Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Назар аударуға тұрарлық нәрсе, аталмыш идальго қолы бос уақытының бәрін, — ал, оның жыл бойы дерлік қолы бос болатын, — рыцарьлық романдарды оқуға жұмсайтын және бұған жан-тәнін салып, бар ықыласымен берілгені сонша, аң аулауға деген құмарлығын ұмытқаны өз алдына, үй шаруасына қарауды да былай қойған-ды; осындай кітаптарға әуесқойлығы артып, есін жоғалтқаны сондай, соларды қолға түсіру үшін егістік жерінің бірнеше десятинасын сатып та жіберді, сөйтіп табылуы мүмкін болған барлық романды жинап алды. Ал, өзі әйгілі Фелисьяно де Сильваның жазғандарын жанына айрықша жақын тұтатын, өйткені оның қызыл сөзді қуырдақша қуыратын сиқыры мен айтар ойының адам түсініп болмайтын бұралаңдығы шеберліктің шыңындай боп көрінетін, әсіресе сүйіспеншілік сезімін білдіретін хаттар мен жекпе-жекке шақыруларға қатысты жазғандарынан мынадай сөздерді жиі кездестіруге болатын: “Менің ақылды дәлелдемелеріме қарсы бағытталған сіздің ақылсыздығыңыздың ақылдылығы бәрібір менің ақыл-ойыма ауыр әсер қалдырғандықтан сіздің мәртебеңізге қарсы шағым айтуыма тура келетіндігін әбден ақылды іс деп білемін”. Немесе мынадай жолдарды да жолықтыруға болады: “...құдіреті күшті жаратқан жұлдыздардың көмегі арқылы өзіңіздің жаратқан иеміз тарту еткен қасиеттеріңізді құдіретті түрде аспандатып, бойыңызға біткен қасиеттерге лайықты етіп одан әрі қасиеттендіреді”.

Осындай сөз орамдарынан басы қатқан бейшара кавальеро оның мағынасын табуға, не айтпақ болғанын ұғынуға талпынып талай түнді көз ілмей өткізетін, ал расында тіпті Аристотельдің өзі осы үшін арнайы тіріліп келген күнде де, оның жұмбағын шешіп, түсініп оқи алмас еді. Сондай-ақ, дон Бельянис дарытқан немесе соның өзіне дарыған соққылар да оны тыныш таптыра алмады, себебі рыцарьға ем жасаған дәрігерлер қаншама шеберлік көрсеткенімен, оның ойынша, рыцарьдың беті мен бүкіл денесін тыртықтар мен жарақат іздері жауып тұруға тиіс-тін. Солай бола тұрғанымен, кітабын ащы ішектей созылған осынау ұшы-қиыры жоқ хикаяны одан әрі жалғастыруға уәде беріп аяқтағаны үшін авторға ырзалық білдіретін, тіпті қолына қалам алып автор үшін аяқ жағын жазып тастасам ба деп те әлденеше мәрте құлшынған; егер одан гөрі маңыздырақ және күндіз-түні маза бермей жүрген басқа бір мәселелер ойын бөліп кетпегенде, бәлкім, осылай етеріне де және бұл істі ойдағыдай орындап шығарына да еш күмән жоқ-ты. Ол өзі жергілікті священникпен, — барынша білімді, Сигуэнсте ғылыми дәреже алған адаммен, — қай рыцарь мықты: Пальмерин Английский ме әлде Амадис Галльский ме дегеннің төңірегінде жиі-жиі айтысып қап отыратын. Алайда, сол селодағы шаштараз маэсе Николас ол екеуінің Фебтің рыцарына жуықтаса да алмайтынын, ал бұнымен теңессе тек Амадис Галльскийдің інісі дон Галор ғана теңесетінін айтып бой бермейтін, себебі ол бар жағынан да артық біткен: бәлсіну дегенді білмейді және ағасы секілді жылауық та емес, ал батылдығы жағынан одан асып түспесе кем түспейді, дейтін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий