Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Үш күннен кейін Үлы жүз әскерлерінің қоқандықтармен ұрысы Түркістан шаһарының күншығыс жағында басталды. Қоқан әміршісі Әлім хан жұртты өзі ерте білгенменен, соғыс тәсіліне қанықпаған, әскери тәжірибесі аз жігіт еді. Божбан ауылдарына жіберген тыңшылары арқылы Абылай ордасында болған оқиғаның бәрін білген. Өзіне қандай қолдың қарсы шығатынын да естіген. Тек білмегені — Абылай мен Елшібек батырлардың төрт мың қолмен бір бүйірінен Ташкент шаһарына қарай өтіп кеткені ғана еді. Артында жау бар деп ойламаған Әлім хан мен кәрі тарлан Ерден батыр бар әскерін Түркістан тұсына төккен. Алпыс сана қолға ие болған жас хан Ұлы жүз әскерінің бетін қайтарысымен, олардың соңынан қуып берді. Бөкей, Сағыр, Жабай басқарған жасақтар, көшпелі елдің ежелгі тәсілін қолданып, ұстатпай, құр шегінген де отырған. Тәжірибелі Ерден батырдың «бос қуа берудің қажеті болмас» дегеніне қарамай, жауынгерлерінің көптігіне сенген Әлім қазақ жігіттерінің соңынан қалмаған. Сөйтіп олар өздерінің артқы шебінен тіпті алыстап кеткен.

Бұл кезде Абылай мен Елшібек басқарған төрт мың қол Ташкентке кеп тиді. Ташкент қорғаншылары қарсы тұра алмады. Бұлардың көбі хан әмірімен, күн көріс шаруасынан амалсыз қол үзген қала жатағы, жалғыз атты диқан, не болмаса әлі сойыл сілтеуді жөндеп үйренбеген, тек батырлардың кеу-кеуімен «шапқыншыларды қырып салмақ» болған бала жігіттер еді. Бұлар қазақ атты әскерінің тегеурініне шыдай алмай, шаһар кілтін Абылайға әкеп тапсырды.

Ал Түркістанды ала қоямыз деп лепіріп келген қоқандықтардың негізгі күші кенет шегінуін тоқтатып, табан тіресіп тұрып алған қазақ әскеріне төтеп бере алмады. Жан-жақтарынан жапа-тармағай сан рет ат қойса да, сай-салаға бекініп алған Дулат, Жалайыр, Үйсін жігіттері жауды маңына жуытпады. Қардай бораған садақ жебесі мен пілтелі мылтықтың оғына шыдай алмай, қоқандықтар жел үрлеген шөптей, кейін қарай сан рет жапырылды. Кейде тіпті қазақтың салт атты жауынгерлері өздеріне қарсы дүрсе қоя беріп, көп жігіттерін найзамен түйреп жер құштырды. Ұрыс осылай үшінші күнге созылды. Өздерінің көптігіне сенген қоқандықтар, енді ақырғы айқасқа дайындалған. Дәл осы сәтте «Ташкентті Абылай хан басып алыпты!» — деген хабар жетті. Бұған қоса «Бұқар жырау барып азғырып, Ташкент маңындағы Қаңлы ауылдары тағы қазақ жағына шығып кетіпті. Абылайға көмекке Арқадан көп әскер келе жатыр-мыс» деген суық сөз тарады.

Әлім хан мен Ерден батыр Ташкентті Абылайдың алғанына көздері жеткеннен кейін, енді өздері қашуға мәжбүр болды. Әлім мен Ерден Абылайға елші жіберіп бітімге келуін сұрады. Абылай жұртты енді дүрліктіре берудің керек еместігін еске алып, тез-ақ бітімге келді. Бұл бітім сол бұрынғы бітімді күшінде қалдырды. Тек қоқандықтар осы жолғы соғыс шығындарын толық төлейтін боп келісілді. Және қарамағындағы қазақ руларынан алым-салық алмайтын боп уәделесті.

Осылай өздеріне тиімді бітімге қол жеткізіп қазақ жауынгерлері Қаратауға қайтты.

Шат-шадыман қалың қол. Борт-борт желген кілең сәйгүлік қазақы жылқы. Абылайдың ақ туын көтерген қалың қолдың алдында бір топ жас жігіттер.

Бұлардың мінгендері жал-құйрығы түйілген қамыс құлақ, бөкен сан жүйрік, не болмаса құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. Олардан кейін Бұқар жырау, Елшібек, Сағыр, Бөкей, Жабай батырлар қоршаған хан Абылай. Астында омырауы салақұлаш, жотасы тақтайдай құйма тұяқ қара көк; қатты аяң майда желіспен әлде нені әңгіме етіп, қарқ-қарқ күліседі. Бөрінің де жүзінде шаттық, қоржындары тоқ. Тек бір-ақ адамның қас-қабағы жабыңқы. Әлсін-әлсін ұзын мұртының ұшын тістеп, әлдекімге азуын басын келе жатқандай, алға қарай сабырсыздана ентелей жортады. Анда-санда Абылайды ту сыртынан оқты көзімен ата қарайды. Бұл — морт мінезді, ханға деген ашуы өлі тарқамаған Қоңыраттың батыры Қаныбек еді. Қос батырдың біреуі жау қолынан жарақаттанып хал үстінде елге қайтқан. Қоңырат жігіттерінің алдында Қаныбек жалғыз өзі. Соңындағы жігіттер бір-біріне сыбырлап қана сөйлеседі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий