Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір сөзбен айтқанда, идальгомыз кітап оқуға басы бүтін беріліп, таңның атысынан күннің батысына шейін, күннің батысынан таңның атысына шейін кітап оқып отыратын; өстіп, көп оқып, аз ұйқтағандықтың қырсығынан миы кеуіп, ақыр аяғында ақыл-есін жоғалтып тынды. Оның түсінік-пайымын өзі кітаптардан оқып алған: көз байлау мен дуалау, өзара қырқысу, шайқас, жекпе-жекке шақыру, жарақат алу, ғашықтығын білдіру, махаббат қызығына берілу, жүректің күйіп-жануы секілді ақылға сыйымсыз алуан сандырақ жаулап алды және осынау қисапсыз да қисынсыз өтіріктің бәрі де өмірде болған жайлар деген ойдың басында берік орнығып алғаны сонша, енді оған осынау айдай әлемде бұдан артық ақиқат шындық жоқ секілді көрінетін болды. Сид Руй Диас өте жақсы рыцарь, бірақ ол жексұрын да қатыгез екі дәуді семсерін бір-ақ сілтеумен қақ бөліп тастаған Отты Семсер Рыцарының қасында түк емес, дейтін ол. Жер перзенті — Антейді темір құрсау құшағына қысып тұншықтырып өлтірген Геркулестің айласын қолдану арқылы жадыланған Роландты Ронсеваль шатқалында мерт қылғаны үшін Бернардо дель Карпионы құрмет тұтатын. Дәулердің тәкаппар да бұзақы тұқымынан тарағанымен, басқаларының арасында сыпайылығымен және барынша кішіпейілдігімен ерекшеленетін жалғыз сол ғана болғандықтан, Морганттан да мақтау сөзін аямайтын. Басқаларының бәрінен де гөрі ол Ринальд Монтальванскийді айрықша құрмет тұтатын, әсіресе оның қамал-сарайдан шыға салған бойда жолында кім кездессе соны тонауға кірісетін қасиетіне, немесе теңіздің арғы бетіне барғанда, автордың айтуынша, Мұхаммедтің тұтастай алтыннан құйылған пұтын алып қашып кеткеніне тәнті болатын. Ал, сатқын Ганелонды сілейтіп сабаудың өтемі үшін біздің идальгомыз өзінің күтушісіне қосып жиен қарындасын да бере салуға дайын еді.

Сөйтіп енді осылайша ақылдан біржола адасқан шағында, оның басында әлемдегі бір де бір есіріктің қаперіне кіріп-шықпайтын қияли ой пайда болды, яғни: өзінің де зор даңққа бөленуі үшін, отанының да жақсы атын шығару үшін кезбе рыцарьға айналғаны жөн және бұл мейлінше қажет нәрсе деген тұжырымға келді; сөйтіп, атқа отырып, қолына қару алып шытырман оқиғаларды іздеуге аттанбаққа, кезбе рыцарьлардың, кітаптардан өзі бек жақсы білетіндей, әлемді аралап жүріп атқаратын әдеттегі істерімен айналыспаққа, ашып айтқанда, әділетсіздік атаулыны түп-тамырымен жоюға және не түрлі кездейсоқтық, қауіп-қатермен күресте өзіне мәңгі өлмес атақ пен құрмет табуға бекінді. Бекінген бойда-ақ бұл бейбақ өзінің болашақ ерлік істері үшін ең аз дегенде Трапезунд патшалығының тәжін басына киетіндей сезімді бастан кеше бастады; сөйтіп, айтып жеткізгісіз жан рақатына бөлеген осынау қуанышты қиял-арманның жетегіне біржола берілген ол ойға алған мақсаттарына жетуге асықты. Ең алдымен қолға алған шаруасы — ата-бабаларынан қалған, бір заманда қалай болса солай бір бұрышқа тастай салынған, тат басып, зең жапқан сауыт-саймандарды тазалау болды. Бұларды аса мұқият түрде тазалап, қалпына келтірген кезінде аса маңызды бір нәрсенің жетіспейтінін байқады, анығырақ айтқанда: бет жабар қалқаншасы бар дулығаның орнында әдеттегі шошақ төбелі темір қалпақ қана жатыр екен; бірақ сол арада табиғи епсектігі әжетке жарап кетті: картоннан жарты дулыға жасап оны темір қалпаққа әкеп бекітті, сөйтіп онысы беті жабық дулығаға ұқсап шыға келді. Алайда, жасырып неғыламыз, жаңа дулығасының беріктігі мен орнықтылығын тексермек үшін семсерін суырып алып соғып-соғып қалғанында, алғашқы соққысының өзімен-ақ бір апта бойғы еңбегін қас қағымда талқан қылды; бет жабарының қалайша оп-оңай пәрша-пәрша болғаны оны, әрине, онша қуанта қойған жоқ, сондықтан болашақта мұндай қатерді болдырмау үшін ішіне темір пластиналар салып оны қайта жасап шығарды. Ақыр соңында оның беріктігіне көңілі ырза боп, одан арғы сынақтарды артық санап, пайдалануға әбден жарамды деп тапқан ол бұны ғажайып шеберлікпен жасалған, кәдімгі бет жабары бар дулыға деп шешті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий