Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Герцог қамал-сарайында болған кездерінде роман кейіпкерлері ерлі-зайыпты байшыкештер мен олардың құйыршықтары тарапынан келемеш пен мазақтың не түрін көріп, аз мерзімге бір-бірінен қол үзіп қалады. Бірақ бір-бірінен жырақтап кеткен осы уақыттың өзі олардың достығының қандай берік әрі бір-біріне қандай пайдалы екенін тағы бір көрсетіп береді. Өзінің жалған-мазақ губернаторлығына шынымен сеніп қалған Санчо айрықша ұйымдастырушылық қабілет танытады. Романның екінші бөлімінің оның осы губернаторлығына арналған тараулары, сондай-ақ Дон Кихоттың аралға аттанар алдында атқосшысына берген салиқалы ақыл-кеңесі үш Филипп патшалық еткен тұстағы Испаниядағы мемлекеттік құрылымның кембағалдығы мен әлеуметтік әділетсіздігін әшкерелейтін сатира боп шыққан; мұндай кембағалдық пен әлеуметтік әділетсіздіктің күйігін Сервантестің өзі де талай тартқан болатын. Герцог сарайында жатуының ерсі нәрсе екеніне рыцарьдың көп ұзамай-ақ көзі жетеді. Санчоның губернаторлықтан бас тартуы, оның Дон Кихотпен кездесуі, екеуінің қамал-сарайды тастап шығуы және жазушының рыцарьдың аузымен айтқызған бостандыққа деген мадақ бұлардың қоршаған ортадағы ашкөздік, жатыпішерлік, кеудемсоқтық, рухани кемтарлық пен қатыгездіктен мерейі үстем шыққанын паш етеді: романнан бұл секілді сиықсыз қасиеттердің тек сұмпайылар мекендеген герцогтың қамал-сарайына ғана емес, ХҮІІ ғасырдағы күллі испан тіршілігіне тән екенін айқын аңғаруға болады.

Сервантестің мәңгі өлмес туындысы адамзат үшін Дон Кихот пен Санчо Панса бейнелерінің айрықша көркем сомдалуымен де, онда алға тартылатын идеялардың ешқашан ескірмейтін өміршеңдігімен де құнды. Шынында да, “Дон Кихотты” оқыған кезде Сервантестің жоқ-жітіктер мен жәбір көрушілерді қорғау адамның асыл парызы екені жайындағы, “адамдар сенікі және менікі деген сөздерді білмеген” Алтын ғасыр турасындағы, отан хақындағы, әділ және әділетсіз соғыстар жөніндегі, бейбітшілік пен бостандық жайындағы идеяларының заманымыздың ізгі мұраттарымен қалай үндесіп жатқанын көріп еріксіз таңданасың.

“Дон Кихоттың” екінші бөлімі, шамасы, 1613 жылдан жазыла бастаса керек, ал сатуға 1615 жылғы қараша айында түскен-ді. Бірақ соның алдында, 1614 жылдың жазында, Алонсо Фернандес Авельянеда дейтін біреу жазған жалған “Дон Кихоттың” екінші томы жарыққа шықты. Бұл жалған шығарманың авторы кім болғанын зерттеушілер әлі күнге шейін анықтай алмай келеді. Осынау жасанды дүниенің пайда болғаны жайында Сервантес “Дон Кихоттың” екінші бөлімін аяқтап қалған кезде білді. Романның жалғасы жазылып жатқанынан хабардар болған Авельянеда дейтін бүркеншек ат жамылған алаяқ екінші бөлімді автордан бұрынырақ жарыққа шығарып табыс тауып қалуды, оған қоса Батыс Европа елдері мен мұхиттың арғы бетіндегі колонияларға кеңінен танылып үлгерген шығарманың жақсы атына кір келтіруді көздеген болса керек. Жалған “Дон Кихоттың” жарық көруі Сервантестің жанына өте ауыр тиді және мезгілінен бұрын дүние салуына себепкер болғаны да сөзсіз. Алайда ол өзінің беймәлім дұшпанына ашу-ызаға толы жауап хат жазумен ғана шектелді. Ал, жасанды роман болса, оны жазған адамның әжептәуір әдеби шеберлігіне қарамастан, көптің көңілінен шыға алмады, сөйтіп ұзамай ұмыт болды.

Сервантес өмірінің соңғы кезеңі негізінен Мадридте өтті, мұнда ол аталмыш қала корольдіктің астанасы деп жарияланғаннан кейін, шамасы, 1608 жылы көшіп келген секілді. Вальядолидтегідей ол мұнда да кедейлер тұратын орамнан орын тепті. “Дон Кихотты” шығаруының арқасында даңқы аспандап кеткенімен, отбасының әл-ауқаты онша оңала қоймады. Ресми Испания мен әдебиет зиялыларының оған деген қарым-қатынасында да бәлендей өзгеріс болған жоқ: бұл оларға ұнамды да, жұғымды да адам емес-ті. Алайда, жағдайын жақсарта қоймағанымен, романының зор құрметке ие болуы жазушыны проза жанрындағы жұмысын одан әрі жалғастыруға құлшындырып, 1605 -1610 жылдар аралығында көптеген новелла, комедия мен интермедия жазды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий