Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұлов ойланып қалды. Қабырғаға ілулі тұрған Түркістанның картасына қарады. Карта ескі еді. Генерал-губернатор Куропаткиннен қалған карта болатын. Рысқұловтың ендірген өзгерісі–Түркістанды қызыл қарындашпен қолдан бояп қойған еді.

– Әкеңіз Пішпекте тұрса, әрі десе фон Таубе оны алысқа айдамаса... Верный ма? Әулиеата ма?

Рысқұлов бұл жұмбақтың шешуін таппай, тек иығын қозғап қойды.

– Таппадың, Тұрар, таппадың! – деп Фрунзе жас балаша мәз болды. – Әлгіде өзің айтқан Мерке ше?

– Мерке?!

– Иә, Мерке. Соның дәл өзі.

– Апыр-ай, Меркеге де жер аударады екен-ау. – Рысқұлов жалма-жан айдай жазық маңдайын алақанымен баса қойды, – Мен не деп отырмын? Әрине, жер аударады! Менің мұғалімім Андреев деген кісі Петербургтен Меркеге жер аударылған.

– Ә-ә, көрдің бе? Петербургтен! Ал Пішпек деген Меркеге тиіп тұр ғой...

– Қызық екен.

– Қызығы шамалы, Тұрар Рысқұлович, – деп Фрунзе сәл мұңайып қалды. Көкшіл көздерін мұнар басты. Жасаураған да сияқты. Орнынан тұрып кетіп, терезе жаққа барды. Нәл қаққан етігінен кабинеттің едені сықырлады. Гимнастеркасын қынай буған жалпақ белдікке саусақтарын сұғып жіберіп, үстелден есікке дейін, есіктен үстелге дейін теңселіп жүрді де қойды. Еден сықырлайды. Генерал-губернатор Куропаткин дәуірінде бұл еденде кілем жатушы еді. Рысқұлов оны детдомға бергізіп жіберген.

Фрунзе теңселіп жүре береді, кілемсіз еден сықырлайды. Орнынан Рысқұлов та тұрды. Дәл қазір Ташкентте, ТуркЦИК төрағасының кабинетінде тұрғаны болмаса, ой-санасы бала Тұрардың астанасы – Мерке шаһарын аралап кетіп еді.

Фрунзе Рысқұловқа бетпе-бет келіп:

– Менің әкемнің қабірі Меркеде жатыр, – деп сыбырлады.

– Бірінші рет естіп тұрмын, Михаил Васильевич...

– Әрине, бірінші рет естисің. Оны кім біледі? Меркенің іргесіндегі зиратта белгісіз жатқан бір қабір. Басындағы ағаш кресі де тозған шығар. «Василий Михайлович Фрунзе» деген жазуы да өшіп қалмаса нетсін.

Рысқұловтың жүрегі бүлк ете қалды. Тұла бойын бір дүлей соғып өте шыққандай болды. «Талас бойында, Ойық даласында менің әкем Рысқұл да белгісіз бір молада жатыр-ау... Басына белгі қоя алмаған жалғыз ұлдан не қайыр?!»

Рысқұловтың реңі өзгергенін байқаған Фрунзе оны өзінше түсінді.

– Әрине, бірінші рет естідің. Мен ешкімді де кінәламаймын. Әкелер рухы бізді кешіреді. Өйткені біз революцияның әділет жолында жүрдік.

– Әкелер рухы азаланбаса жарар еді, – деп Рысқұлов арқасынан зілмауыр жүк түскендей жеңілейіп қалды.

– Бәрі де әлгі фон Таубеден шығып кетті ғой, – деп Фрунзе жайдары қалпына түсе бастады. – Сол фон Таубе Жетісудың губернаторы болып тұрған заманында, бір күні Пішпекке келеді күймесін қоңыраулатып. Қаланы аралап жүріп, ауруханаға көз салады. Қараса, кейбір койкаларда орыстармен аралас қырғыздар да жатыр екен. Губернатор қасқыр көрген ешкідей ежірейіп, шошып кетеді.

– Мыналар кім? – деп айқайды салады.

Аурухананың дәрігері менің әкем болатын.

– Бұлар қырғыздар, жоғары мәртебелі мырза, – дейді ол. – Ауру қырғыздар.

– Жоғалт көздерін! – деп ақырды губернатор. – Аурухананы малқораға айналдырып жібергенсіңдер!

– Олар да адам ғой, жоғары мәртебелі мырза, – дейді әкем.

– Ендеше, өзің жоғал!

Сөйтіп, Меркеге айдап жібереді. Ал Меркенің ол кезде қандай екенін өзің білесің, Тұрар Рысқұлович. Көрдің бе, сөйтіп екеуміздің әкеміз де губернатордың тепкісінен жапа шеккен. Тегінде губернатордың қырына оңай адам ілікпейді ғой.

– Рас айтасыз, Михаил Васильевич, панасыз қырғыздарға жаны ашып, ара түсу де ерлік. Әлі күнге дейін біздің кейбір коммунист жолдастардың қолынан келмейтін ерлік.

Екеуі де үнсіз. Екеуі де әкелерін көз алдарына келтіріп, алысқа, артта қалған жылдардың ар жағына көз тігіп отырған сияқты.

Сәлден соң Фрунзе тіл қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий