Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қоңырқұлжа кілем боқшантайға тағы да қолын созды. Бір қағазды алып тесіле оқыды. Бұл полковник Талызинның ең соңғы жарлығы еді. «Осы жарлықты алысымен көтерілген ауылдардың мақсатын білу қажет, райларынан қайтпаса, қан жұтқызып басу үшін жиырма төрт сағаттың ішінде сол ауылдар-

ға өзіңнің балаларыңды жіберуіңізді ақырғы рет бұйырамын. Бұл жарлықты сіз бұлжытпай орындауға тиістісіз», — деген сөзді оқып шықты.

Қоңырқұлжаның онсыз да қара қоңыр жүзі енді тіпті қошқылданып кетті. Қараөткел бекінісіндегі бәйбішесі Қайнисаның үйінен әдейілеп арнап тоқалының аулына да осы жарлықтың әлегімен келген. Аға сұлтанның Омбыдағы кадет корпусында оқып жүрген Жәнәділ, Шыңғыс деген екі баласы бар. Қоңырқұлжа бұларды патша қызметі үшін қауіп-қатерлі Кенесары ауылдарына жібермек түгіл, аждаһаның апанына да жұмсауға шімірікпейді, тек... балалары айтқанын орындай ма, гәп сонда. Жәнәділ үлкен бәйбішесі Қайнисадан, Шыңғыс екінші әйелі, Уәлиханның немересі Аққағаздан туған. Жәнәділ ынжық, қорқақ, бірдеңеге берілсе тез ат құйрығын кесе алмайтын босаң. Ал Шыңғыс шаш ал десе бас алатын қатал, әрі өжет, әрі батыл. Жәнәділ салпы ауыз қара. Шыңғыс нағашы жұртына тартқан ақсары, шегір көз. Төре тұқымының жанжалшыл, ұр да жық мінезінің бәрі де бойына біткен. Жастығына қарамастан ел арасындағы дау-жанжалға да араласа бастаған. Былтыр есаул Лебедев Балқаш көлінің тұсында көшіп бара жатқан Сейтенді қолға түсіргенде тілмаш болып барған да осы Шыңғыс. Ал Жәнәділде бұл жігердің бірі де жоқ. Бір биеден ала да, құла да туады деген міне осы. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді. Өз қолымен ажалға айдап салуға бар, бірақ төркіндері мықты, адуынды әйелдерінен ғана именіп жүр...

Қоңырқұлжаның көзі қайтадан жас тоқалына түсті. Бұл жолы бағанағыдай емес, шүңірейген кішкентай көзінің түбінде бір қияпат ашу ойнай жөнелді. Жас тоқалының бетіне тесіле қарап, ішіп-жеп барады. «Мынау тығыршық төс, бөлек бөксе кімді болса да қызықтырар... Осы сұлу тоқалы баласы Шыңғыспен көңілдес дегенді бәйбішесі Қайниса көптен бері құлақ-қағыс ететін. Аққағазды жек көретін, күндес қатынның шері ғой деп Қоңырқұлжа бұл сөзге бәлендей көңіл қоймайтын. Алайда тоқалының қасына бір жансызын тыңға қойған. Сол жансызы жақында мұның өсек емес, шын екенін айтқан. Бұл суық хабарды естіген шақта қанша бұлқан-талқан болып ашуланғанмен, өш алуға келгенде айлақор, үндемей бас салатын сабырлы аға сұлтан табанда шу шығармай «тұра тұр бәлем!» деп іштен тынған да қойған. Сөйтіп ызаға үнсіз жанып жүргенінде екінші бір сұмдықты тағы естіген. Үлкен баласы Жәнәділ осы кіші тоқалының аулындағы бір төлеңгіттің қызына ғашық екен. Қыз да мұны жақсы көреді-міс. «Егер әкем айттырып бермесе, осы қызды нағашым аулына, немесе Омбыға алып қашам», — дейтін көрінеді Жәнәділ..

Бұл хабарды естігенде Қоңырқұлжа тіпті күйіп кетті. Аға сұлтанның баласы қарашының қызын алмақ деген не сұмдық! Қоңырқұлжа кіші шешесінің қойнына барып жүрген Шыңғысқа да мұндай ашуланып көрген жоқ, ал бұл жолы... Жәнәділді жедел шақыртып алдыртты да:

— Сенің қарашының қызы, әбдіуақит төлеңгіттің Күмісін алам дегенің рас па? — деді екі көзі қанталап.

Жайшылықтағы ынжық, қорқақ Жәнәділ сірә Күмісті шын жақсы көретін болуы керек, күтпеген жерден табандылық көрсетті. Әкесіне тіке қарай алмаса да, қызға берген уәдесінен таймады.

— Рас.

— Ал сен бүкіл Ұлытау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгірдің қожасы Ерденнің кіші қызын саған айттырғанымды білмейсің бе?

— Білемін. Ол қызды Шыңғыс алсын...

— Ей, не малтаңды езіп тұрсың өзің? «Шыңғыс алсының» қалай?! Қатынды саған айттырамын да, алатын Шыңғыс болғаны ма?

Жәнәділ төмен қарап міңгірледі.

— әкесінің жас тоқалына барғанда, ағасының қалыңдығын ала алмай ма?.. Алсын. Мен Күмістен бөтен ешкімді алмаймын. Алдырмасаң бауыздалып өлемін.

Қоңырқұлжа күйіп кетті. Жәнәділді бас салып тепкілейін десе, Зейнеп пен Шыңғыстың арасын жұртқа жаяр деп қорықты. Ашудан өзін өзі әзер ұстап:

— Шық үйден! — деуге ғана мұршасы жетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий