап, домбырамен әнге салып қоя берді:
Домбыра қолыма ұстап, бастым перне,
«Нұр жауар - деген сөз бар - талапты ерге»
Жасымнан бай баласы бұлғақтаған,
Жаман қыз олай-пұлай маған тең бе.
Білгенге - ишара сөз жетер деген,
Білмеске - сөзі қор боп кетер деген.
Есекке арғымақты қосақтасаң,
Өтпей ме ғұмыр зайғы бекер деген.
Алыстан ат терлетіп келдім тойға,
Жақсымен сұхбаттаспақ болып ойда.
Қу ілген қыран бүркіт біз боламыз.
Теңгеріп жүрме, құрбым, тұрымтайға.
Жамал бұлөлеңнін, мазмұнына түсініп және де өзіне бұл жігіттің ойынан өлең айтарлық
өнері жоғы мағлұм болған соң, әуелі бір ауыз өлең айтайын, сонда не дер екендеп айтқаны.
Сөзіңіз бек мүләйім, ақын аға,
Өнерге жас күніңнен жақын, аға.
Беруге қалай жауап білмей тұрмын,
Түсіндір сөзіңіздің затын, аға?..
Бұл тойда отырғандар енді Жамалдың мына сөзіне жігіт не айтар екен деп тегіс тыңдап отырып, «қане, сөйле,мырза!» деген әр жерден дауыс шыға бастады. Әлгі жігіт өзінің бар жатқа үйренген үш ауыз өлеңін бітіріп алып, Жамалдың мына сөзіне муафиқ жауап қайтара алмай ұялғаннан қызарып, манағы өлең үйреткен жігіттерге жалтақ-жалтақ қарай берді. Сол уақытта Жамал көкірегін кернеп, мына өлеңді айтты:
Ағадан сөз қайтпады қарындасқа,
Жігіттен сіздей жауап табылмас па?
Бітсе егер өлең шіркін, бойға қайнап,
Жауапқа сіздей ғазиз тартылмас та.
Болған соң үйретінді бір-екі ауыз,
Айтуға сізге, ағатай, ұнамас та.
Есек пен арғымақты мысал қылып,
Әпендім, білгеніңді бетке баспа.
Пендесі хақ жаратқан емес бірдей,
Хан, қара, би, төре мен кәрі-жас та.
Намысы бөріктінің бір деген бар,
Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)