Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан (ойланып, мұртын тістеледі. Қабағын түйіп, басын көтерді). Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен университет. Ең алдымен мен коммуниспін. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім, Талай ұлттың өкілдеріне командир болдым, тәрбиеледім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен істес болғанымды өзіме ерекше бір мектеп деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен-ау, қырғыз мынадай болады екен-ау деп ойланасың. Ана халық анадай дәстүрін қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен-ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған үстеріне шинель киген солдаттар арқылы Совет Одағының барлық халықтарының жанын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері — іштерінен шыққан балалары — менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім! Білегіне емес? (Көйлегінің оң жақ жеңін түріп жіберіп, бала күнінде білегіне еккен шешектен қалған екі дақ көрсетті). Міне, мынау емес, бұл — дәрігерлердің жұмысы. Ал мен олардың жүрегіне ектім. Бағана да айттым: мен нацистерге қарсы 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған жанмын. Ендеше, мен қалай теріс азу тентек боламын?! Дауысымның қаттырақ шығып кеткеніне кешірім еткін сен. Ол кезде менің Қазақстанға хат жазып, халық ақындарының айтысын ұйымдастыру керек, бұл халықтың рухын көтереді дегенім кейбір жеке адамдарға ұнамаған болар. Кейбір ұлттық киімдеріміздің үлгісін сақтау, үлкенді құрметтеу, ананы ардақтау, ағаны қадірлеу сияқты жақсы дәстүрлерімізді жандандыра беру жайындағы пікірім жақпаған шығар. Менің мұным көп халықты мемлекетіміздің түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіне, салт-санасына өзіміздің ұлттық үлесімізді қосайық деген игі тілек еді ғой. Мен кеше, қырық төртінші жылы осыны айтып едім ғой.

Бауыржан осыны айтты да, ақ мүштікке сигарет сұғып, темекісін тұтатты. Мен оның айтқанына ілесе алмай, бұқиып қағазымды жазып жаттым. Мені қозғағысы келмеді-ау деймін, ол темекісін аузына тістеген күйі, ұзын екі қолын төсекке тіреп, жайлап көтеріліп, есіктен шығып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий