Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд білім алуға бар ықыласын сала кірісті. Ол әсіресе география мен саяхатшылар тарихына ерекше көңіл бөлді. Мектепте жоғарғы математика мен навигациядан12 сабақ берілмегеніне бала қатты қынжылды. Ол мектеп бітірген соң Джемс Уэлдонның кит аулайтын кемесіне матрос болып қызметке орналасты. Нағыз матрос болып шығу үшін, алыс сапарға қатынайтын кемеден гөрі, кит аулау кәсібінің маңызды екендігін Дик жақсы білді. Ойда жоқта тап бола кететін қиын жағдайларға тайсалмай қарсы тұра аларлықтай матростық мамандығына дайындалып жүрген жастар үшін кит аулайтын кемеде қызмет ету — тәжірибенің ең жақсысы еді. Сондай кеме өзінің қамқоршысы басқарып жүрген «Пилигрим» болып шықты. Сөйтіп, жас матросқа ең қолайлы жағдай болды.

Өзін оқытып адам еткен Уэлдон үй ішіне Диктің барынша борышты екенін, оларға Диктің шын берілгендігін айтып жатудың қажеттігі болмас. Миссис Уэлдон өзінің бөбегін ала «Пилигриммен» сапарға шығатынын естігенде, Диктің қатты қуанғаны да түсінікті. Миссис Уэлдон соңғы жылдары Диктің анасындай боп кеткен еді, ал Дик кішкентай Джекті өзінің бірге туған інісіндей көретін-ді.

Диктің бұл үйге шын берілгендігін және оған сенуге болатындығын миссис Уэлдон да білді. Жас әйелдің Дикке шын сенгендігі сонша, оның кішкентай бөбегі Джек соның қарауында болды. Өзін «ағасы» жақсы көретінін біліп бала да Дикке тығыла түсетін.

Ауа райы жақсы болып, ашық теңізде желкендердің бәрін желге кернетіп жүзген шақта, матростар көбінесе бос болатын. Дик Сэнд өзінің бос уақытының бәрін Джекті ойнатуға жұмсайтын-ды. Жас матрос баланы алдарқата жүріп, оған теңіз ісінің неше түрлі қызықтарын көрсететін.

Кішкентай Джек мачтаға шығып, төмен шүйілген бүркітше арқаннан ұстап палубаға қарай зымыраса, оған анасы қорықпай қарайтын. Бес жасар Джектің әлсіз қолы жазатайым арқаннан айрылып қалса, дереу ұстай алу үшін Дик үнемі әзір тұрушы еді. Ауыр науқастан жаңа ғана көтерілген балаға таза ауа мен дене шынықтыру ісі аса зор пайда етті. Теңіз желі мен күнделікті дене шынықтыру ісі баланың бордай бозарып кеткен өңін қысқа мерзімнің ішінде бұрынғы түріне қайта келтірді.

Жолаушылардың Жаңа Зеландиядан Америкаға қайту сапары осы сияқты тамаша жағдайда өте берді. Егер жел шығыстан соғып, кеме бет алған бағытынан бұрыс кетпесе, «Пилигрим» экипажы мен ондағы жолаушылардың бұл сапарға ренжірлік хақы жоқ-ты.

Дегенмен қасарысып қарсы соққан желдің сыңайы капитан Гульге ұнамады. Ол кемені бет алған бағытқа қарай тура жүргізудің амалын таба алмай-ақ қойды. Экваториалдық ағыстың кемені батысқа қарай айдап әкететінінен де қорыққан жоқ, тек қана ақырында тропиктік Козерог тымығына тап боламыз ба деп қауіптенді.

Сапарға ауа райының нашарлығы тосқауыл болды, әрине, бұған капитан кінәлі емес, әйтсе де миссис Уэлдонның жайын ойлап оның мазасы кетті. Егер Америкаға бара жатқан трансокеандық пароходтардың бірі «Пилигримге» кездесе қалса, капитан өз кемесіндегі жолаушы әйелді соған ауысып мінуге қайтсе де үгіттеп көндірер еді. Бірақ, сапарың қырсықса болмайды екен, бұл кездері «Пилигрим» жоғары ендікте жүрген-ді. Панамаға баратын пароходты бұл маңайдан кездесер деп үміттену қиын еді. Оның үстіне Австралия мен Жаңа Зеландия арасындағы қатынас соңғы кездердегідей жиі емес, өте сирек қатынайтын-ды.

Капитан Гульдің ендігі қолданатын шарасы, тек ауа райының өзгеруін күту ғана. Бір қалыпты өтіп жатқан теңіз саяхатшыларының көңіл-хошын ешнәрсе бұза алмайтын сияқты.

Әйтсе де, февральдің екісі күні, әңгімеміздің басында айтылып өткен ендік пен бойлықта ойда жоқ бір оқиға болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий