Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кітапты жазған автордың пікірінше адам баласының табиғат құбылысынан және жабайы аңдардың қаһарлы шабуылынан қорғанарлық қабілеті жоқ. Жабайы аңдардың өзгеше қасиеттері бар. Олардың кейбіреулері орасан күшті, біреулері оралымды, шапшаң, енді біреулері сақ әрі қырағы, тағы біреулері еңбек сүйгіш. Соңғы жүз жылдар ішінде табиғат та азғындап, адам тұқымы да азғындап кеткен. Оның пікірінше алғашқы дәуірде жалпы адам тұқымы ірі болған соң, ішінде орасан ірі, алып адамдар да өмір сүрген деп айтуға болатынын келтірген. Бұған тарих пен аңыз, әңгімелер, жер

қазған уақытта корольдіктің бірсыпыра облыстарынан табылған адамның ірі-ірі сүйектері куә бола алады. Ол сүйектер осы күнгі азғындап кеткен адамдар сүйегінен анағұрлым ірі.

Менің ол елде тұрғаныма екі жыл толып, үшінші жылға аяқ басқан уақытта, король мен ханым Глюмдальклич екеуімізді ертіп мемлекеттің оңтүстік жағын аралайтын болды. Мені өзім тұратын жәшікпен алып жүруге ұйғарды. Жәшікті ат үстіне алып жүрген уақытта өзіме жайлы және дем алуыма қолайлы болсын деп жібек арқанмен төбесіне аспалы төсек іліп қойдық. Күн ысыған уақытта ішке салқын ауа кіріп тұруы үшін жәшік төбесінен, аспалы төсек ілінген жердің дәл астынан тесік тестірдім. Өзім тілеген уақытта ашып-жабу үшін тесікке ысырылмалы қақпақ жасаттым.

Жолға шығып межелеген жерімізге жеттік. Теңіз жиегінен он сегіз миль жерде Фленфласник қаласының маңында король сарайы бар екен. Сол сарайда король бірнеше күн кідіретін болды. Жол азабы Глюмдальклич екеумізді әбден шаршатқан еді. Мен аздап тұмауратайын дедім. Қыз байғұс қатты ауырып, бөлмесінен шыға алмай қалды. Менің мұхитты көргім келіп, аңсарым ауды да тұрды. Өйткені менің бостандықта өмір сүруім тағдырда жазылып, бір уақытта қаша қалсам, бірден-бір құтылар жолым осы мұхит қана болатын. Науқасым үдеп кетті. Теңіздің таза ауасын жұтсам жеңілденіп қалмас па екем, өзімнің жақсы көретін қызметкеріме қосып жіберіңіз деп Глюмдалькличке жалындым.

Бұдан бұрын ол қызметкерге сеніп мені әлденеше рет жіберген болатын. Бұл жолы Глюмдалькличтің жібергісі келмей өте қынжылғаны әлі есімде. Ол бір жасырын жайды сезген адамша көзіне жас алып, мені көзіңнің қарашығындай сақта деп қызметкер балаға қайта-қайта тапсырды. Бала мені жәшігіммен көтеріп жарым сағат жол жүргеннен кейін теңіз жағасындағы шыңға жетті. Сол араға қойғыздым да, бір терезесін ашып теңіз суына мұңая қарадым. Тынышым кете бастады, "ұйқым келді" дедім балаға. Маған ұйқы тыныштық әкелетіндей көрінді де тұрды. Аспалы төсекке шығып жатқан соң көп кешікпей ұйықтап кеттім. Шамалауымша, қызметкер бала маған салқын тимесін деп есік-терезені бекітеді де, ұйқы үстінде қауіпті уақиға бола қоймас деп ойлап, тас қуысынан құс жұмыртқаларын іздеп кетсе керек.

Бір уақытта жәшіктің кенеттен сілкінген екпінінен оянып кеттім, оның төбесіндегі шығыршықтан біреу тосыннан тартып қалған тәрізді болды. Мен жәшіктің жоғары көтеріліп, одан соң шамадан тыс шапшаңдықпен кетіп бара жатқанын сездім. Жәшік алғашқы сілкінгенде аспалы төсектен құлап қала жаздадым. Бірақ сәлден соң қозғалыс бір қалыпқа келді. Бар даусыммен бірнеше рет айқайлап та көрдім, оным нәтижесіз айқай болды. Терезеден қарап едім, көгерген аспан мен мұнарланған бұлттар ғана көрінді. Ұшқан құстың қанат қаққаны тәрізді төбемнен зуылдаған дыбыс естілді, халімнің нашарлай бастағанын сездім. Жәшіктің шығыршығынан тұмсығымен көтеріп бара жатқан бүркіт болса керек. Бүркіттер тасбақаны тырнағымен бүріп алып ұшады да, жоғарыдан тастап жібергенде, тасбақа тасқа соғылып уатылған соң ішіндегі етін алып жейтін еді. Мені де сол сияқты көтеріп бара жатыр екен деп зәрем қалмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий