Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Мен өзім ат жалын тартып мінгелі мұндай қорлық көргенім жоқ. Бүгін Қарынбайдың малын берсеңде бітпеймін, жесірімді әкеп бер, болмаса мәймөң келеген былшыл сөзің керекемес, - деді. Билер де:

- Байжанның сөзі дұрыс. Байжан жөн айтады, - деп мақұлдап қойды.

Билер Жүніс пен Нұрмаштан сұрады.

- Сендер Ғалиды шығарып салғандарың рас па? - деп. Бұлар мойнына алып:

- Жаны бірге құрбы болған соң, шығарып салғанымыз рас, - деді. Билер оңаша үйге писірді алып барып, биліктерін жазып қайтып келіп есіттірді:

- Жұман Байжанұлының некелі қатыны Жамал Сәрсенбайқызын ықтиярсыз Ғали Дүйсебек баласына шығарып беріп жібергені үшін: Дүйсебек, Жүніс, Hұpмaш үшеуі бір айдың ішінде тауып беруге міндетті болады. Егер тауып бермесе, әр қайсысы екі айдан түрмеге отырады, - деп мағлұм етті.

Жауапкер жағы:

- Бұл некелі қатын дегеніңіз қалай? - деп сұрасып еді, билер «Шариғат бойынша ижаб қабыл болған соң, бәрібір неке емес пе?» - деген болды. Хақиқатында бұлар указной молдадан өткен түндегі куәлікті алмақшы болып қойғанын Дүйсебектер сезбей қалды. Бұл биліктен кейін Дүйсебек, Сәрсенбайлар Байжанның барымтаға алған жылқыларын сұрап биге түсіп еді, билер мұны қарсы дау деп атказ қылды. Бұл екеуі билердің осы екі билігіне де разы болмай копия сұраған соң, ауылға келіп аларсыңдар деп болыс писер книгаларын жауып һәм сол күні халық тарқады. Копия алу үшін болыстың аулына Сәрсенбай, Дүйсебектер бірнеше мәрте барса да, әр түрлі себептер айтып бермей жүргенде, он бес күн өтіп кетті. Бұл күндердің ішінде арыз бойынша начальниктен жоғарыда айтып өткен қағаз да келіп қалған еді. Болыс Байжанды шақырып алып ақылдасып, начальникке тағы да қағаз қайтарды:

- Дауласқан екі тарапының сұрауы бойынша бұл қыз хақында билерге салып едім. Хақиқатта бұл қыз Жұман Байжанұлының некелі катыны екен, растығына үшбунің илән бірге жіберілген указной молда Ахметжан Аямасұлының метрический книгадан берген куәлігі дәлел, һәм билердің билігінен законлы срок, яғни он бес күннің ішінде келіп копия алмады, соның үшін билікті орнына келтіруге әмір етсеңіз екен, - деп.

Болыстың бұл қағаздары начальникке тиген уақытта Дүйсебек, Сәрсенбай, Нұрмаштар да қалаға келіп жетіп, ғарызларын кіргізді.

- Өз ыктиярларымен бірін-бірі сүйіп қашқан қыз бен жігітті біз қашырды деп, қанша малымызды барымта алып бермей, өзімізді тауып беруге міндетті қылып, тауып бермесең екі айдай түрмеге бұйырып, уә һәм указной молдамыз неке оқыдым деп өтірік куәлік беріп, болыс-билер һәм байлар бірыңғай болып қиянат етіп тұр. Бірнеше мәрте барғанда биліктен копия да бермеді, - деп, нендей болған уақиғаны баян етті. Начальник бұлардың ғарызын ілтипатқа алып, болыстан жауап сұраған қағаз жіберді.

XII

Байжан әуелгіқыз қашып, халық жиналған күннен бері құпия әр жерге қыз бен жігітті іздеуге кісі жіберген екен; әр бір барар деген шүбәлі орындардың һәммасында жоқтығын сезіп, ақырында қалада Фатихолла байда екендігіне көзі жетіп, шаһар ішінен қол іс қылып ала алмаспыз, Фатихолла байдың елде алатын екі мың теңгедей несиесі бар ғой, енді бұл қашқындарымызды сақтап, халқымыздың жақсыларының тентек деген кісісін шығарып бермесең, несиеңді бергізбейміз десек, қорқар деп маслихат етті. Осы сөзді айтуға келген кісіге Фатихолла бай ішінен қауіптеніп, былай болуы да бек ықтимал деп ойлап жауап берді:

- Дұрыс, әуелгі уақытта ұлыққа арыз беру үшін ғана бізге үш-төрт күн болып қонған еді. Қазірде бізден кетті, қайда екенін білмеймін. Егерде мұнан былай бізде екендігі білінсе, халқыңыздың не қылғанына разымын, - деді. Бұл кісі Фатихолла байдың әлгі сөзінен анып, елге қайтты. Фатихола бай Ғалиға сөйледі:

- Мына кәпірлердің сырлары өзіңе мәлім ғой, енді басқа бірнеше жерге барып паналағаның өзіңе де, бізге де пайдалы болар еді.

Ғали да бұл сөзге түсініп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий