Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді, міне, көрісті. Бір-бірінің қолын қатты қысты. Бойы Фрунзеден сәл аласалау болғанмен, Рысқұловтың денесі шымыр, қолы қарулы екен.

Михаил Васильевич өзінің ескі достары Куйбышевпен, Элиавамен құшақтасып көрісті. Голощекиннің тек қолын алды да, тез Рысқұловқа бұрылып:

– Міне, мен туған Түркістанымдамын! – деп қолдарын шаттана жайып жіберді. Сол құшаққа Түркістанды түгел сыйдырып, құшақтаған тәрізді.

– Жолдан шаршаған шығарсыз, жүре сөйлесейік, Михаил Васильевич, – деп Рысқұлов перронның іргесінде тізіліп тұрған автомобильдердің алдыңғысын меңзеді.

Машиналар орнынан қозғала бергенде, оркестр үні үзілді. Екінші машинада келе жатқан Филипп Голощекин қатарындағы Куйбышевке шапшаң бұрылды:

– Рысқұлов бұл жерде де алдымызды орап кетті, – деп тыжырынды.

– Филипп Исаевич, енді қалай ойлайсыз? Сіздіңше, Фрунзе бізбен бірге бір машинада болып, Рысқұлов жалғыз қайтуы керек пе еді? – деп алдыда отырған Шалва Элиава артына бұрылып қарады. Голошекиннің шоқырайып тұрған тізесін сол қолымен басып-басып қойды. – Қорықпаңыз, Фрунзені пантюркистке айналдыру қиын. Әрі десе, Рысқұловтың өзі де сіз ойлағандай, қызылкөз пантюркист емес.

– Ол мүмкін емес, – деп Элиаваны Куйбышев қолдады. – Мұсылман коммунистерінің ішінде аса таланттысы Рысқұлов. Мұны көрмеуге болмайды. Рас, ұлттық мотивтерге көбірек ден қойып кететін осалдығы да бар.

– Онда кешегі партконференцияда оның жақтастары белең алып кеткенін немен түсіндіресіз? – деп Голощекин машинаның іргесіне тығыла түсті. Элиаваға да, Куйбышевке де өкпелеген түрі бар.

– Ол әлі шешілетін мәселе. Фрунзе келді. Бәріміз бас қосып, ақылдасып шешетін мәселе, – деп Элиава Голощекиннің тізесін тағы да басып қоймакшы еді, анау ұзын аяқтарын тас шегірткенің аяғындай сарт еткізіп, жиып ала қойды. Элиава күліп жіберді:

– Бала сияқтысыз, Филипп Исаевич, тез өкпелейсіз. От пен судан өткен революционер де сөйте ме екен? Уақыт сізді тым қаталдандырып, тым сезіктенгіш етіп жіберген.

– Иә, иә, айта түсіңіз Шалва Зубарович, – деп Голощекин сақалы селкілдеді. – Мен сезіктенгіш болмасам, Екінші Николай ендігі тұтқыннан құтылып, өзінің тілеулестерінің ортасында отырар еді. Ал Екінші Николайдың тілеулестері жоқ деп ойлайсыз ба?

– Оның рас, Филипп Исаевич, Николай патша десе, әлі етегі жасқа толып еңірейтіндер бар. Ал Түркістан жағдайы бір басқа. Түркістан басшыларымен тіл табыса білу керек деген Ленин қағидасын ұмытпаған жөн, жолдас Голощекин, – деп Элиава қатқылдау қайтарып тастады.

* * *

– Сөйтіп, екеуміз тіптен жақын жерлес болып шықтық-ау, Тұрар. Мен Пішпекте туып, Верныйда өстім. – Фрунзе Рысқұловқа жымия қарағанда көздерінің айналасы қобызша жиырылып, қайратты қысқа шашы тікірейе түсті. – Мен гимназияда оқып жүрген кезде, Тұрар, сен Талғарда болдың-ау, сонда. Жаңағы әңгімеңе қарағанда, Верный түрмесіне 1905 жылдың басында түскенсің. Ол кезде мен Петербургте едім.

– Әрине, «қанды жексенбіні» көрдіңіз...

– Көргенде қандай! Сол сойқанның арасынан өзім аман шыққанмен, жаным жаралы еді. Жатақханаға келе сала алыстағы анама хат жазғаным есімде: «Мама, сенің менен басқа Костя сынды ұлың және қыздарың бар. Тоғызыншы қаңтарда аққан қанның ақысы бар. Тәуекелге бел байладым. Мақсат айқын. Жан-тәніммен революцияға берілдім. Мен туралы қандай хабар естісең де таңғалма. Мен таңдап алған жолдың соқпағы көп...» – деп жазғаным есімде.

– Ал дәл сол кезде менің әкем Саймасай болысты атып өлтіріп, түрмеге түсті, – деп Рысқұлов үлкен үстелді айналып, Фрунзенің қарсысына келіп отырды. – Саймасай болыс өзіңіз білетін губернатор фон Таубенің ең жақын досы еді.

Фрунзе кенет Рысқұловқа бағжия қарап қалды.

– Фон Таубе дедің бе?! – деп даусы оқыс шығып кетті. – Әрине, білем! Фон Таубе. Ол сенің әкеңді Сахалинге айдаса, менің әкемді аса алысқа айдамаған. Білесің бе қай жер екенін? Ал тапшы кәне?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий