Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осынау қомақты туындысының өне бойында Сервантес оқырманға мұны жазуға өзін құлшындырған жалғыз ғана себеп — рыцарьлық романдардың ерсілігін келеке ету, оларды “күлкінің күшімен” күйрету екенін жалықпай қайталап айтып отырады. Аталмыш әдеби дүниелерге сол тұста жұртшылық үлкен қызығушылық танытқанын ескерсек, — 1508-ші жылдан 1612-ші жылға дейінгі аралықта Испанияда рыцарьлық жанрда 120 роман жарық көргенін, солардың ішінде тек “Амадис Галльский” немесе “Пальмерин Английский” секілді санаулылары ғана көркем шығарма санатына қосылатынын айта кету керек, — Сервантес бастаған күрестің мейлінше заңды да маңызды шаруа екенін мойындамасқа лаж жоқ. Солай бола тұрғанымен, рыцарьлық әдебиетпен романның бірінші бөлімінің алтыншы тарауында “есеп айырысқаннан” кейін (Дон Кихоттың рыцарьлық кітапханасының көзін жою), есалаң кейіпкерін өзін қоршаған ортаның ащы шындығымен бетпе-бет келтірген Сервантестің тек соның өзін ғана емес, сондай-ақ ол тіршілік етіп жүрген қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктерді де қатаң сынға алатыны бізге бек жақсы мәлім. Романдағы оқиғалар одан әрі өріс алған сайын пародия да күрделілене түседі, кітабилік түрден арылып, сынап-мінеушілік сипаты барынша айқын түр табады. Романның сатиралық уыты авторды инквизицияның назарына іліктіруі мүмкін болғандықтан, Сервантес одан арғы жерде өз позициясын бүркемелеуге мәжбүр болып, романға “араб-ламанчалық тарихшы” Сид Ахмет Бен-инхали дегенді енгізіп, жекелеген сатиралық ой-пікірін соның аузына салады. ІІ-ші Филиптің 1559 жылы еретиктерді (дінбұзарлар мен теріс пиғылдағыларды) топ-тобымен көпшіліктің көзінше тірілей өртегенін ұмыта қоймаған Сервантес айрықша сақ болуға тиіс еді. Жолында тұрған кедергілерді оның осынша батылдықпен және де тапқырлықпен айналып өткеніне қайран қаласың.

Рыцарь мен оның атқосшысын романның басты кейіпкері етіп таңдап алуының өзі қаламгер кемеңгерлігінің бір нышанындай. Сервантестің бұларды өзі де бір мүшесі боп табылатын испанның азып-тозған дворяндығы мен жер иелігінен жырақтап қалған қара бұқара арасынан іріктеп алуы да тегін емес. Дон Кихот пен Санчо Пансаның әлеуметтік салмағы мол бейнелері Сервантеске кеңінен көсіліп, тереңнен толғауға мүмкіндік берді.

Рыцарьдың есалаңдығын желеу еткен Сервантес адамгершілік абзал қасиеттер, саяси пайым-парасат пен адалдық жайында замандастарының құлағына құймақ болған ой-тұжырымдарын соның аузымен айтқызады. Осынау лұғатты лебіздерден Сервантестің шексіз бай өмір тәжірибесі мен рухани мәдениетінің мол қазынасы, антикалық және ұлттық испандық мұра мен итальяндық Қайта өрлеудің озық үлгілерінен сусындаған терең білімі андағайлап тұр. Ал, Санчо Пансаның сөзінен мыңдаған жылдар бойы жинақталған халық даналығы, қашан да жерге қожалық етуге құштар шаруаның (Санчоның аралға ие болсам дейтін таусылмас арманы соның дәлелі) қияли ойлардан ада пиғылы көрініс береді. Шынтуайтына келгенде, Сервантестің осынау ұлы шығармасы рыцарь мен атқосшысының үзілмес-тынбас диалогы боп табылады. Санчосыз Дон Кихоттың өмірі мәнсіз боп көрінетіні секілді, Дон Кихотсыз Санчоның да өмірі сәнсіз. Толассыз пікір алмасу екеуі үшін де аса бағалы; бұл бір-бірін рухани байытып, биік самғайтын гуманистік ой-ниет пен қапыда қалдырмайтын халық даналығы бір-бірімен үйлесімді түрде ұштасып жатады. Пікір алмасудың ауқымы кең және сол заман үшін аса маңызды болған көп мәселені қамтиды; барынша бүркеулі болғанымен көп жағдайда (әсіресе, екінші бөлімде) айқын әшкерелеуші сипатта көрініп отырады. Бұған романдағы оқиғалар өтетін орынның оңтайлы таңдап алынуы да септігін тигізеді: шығармаға арқау болған іс-әрекеттің барлығы дерлік кастильдік деревня тіршілігі ауқымында, Испаниядағы ең кедей провинциялардың бірінде — диірмендері, күре жолдары, дәмханалары бар, жылпостау, надан, бірақ ақпейіл де сормаңдай адамдар мекендейтін қу медиен Ламанчада өтеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий