Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
7-топ қос қанаттылар (маса, шіркей, шыбын).
8-топ желпуіш қанаттылар (стилопс немесе желпуіш қанатты).
9-топ паразиттер (бит).
10-топ төмен сатылы жәндіктер (қабыршақ қанатты ұсақ жәндіктер).
Бірақ бір ғана қатты қанаттылардың түрі отыз мыңнан кем емес, ал қос қанаттылар алпыс мыңға5 жетеді. Сондықтан да жұмыс бір адамға артығымен жетіп жатыр.
Бенедикт ағайдың өмірі тұтасымен тек қана энтомологияға арналған. Ғылымның бұл тарауына өзінің күш-қуатын түгел бөліп еді ол, әйтсе де осы ғылыммен ояу кезінде ғана шұғылданып қоймай, тіптен ұйықтап жатқанында да есі-дерті сонда болатын, түсінде де өңшең ғана шыбын-шіркей көретін-ді. Жеңінің қайырмасына, бешпентінің өңіріне, қалпағының етегіне сан жеткісіз түйреуіштер шаншулы болады. Бенедикт ағай қала сыртына шығып серуендеп қайтқан кездерде, қалпағын көрер болсаңыз, шыбын-шіркей жинағының қоймасы екен дер едіңіз. Қалпағының іші-сырты бірдей түйреуішке шаншылған өңшең ғана шыбын-шіркей болатын.
Бұл қызық адамның сыр-сипатын суреттеп толықтыра түсу үшін қосарымыз, оның ерлі-зайыпты Уэлдондарға еріп Жаңа Зеландияға келгендегі мақсаты, тек қана энтомология ғылымы жөнінде жаңалықтар ашып, ғылым құмарлығының шөлін басу еді. Жаңа Зеландияға бару сапары сәтті болып, «қазынасын» бірсыпыра сирек кездесетін шыбын-шіркейлермен байытып алған, енді осы баға жеткісіз табыстарын өзінің Сан-Францискодағы үй музейіне апарып, іріктеп түрге бөлу үшін тез қайтуға асыққан-ды.
Миссис Уэлдон бөбегімен «Пилигримге» отырып елге қайтқанда, Бенедикт ағай да олармен бірге жолға шыққандығы, әрине, түсінікті.
Миссис Уэлдон, жазатайым қауіп-қатер төне қалса, Бенедикт ағай сүйеніш болар деп мүлдем ойламап еді. Енді, бір жақсы жері, жылдың осы бір маусымында мұхиттың тым қатты туламай тыныш жататын кезінде сенімді капитан басқарған кемемен рақаттана сайрандап еліне қайтатын болды.
«Пилигрим» ұдайы үш күн Оклендте тұрған кезінде миссис Уэлдон жолға қажетті шаруасын сақадай сай етіп дайындап алды. Енді кемені бөгемей тезінен жөнеп кеткісі келді. Жергілікті қызметкерлерімен есеп айырысып болды да, январьдың жиырма екісі күні кішкене бөбегі Джекті, Бенедикт ағай мен негр кемпірі Нанды ертіп «Пилигримге» келіп орналасты.
Бенедикт ағай өзінің арнаулы қаңылтыр қалбырға салып мойнына асып жүретін баға жеткісіз шыбын-шіркей коллекциясының6 ішінде қатты қанатты, көздері төбесіне біткен ет қоректі стафилин деген қоңыз да бар-ды. Ғалымдар оны күні бүгінге дейін тек қана новокаледондық фаунаға7 тән деп шамалап келген. Ол жақта шаққанынан адам өлетін улы өрмекші болады, оны Жаңа Зеландияның тұрғын халықтары — маорицтер «катипо» деп атайды. Олар Бенедикт ағайға сол өрмекшіні де ала кетіңіз деп мәслихат еткен. Бірақ өрмекші шыбын-шіркейлер тобына жатпайды, өрмекші тәріздестердің тұқымы өзіне басқа, улы өрмекшінің ғылым үшін ешқандай бағасы жоқ. Сондықтан да Бенедикт ағай өрмекшіні қомсынып коллекциясына қосқысы келмей, одан гөрі Жаңа Зеландияның стафилин қоңызын бағалы экспонат деп санады.
Әрине, Бенедикт ағай коллекциясын қамсыздандырып, ақша аямай тиісті жарнасын да төледі. Бұл коллекция оның үшін «Пилигрим» трюмінде жатқан бүкіл кит мұрты мен кит майынан анағұрлым бағалы еді.
Миссис Уэлдон жолдастарымен бірге кемеге келген кезде капитан Гуль жолаушыларға:
— Миссис Уэлдон, сіз мұхитты кесіп өту үшін «Пилигримді» таңдадыңыз ғой, бұл жауапкерлікті әрине, ұғатын боларсыз,— деді.
— Капитан Гуль, бұл сауалыңызды қалай түсінер екенбіз?
— Мен мистер Уэлдоннан ешқандай нұсқау алғаным жоқ, сондықтан сізге осындай сауал беруіме тура келді, бұл — бір. Екіншіден, шындығын айту керек қой, қауіпсіздік жайына келгенде, жолаушылар тасу үшін әдейі жабдықталған пакетботтан8 шкуна-бриг көп төмен.
— Егер Джемс Уэлдон осында болса ойланбай-ақ, баласын ала менімен бірге «Пилигриммен» сапар шығар еді, сіз бұған қалай қарар едіңіз?