Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Матростар қайықты кемеге тақап, бортқа байлады, капитан Гуль Дикті ертіп палубаға шықты. Олар оншалықты қиналмай-ақ, еңбектей жылжып, омырылып қалған екі мачта түбірінің арасындағы орталық люкке20 жетті. Олардың соңынан ит те еріп келе жатыр. Адамдар люкке түсті.

Жартылай суға толған кеме трюмінде ешқандай товар жоқ. Баллас21 орнына құм тиелген. Ол құм енді бакбортқа22 төгіліп, салмақ кеменің бір жағына ауған, сондықтан кеме де бір жақ бүйіріне қисайып кетіпті. Кеме бортында бағалы жүк болуға тиіс деген үміт бекерге шықты. Кемеде аман алып қаларлық құнды заттан түк те жоқ.

— Мұнда ешкім жоқ қой,—деді капитан Гуль.

— Ие, ешкім де жоқ,— деп жас матрос оның сөзін мақұлдады да, трюмнің түкпіріне қарай жүре берді.

Бірақ палубада тұрған ит, адамдардың әбден мұқият тексеруін талап еткен тәрізді, ауыз жаппай үре берді.

— Мұнда қарайлайтын түк те жоқ,— деді капитан Гуль.— Кейін қайтайық.

Олар палубаға шықты.

Ит, соңымнан еріңдер дегендей белгі беріп, ютқа23 қарай жер бауырлап жүре берді.

Адамдар да иттің соңынан жүрді.

Бес. адам, яғни бес өлексе кубриктің24 еденінде жатыр екен.

Ашылып қалған люктен түскен күндізгі күннің айқын жарығымен капитан Гуль бұл жатқан бесеудің негрлер екенін таныды.

Дик Сэнд ол бейшаралардың бірінен соң бірін барып көріп, әлі де болса тынысы бар, жүрегі соғып жатқандарын байқады.

— Бұларды «Пилигримге» жеткізейік,— деді капитан Гуль.

Қайықтағы матростарды жәрдемге шақырды. Олар келіп апатқа ұшыраған бейшараларды жатқан жерлерінен көтеріп тысқа алып шықты.

Бұл оңай жұмыс емес еді, сонда да болса амалдап бес негрдің бесеуін де қайыққа түсірді. Олардың ешқайсысы ес-түсін білмейді. Бірақ капитан Гуль бірнеше тамшы дәрі мен бірер жұтым тұщы су бұларды тірілтер еді деп сенген еді.

«Пилигрим» қираған кемеден жарым кабельтов жерде жылжымай тұрып қалған, қайық әп-сәтте кемеге жетті.

Апатқа ұшыраған бейшараларды көтергіш горденьмен25 кезек-кезек көтеріп палубаға шығарды. Итті де қалдырған жоқ.

— Ой, бейшаралар-ай! — деп мүсіркеді миссис Уэлдон, қимылсыз жатқан шалажансар бес денені көріп.

— Бұлар тірі, миссис Уэлдон! — деді Дик Сэнд.— Әлі жаны бар, біз бұларды өлімнен құтқарамыз!

— Бұлар не бәлеге ұшырады екен? — деп сұрады Бенедикт ағай.

— Бұлар алдымен естерін жинасыншы, сосын өздерінің бастарынан кешірген уақиғаларын айта жатар,— деді капитан Гуль.— Бірақ бұларға алдымен су беріп, сосын аздап ром жұтқызу керек.

Ол сөйдеді де, камбузға қарап дауыстады:

— Негоро!

Ит Негороның атын естігенде, арқасын күжірейтіп сіресе қалды. Жүні тікірейіп, даусы көмескі шығып ырр ете түсті.

Аспаз көрінген жоқ, жауап та қайырмады.

— Негоро! — деп капитан Гуль даусын қаттырақ шығарып тағы айқайлады.

Ит бұрынғысынан бетер ашына ырылдады.

Негоро камбуздан шығып, палубаға көтерілді.

Негopo аяғын аттап басуы-ақ мұң екен, ит секіріп барып оның кеңсірігінен ала түсуге ыңғайланды. Португал камбуздан келдек ала шыққан екен, итті келдегімен құлаштай сілтеп періп жіберді. Екі матрос итке жармасып азар айырды.

- Сіз бұл итті білетін бе едіңіз?—деп капитан Гуль аспазға қарады.

— Мен бе? — деп қайтарып сұрады Негоро.— Бұл итті ешқашан көрген емеспін. Қайдан білем...

— Ғажап екен! — деп күбірледі Дик Сэнд.

Төртінші тарау

«ВАЛЬДЕКТЕН» ҚҰТҚАРЫЛҒАНДАР

Экваторлық Африкада құл саудасы әлі бар-ды. Англия мен Францияның соғыс кемелері теңіз жағалауын ұзына бойға күзетіп жүруіне қарамастан, Ангола мен Мозамбиктен тұтқын негрлер тиелген құл саудагерлерінің кемелері бұрынғысынша ағылып жататын-ды. Мәдениеті дамыған елдердің көбісінде «қара товарды» қажет қылушылар әлі де болса көп болатын.

Бұл жағдай капитан Гульге мәлім еді.26

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий