Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт
-
Название:Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:39
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.
Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги
Менің бұл әрекетімнен ешқандай нәтиже шықпады. Дегенмен, қораптың тоқтамастан жылжып келе жатқанын білдім. Арада бір сағаттан астамырақ уақыт өткен шамада, оның тұтқа орнатқан қабырғасы бір затқа тірелгендей болды. Жәшіктің қатты шайқалғанына қарағанда, құзға соғылды ма деп зәрем қалмады. Сол арада бөлменің төбесіне арқан тасталып, арқанның шығыршықтан сырылдап өткенін анық естідім. Мұның соңында қораптың үш фут шамасы жоғары көтерілгенін сездім, Орамал байлаған таяқты тесіктен қайта шығарып, дауысым қарлыққанша айқайлап, жәрдем шақырдым. Менің бұл әрекетіме жауап ретінде үш рет айқайлаған қатты дауыс естідім. Сол сағаттағы жазып жеткізе алғысыз қуанышыма мендей халге ұшыраған адам ғана түсінуге тиіс. Бөлменің төбесінде жүрген аяқ дыбысы естілді, "мұнда кім бар, кім де болсаң жауап қайыр" деді бір адам, төбедегі тесіктен ағылшын тілінде айқайлап. "Тағдырдың зұлым апатына душар болған мен бір бишара ағылшынмын" деп жауап қайтардым. Кім де болса жалынышты сөзіме жүрегі жібіп, мені осы қараңғы түнектен құтқарар деген үмітпен жалбарына бердім. Менің жалынышты сөзіме, "Қазір ағаш шебері келіп тесікті аралап кеңітеді, сөйтіп сізді шығарып аламыз, қазіргі уақытта сіз қауіпті жағдайда емессіз, бөлмені кемеге байлап қойдық" — деген жауап қайтты. Іште тұрып мен: "бекерге еңбек сіңіріп уақыт өткізудің қажеттігі қанша, өйтіп әуреленгенше матростардың біреуі төбедегі шығыршықтан саусағын сұғып судан. жәшікті көтеріп алсын да, капитанның каютасына апарып қоя салсын" — дедім. Қисынсыз сөздерімді естіген бірсыпыралары есінен адасқан екен десті, енді бірсыпыралары қарқылдап тұрып күлісті. Шынында да, күш-қуаты мен бойы өзіммен пара-пар адамдардың арасында екенім есіме келмепті. Ағаш шебері келіп бірнеше минөттің ішінде тесікті аралап кеңітті де, ішке басқыш түсірді. Басқыштан басып үстіге шықтым. Осыған дейін әбден халім бітіп әлсіреген едім, сол күйімде кемеге көтерілдім.
Теңізшілер таң-тамаша қалып, тұс-тұсымнан сұрауды жаңбырша жаудырып жатты. Бірақ оларға жауап қайтаруға зауқым шаппады.