Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біріншіден. Таудай адамның (Куинбус Флестрин деген сөзді осылай аудардым) камзолының оң жақ қалтасын әбден ұқыптап ақтарғанымызда сіздің сарайыңыздың үлкен залына кілем орнына төсеуге жарарлық дөрекі тоқылған мата табылды. Камзолдың сол жақ қалтасын ақтарғанымызда күмістен жасалған үлкен сандық таптық. Оның қақпағы да сол материалдан жасалған, сандықты көтеруге шамамыз келмеді. Біздің талабымызбен Таудай адам сандықты ашқан соң ішіне біреуіміз түсіп едік, біртүрлі үгіндіге тіземізге дейін батып кеттік. Үгіндінің шаңы ауаға көтеріліп, бізді бірнеше рет қатты түшкіруге мәжбүр етті. Желетінің сол жақ қалтасынан қабаттап мықты арқанмен бұған бір тай жұқа ақ тақтайлар табылды. Тақтайдың қалыңдығы үш адамның құшағы зорға жетерлік. Тақтайдың бетіне біртүрлі қара таңбалар салынған. Біздің шамалауымызша айна қатесі жоқ, жазуға ұқсайды. Әрбір қаріптің үлкендігі біздің алақанымыздың жартысындай болады. Желетінің сол жақ қалтасынан сіздің сарайыңыз алдындағы қоршауға ұқсаған ерекше бір сайман табылды. Оның арқасына жиырма дана ұзын-ұзын сырғауылдар орнатылған, ол сайманымен Таудай Адам шашын тараса керек деп шамаладық. Бұл біздің жобалауымыз ғана, өйткені Таудай Адамға қайта-қайта сауалдар беріп мазасын алғымыз келмеді және онымен түсінісу де өте қиын болды. Оң жақ үлкен қалтасынан орта жабудың (ранфуло деген сөзді осылай аудардым, олар шалбарды жабу деп түсінді) ұзындығы кісі бойы, іші қуыс темір діңгек көрдік. Діңгек өзінен анағұрлым жуан, қатты ағашқа бекітілген. Діңгектің бір жағында адам таңырқарлық сорайған темірлер бар, бұл заттың нендей орынға жұмсалатынын біле алмадық. Сол сияқты машина сол жақ кішкене қалтасынан да табылды. Оның оң жақ кішкене қалтасынан ақтылы-қызыл металдан жасалған ірілі-уақты дөңгелек заттар табылды. Ақ дискалар, күміс болса керек, оларың кейбіреулері өте үлкен және ауыр, біреуін екеулеп әрең көтердік. Сол жақ қалтасынан түрі ыңғайсыз үлкен екі қара бағана табылды. Қалтаның түбінде тікемізден тұрғанымызда бағананың басына қолымыздың ұшы әрең жетті. Бағананың біреуі тұтас металдан жасалған, екіншісінің бір жақ басында біртүрлі дөңгелек екі ақ зат бар. Әрқайсысының үлкендігі біздің басымыздай келеді. Біз мұны қауіпті құрал болар деп шамаладық. Оның нендей орынға жұмсалатынын Таудай Адамның өзінен сұрап едік, ол екі заттың екеуін де қынынан шығарып, - біздің елде мұның біреуімен сақал қырады, екіншісімен ет кеседі, -деді. Бұдан басқа Таудай Адамның тағы да екі қалтасы бар екен, ол қалталарға кіре алмадық онысын өзі сағат қалта деп атады. Ол екі қалтаны орта жабудың жоғары жағынан шығарыпты. Орта жабудың қалта тұрған жерін қарыны тіреп тұр. Оң жақ қалтасынан салбыраған әдемі күміс шынжыры бар, оның бір ұшы қалтаның түбінде жатқан ғажайып машинаға бекітулі екен. Біз одан шынжырдың қалта ішіндегі ұшында нендей зат болса да шығаруын талап еттік. Ол, бір жақ беті күмістен, екінші беті әлденендей жылтыр металдан жасалған шарға ұқсас зат екен. Оның мөлдір бетінің айналасынан біртүрлі ғажап белгілер көрінді. Сипап қараған едік, әлгі қатты затқа бармағымыз тіреліп қалды. Таудай Адам машинаны құлағымызға тақап еді, су диірмені дөңгелегіндей үздіксіз салдырлаған дыбыс естідік. Шамалауымызша, ол біз білмейтін біртүрлі мақлұқ болса керек немесе олардың бір бас иетін сиқыры болуы ғажап емес. Біз өзіміздің соңғы пікірімізді жақтаймыз. Неге десеңіз Таудай Адамның онымен ақылдаспай істейтін ісі өте сирек болатын көрінеді. Бұл затты ол өзімнің оракулім, былайша айтқанда, абызым деп атады және бұл зат өзімнің өмірім бойы аттаған сайын уақытты көрсетіп тұрады, деді. Таудай Адам желетінің сол жақ қалтасынан үлкен тор шығарды. Тордың көлеміне қарағанда балық сүзетін ау деуге болады, бірақ әмиән сияқты ашылып-жабылмалы етіліп жасалған. Тордың ішінен сарғылт сом металл табылды. Егер де ол таза алтын болса, онда үлкен қазына болуға тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий